Тақырыбы:Мен мектепке
барамын,
Батаңды бер қазағым.
Мақсаты: 1.
Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген
жұмыстарының нәтижесін
көрсету.
2. Оқушылардың
сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой - өрісін кеңейту, өнерді сүюге
тәрбиелеу.
3. Оқушыларды
бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
шарлармен безендіру, қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар,
гүлдер« Балғын балалық» суреттер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: А)
Сыныпты безендіру.
Ә) Оқушыларды
даярлау.
1. Кіріспе
бөлімі:Мұғалім: Құрметті жиналған
барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар,
балалар.
«Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай
етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні
сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз
ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында
жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам
басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Шәкірттер
атының баласы емес, халықтың баласы
болсын.
Құрметті көрермендер «Мен мектепке
барамын,батаңды бер қазағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Армысыңдар, мұғалімдер
қымбатты,
Біздер үшін ашатын сан
жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз
сіздерді
Шәкіртіңнің қылықтары тым
тәтті.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты
аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр
тамар
Алдарыңда жауқазындай
құлпырған
Тұр алаңсыз балғын шақты
балалар.
Өтті оқу, сан
сабақ
Бүгін үлкен
салтанат.
Ойыншықтармен
қоштасып,
Оқулықпен
достаспақ.
Өңкей білгіш
балдырған,
Құтты болсын
тойларың.
Арай:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
Тоғжан:
Мектепке енді
барамыз
Біз оқушы
боламыз
Жақсы оқып
сабақты
Кілең бестік
аламыз
Ойыншықты
жинаймыз
Бөбектерге
сыйлаймыз
Үлкен болып өссек
те
Даярлықты
қимаймыз.
Хор: Мұғалім - ол
біздің.
Жасұлан:
Біз мектепке
барамыз
Қолға қалам
аламыз
Кітапты да
оқимыз
Суретті де
саламыз
Үлкендердей тап -
таза
Жазамыз бормен
тақтаға
Үлгілі бала
боламыз
Жүретіндей
мақтана.
Мейрамбек:
Мектебің мынау
класың,
Осында он жыл
тұрасың
Тарыдай болып
кіресің
Таудай болып
шығасың.
«Біз білімді
баламыз»
Балалар біз мектепалды даярлық сыныбында
қандай пәндерді өттік?(балалар пән аттарын атап
шығады
1. Сауат ашу пәні
бойынша:
- Алфавитте неше әріп бар?
42
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
2
- Дауысты дыбыс нешеу?
15
- Дауыссыз дыбыс нешеу?
25
- Неше белгі бар? 2
белгі
Сөздер, сөйлемдер
құрату.
2. Математика пәні
бойынша:
Хор: Есеп
сабағы
- 1 - 20 - ға дейін санау, үш тілде
санату.
- Мына пішіндерді
ата.
- Есептер
шығарту.
Хор:»Бүгін қай
күн?»
3. Тіл дамыту пәні
бойынша:
- Біздің еліміз қалай
аталады?
- Біз қандай
мемлекетпіз?
- Елбасымыз
кім?
- Елордамыз қай
қала?
- Рәміздерді
ата!
Айсәуле:
Рәміздерім - елдігімнің
белгісі
Білу керек баладағы ең
кіші
Рәміздерім - Әнұран, Ту,
Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн
кісі.
Мейрамбек:
Көк аспандай
көкпеңбек,
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол тектен - тек
-
Елдің ашық
қабағы
Ақ ниеті - алтын
күн,
Асқақ арман
қыраны.
Жалауы бұл -
халқымның,
Мәртебесі,
мақтаны.
Арай:
Елтаңбасы
елімнің
Неткен әйбат,
әдемі!
Тұнығындай
көңілдің,
Ортада – аспан
әлемі.
Құт, береке –
шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ,
Жасұлан:
Екі жақтан
көмкерген.
Тәуелсіздік
жолында,
Талай - талай тер
тамған,
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім -
Елтаңбам.
