400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ


Умишева Карлыгаш Сайтмуратовна

Астана қаласы Қазақстан Республикасы

Президенттік іс басқармасы «Қарлығаш» балабақшасы РМК тәрбиешісі


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным».

Білім беру бөлімдері: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу, Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: балалардың оқу құрклдар білімдерін тиянақтау, берілген тапсырманы ынта- жігермен орындауға үйрету. Балалардың зейінін, шығармашылық қабілетін, ой- қиялын, сөздік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс: оқу құралдары, оқушы, мектеп
Билингвальды сыңары:
мектеп- школа-school , қалам- қарындаш, қаламсап- ручка.
Көрнекіліктері: түрлі- түсті бояулар, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Мотивациялық-қозғаушылық:
1.Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!

2.«Миға шабуыл»

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Ал күздің бірінші айы қай ай ?

-Қыркүйекте балалар қандай мерекені атап өтеміз ?

-Білім күні барлық балалар қайда барады ?
Ұйымдастырушылық- ізденістік:

Балалар мектепте нақты және дұрыс сөйлеуіміз қажет? Неліктен? Дұрыс, барлық дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді қатесіз айту керек.

(Бұл талаптарды сақтау не үшін қажеттігі талданады.)

3.Дыбысты дұрыс айту жаттығулары:

Дә-дә-дә – дәптер.

Кі-кі-кі – кітап.

Ме-ме-ме – мектеп

Шы-шы-шы-оқушы.
-Мектепке барғанда сендерді кім деп атайды? (Оқушы)


4.Қимылды ойын «Оқушы»

Бұл тапсырманы орындаған үшін сендер нағыз оқушы атына лайықсыңдар портфельге ие болдыңдар.


1- тапсырма.
«Жұмбақтарды шешіңдер». Бірге мектепке не алып барасыңдар ??
Оқушыға қандай құралдың қажет екенін аңғарып,? (Дәптер, кітап, қаламсап, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, т.б.)Осы тапсырманы үшін дәптерді
-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (Мектеп құралдары)
Тосын сәт: Есіктен оқушы бала Алихан кіріп келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге қонақ болып келіп қалдым.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Алихан, кел, төрлет. Біздің балалар мектепке баруға дайындалып жатыр.

Жарайсыңдар, балалар! Мектеп- кеме, білім- теңіз. Мектепте білім алу өте қызықты, әрі жауапты іс. Өзі туралы әңгімелейді. «Менің мектебім» ...


2- тапсырма.

-Мектеп деген не? (Мектепте парта, тақта, т,б бар)

-Балалар мектепке не ұшін барады?(Білім алу үшін барады.)

-Сабақ аяқталғанын мұғалім қалай біледі?

3- тапсырма. Сергіту сәті «Еvery Day Igo to school»
Балалар би қимылдарын жасап, бойларын сергітеді. Қарындашты береді

Олай болса, мектепке дайын болсаңдар, білімдеріңді тексеруге рұқсат етіңіздер
4- тапсырма. «Логикалық тапсырма»
-Алихан өзімен бірге мектепке не алып барады?
Балалар суретке назар салады, оқушыға қандай құралдың қажет екенін аңғарып, құралдарлы сызық арқылы қосады. Тапсырманы дұрыс орындап

қаламды алады.
5- тапсырма.
Шығармашылық жұмыс.
Дәстүрден тыс әдіс «пуантилизм», көбікпен салу, фольгамен сурет салу. Алдын ала жүргізілген жұмысты түрлі- түсті бояумен жалғастыру.
Күзгі ағаш бейнесін салу.

Жұмыс толық орындалғаны үшін сызғышты береді.
Қортынды:
Балалардың бүгінгі оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісу. Балаларды мақтап, мадақтау. Сабақты қортындылау мақсатында тәрбиеші балалармен кері байланыс орнатады. Балалар ұйымдастырылған іс-әрекет барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірін білдіре алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
154
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі