«Е. Сыпатаев атындағы орта мектеп МДШО» кмм
Бастауыш сынып
Аянбекова Жанар Айтқожақызы
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: Мерекенің мәнін түсіндіру.
Сахна мәдениетіне машықтандыру.
Тақпақтарын мәнерлеп айтқызу.
(Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады.)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата – аналар, оқушылар!
Мектепалды сыныптың «Біз мектепке барамыз» атты тілашар мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым білім жолына
Енді қайық салады.
Жүргізуші:
Адам болған баланың
Қайтармайық талабын.
Мектепке алғаш аттаған
Құтты болсын қадамы.
Сәбиліктен марқайып,
Өскендігі сананың.
Әріптерден сөз құрап,
Жорғаласын қаламы.
Үміттерін ақтасын
Әке менен ананың
Жүрегіне сақтасын
Жақсы сөзін дананың.
Жақсы бала болсын деп,
Тілек айтар әр адам.
Балалы үйлер көбейіп,
Бола берсін базары
Жүргізуші: Тілашар мерекесін тағатсыздана күтіп тұрған бүлдіршіндеріміз-
дің өнерлерін тамашалайық.
«Ойыншықтар» әні.
Сергіту сәті «Қамажай»
Тақпақтар.
-
Армысың, мектеп ар бесік,
Айқара ашқан бесігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзің де өрлеп өсемін.
2 Армысың мектеп, киелім,
Мен сені сондай сүйемін.
Сен берген бағыт – бағдармен,
Рухы бай елге иемін.
3 Алты жасқа толған біздей баланы,
Мектеп – ана құшағына алады.
Ата – ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болады енді міне балаңыз.
4 Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай – талай азамат
5 Мектеп деген білім кені, жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
6 Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азамат бол, ержеткен.
-
Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек адамға
Тану үшін адамды
Тану үшін заманды.
Тану үшін жаманды
Мектеп керек адамға
Жүргізуші:
Сақтау үшін арыңды,
Сақтау үшін жаныңды.
Сақтау үшін барыңды
Мектеп керек адамға
-
Мектеп үлкен бағдаршам,
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
10. Мынау менің сезгенім,
Ол сыныптың анасы.
Өзінің де, өзгенің
Барлығы оның баласы.
Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа арман жоқ.
Ал оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған
11 Құтты болсын,
Білім - қадам!
Отан – анаң
Аялаған.
Ұстаз данаң
Болсын аман!
12. Мен тілеймін ұстазыма:
Думанды өмір, денсаулық.
Бақ әкелсін әр мереке
Шаттық сыйлап көңілге.
13. Мен талапты баламын
Біріншіге барамын.
Үйреткенін үйреніп,
Ұстаздан көп аларым.
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең бестік аламын.
Мен намысшыл баламын,
Тек үлгілі боламын.
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын.
-
Қуантуға елімді
Қуантуға жерімді
Білім жиып өсемін,
Төгіп адал терімді.
Таудай биік талабым
Оттай лаулап жанамын
Салт – санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың
Қолға кітап аламын
Маржан сүзіп табамын
Жарқыратып тағамын
Мен мектепке барамын.
Хор: « Мен мектепке барамын»
14 Бұтағы бабасының
Ұрпағы атасының
Шуағы әжесінің
Тұяғы әкесінің
Тілегі анасының
Тірегі ағасының
Түлегі даласының
Дарытқан бар асылын
Мен қазақ баласымын.
15 Шұғылалы таңымыз
Қазақ жері - бағымыз
Қойнауынан мөп – мөлдір,
Сусындайды жанымыз
Қазақ жері – сәніміз
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз.
16 Менмін Отан бөбегі
Алтыдағы өренмін.
Ана тілден нәр алып,
Ұлан боп өсіп келемін.
17 Құтты шаңырақ жерімде
Білім алар ботаңмын
Осы тілде сөйлеген
Бабам менен атам да.
18 Талаптың мініп алып пырағына
Білімнің май тамызам шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат іздеген мұратыма.
19 Ойым бар бірде дауыл, бірде жалын
Сақтайтын есті ұрпақпын ата салтын
Тіл мен елдің тағдырын ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
20 Дарқан пейіл, ақкөңіл, бақ құт елміз
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп.
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
21 Парасат пен ізгілік бойымызда
Ата – баба өсиеті ойымызда
Бақыт құсы самғасын төрімізде
Бүгінгі қуанышты тойымыда.
ХОР «Кең дала»
Санамақ
1 – бақытты балғындар
2 – ата – анам өбектер
3 – үйлерім сәулетті
4 – бұлағым мөп –мөлдір
6 – күн нұрын тұккен жер
-
– жап – жасыл бауларым
8 – сенгір – сеңгір таларым
9– туған топырағым
Он дегенім – Отаным
Аман болса осылар
Жасыма жас қосылар
Қадірімді дос ұғар
Кезім болмас тосылар.
ӘН «Жау – жау жаңбыр»
Би
Ән Ертегілер
Би
Хормен
Елдің атын жазамын.
Жердің атын жазамын
Біз мектепке барамыз.