Қ.Арай:
Анам - күнім,
жүрегім,
Әкең - өмір
тірегің,
Сен - бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын!
Ағаң қамқор
асқарың,
Інің мөлдір
аспаның.
Сен - бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын!
Қарындасың
қанатың,
Ел - Отаның –
жаннатың.
Сен – бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын.
Хор: Біз өмірдің
гүліміз.
Тоғжан:
Денсаулығың -
бірінші
Сол жадында
жүрсінші!
Екіншісі -
еркіндік,
Құсша самғап
желпіндік!
Үшіншісі -
тіліміз,
Онсыз жоқ - ау,
күніміз
Төртіншісі - күш -
қайрат
Арманыңа ұш
жайлап!
Айсәуле:
Аспаныңдай
мөлдірмін,
Жайлауымдай
жазықпын.
Өзенімдей
өршілмін,
Гүлдерімдей
нәзікпін.
Қуат алған
өзіңнен
Туған елдің
ұлымын
Бақытты етіп
өсірген
Отанымның
гүлімін.
Арай:
Тіліңді үйрен күнде
сен,
Ол іс деме жай
ғана.
Өз тіліңді
білмесең,
«Білгішпін» деп
ойлама.
Өзге тілді
үйренсең.
Қ.Арай:
Өркендейді
адамдық,
Өз тіліңнен
жиренсең.
Өлім, қылмыс,
надандық.
Ақ сүтіндей
ананың,
Ана тілің - жан
арың!
Ақыл – ойын
дананың
Ана тілден
аламын.
Мейрамбек:
Ана тілім
ардақты
Ақ сүтіндей
ананың.
Өсірген ой,
білімді
Сүйем туған
тілімді.
Мақсат етем әр
сөздің
Мәнін терең
білуді.
Тоғжан:
Ардақты
тіліңді,
Ал одан
білімді,
Өз тілің
үйретер
Өнерді,
ғылымды.
Тіліңсіз білім
жоқ,
Білімсіз күнің
жоқ.
Хор: Болайықшы
осындай.
Мейрамбек:
Отан - әкем, Отан -
атам
Осы сөзім қате ме
екен?!
Қате болса, неге
біздер
Дейміз оны
«Атамекен»
Отан - әжем, Отан -
анам
Құшақ жайған қатар
маған
Туған ел!- деп, туған жер -
деп
Ол бекерге
аталмаған
Атам, әжем, әкем,
анам
Төртеуі де Отан
маған
Төртеуі де ботам
дейді
Ер азамат атан -
дейді
Мақтанамын
Отаныммен
Отаныма ботамын
мен
Хор:
Отан.
Хор:
Әліппе.
Мұғалім сөзі: Балалар, сендермен танысуға
кімнің келгенін қараңдаршы.
Әліппе:
Сәлем, гүлдей
балғындар,
Бақшадан тәлім
алдыңдар.
Ер жеткен достар
ақылды,
Енді мектеп
шақырды.
Үлгеріңдер әр
іске
Үйретемін
білімге
Кәне, қалмай бірің
де
Мектеп жаққа
жүріңдер.
Бәрі:
Әліппені
сүйеміз
Әдеппен бас
иеміз
Мұғалім:
Оқуға, ойға жан
құмар
Оқысын сені
балғындар.
Қанықсын әрбір
сөзіңе
Қамқоршы болғын өзің
де.
Әліппе:
Әріптен ғылым
басталған
Оқуды менмін
бастаған.
Ұстазын кімдер
тыңдаса,
Ұқыппен оқып,
тынбаса.
Сыныпта қалмай
өтеді,
Мақсатына
жетеді.
Бәрі:
Мектепте жақсы
оқимыз,
Ойға бәрін
тоқимыз.
Мұғалім
: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар.
Біздің бүлдіршіндердің білімдерімен, өнерлерін тамашаладыңыздар.
Сіздерге рахмет айта отырып, бүлдіршіндерге өз тілектеріңізді
білдіріңіздер демекпін.
Құттықтау
сөз кезегі беріледі.
Біз мектепке барамыз!