Батаңды бер қазағым,
БАТА
ШАШУ
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біз мектепке барамыз
«Е. Сыпатаев атындағы орта мектеп МДШО» кмм
Бастауыш сынып
Аянбекова Жанар Айтқожақызы
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: Мерекенің мәнін түсіндіру.
Сахна мәдениетіне машықтандыру.
Тақпақтарын мәнерлеп айтқызу.
(Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады.)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата – аналар, оқушылар!
Мектепалды сыныптың «Біз мектепке барамыз» атты тілашар мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым білім жолына
Енді қайық салады.
Жүргізуші:
Адам болған баланың
Қайтармайық талабын.
Мектепке алғаш аттаған
Құтты болсын қадамы.
Сәбиліктен марқайып,
Өскендігі сананың.
Әріптерден сөз құрап,
Жорғаласын қаламы.
Үміттерін ақтасын
Әке менен ананың
Жүрегіне сақтасын
Жақсы сөзін дананың.
Жақсы бала болсын деп,
Тілек айтар әр адам.
Балалы үйлер көбейіп,
Бола берсін базары
Жүргізуші: Тілашар мерекесін тағатсыздана күтіп тұрған бүлдіршіндеріміз-
дің өнерлерін тамашалайық.
«Ойыншықтар» әні.
Сергіту сәті «Қамажай»
Тақпақтар.
-
Армысың, мектеп ар бесік,
Айқара ашқан бесігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзің де өрлеп өсемін.
2 Армысың мектеп, киелім,
Мен сені сондай сүйемін.
Сен берген бағыт – бағдармен,
Рухы бай елге иемін.
3 Алты жасқа толған біздей баланы,
Мектеп – ана құшағына алады.
Ата – ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болады енді міне балаңыз.
4 Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай – талай азамат
5 Мектеп деген білім кені, жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
6 Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азамат бол, ержеткен.
-
Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек адамға
Тану үшін адамды
Тану үшін заманды.
Тану үшін жаманды
Мектеп керек адамға
Жүргізуші:
Сақтау үшін арыңды,
Сақтау үшін жаныңды.
Сақтау үшін барыңды
Мектеп керек адамға
-
Мектеп үлкен бағдаршам,
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
10. Мынау менің сезгенім,
Ол сыныптың анасы.
Өзінің де, өзгенің
Барлығы оның баласы.
Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа арман жоқ.
Ал оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған
11 Құтты болсын,
Білім - қадам!
Отан – анаң
Аялаған.
Ұстаз данаң
Болсын аман!
12. Мен тілеймін ұстазыма:
Думанды өмір, денсаулық.
Бақ әкелсін әр мереке
Шаттық сыйлап көңілге.
13. Мен талапты баламын
Біріншіге барамын.
Үйреткенін үйреніп,
Ұстаздан көп аларым.
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең бестік аламын.
Мен намысшыл баламын,
Тек үлгілі боламын.
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын.
-
Қуантуға елімді
Қуантуға жерімді
Білім жиып өсемін,
Төгіп адал терімді.
Таудай биік талабым
Оттай лаулап жанамын
Салт – санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың
Қолға кітап аламын
Маржан сүзіп табамын
Жарқыратып тағамын
Мен мектепке барамын.
Хор: « Мен мектепке барамын»
14 Бұтағы бабасының
Ұрпағы атасының
Шуағы әжесінің
Тұяғы әкесінің
Тілегі анасының
Тірегі ағасының
Түлегі даласының
Дарытқан бар асылын
Мен қазақ баласымын.
15 Шұғылалы таңымыз
Қазақ жері - бағымыз
Қойнауынан мөп – мөлдір,
Сусындайды жанымыз
Қазақ жері – сәніміз
Мәуесі мол бағымыз
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз.
16 Менмін Отан бөбегі
Алтыдағы өренмін.
Ана тілден нәр алып,
Ұлан боп өсіп келемін.
17 Құтты шаңырақ жерімде
Білім алар ботаңмын
Осы тілде сөйлеген
Бабам менен атам да.
18 Талаптың мініп алып пырағына
Білімнің май тамызам шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат іздеген мұратыма.
19 Ойым бар бірде дауыл, бірде жалын
Сақтайтын есті ұрпақпын ата салтын
Тіл мен елдің тағдырын ту ғып ұстап
Шығарар абыроймен Отан даңқын.
20 Дарқан пейіл, ақкөңіл, бақ құт елміз
Әрі биік, сабырлы, терең елміз.
Адалдықтың ақ туын желбіретіп.
Бұл дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
21 Парасат пен ізгілік бойымызда
Ата – баба өсиеті ойымызда
Бақыт құсы самғасын төрімізде
Бүгінгі қуанышты тойымыда.
ХОР «Кең дала»
Санамақ
1 – бақытты балғындар
2 – ата – анам өбектер
3 – үйлерім сәулетті
4 – бұлағым мөп –мөлдір
6 – күн нұрын тұккен жер
-
– жап – жасыл бауларым
8 – сенгір – сеңгір таларым
9– туған топырағым
Он дегенім – Отаным
Аман болса осылар
Жасыма жас қосылар
Қадірімді дос ұғар
Кезім болмас тосылар.
ӘН «Жау – жау жаңбыр»
Би
Ән Ертегілер
Би
Хормен
Елдің атын жазамын.
Жердің атын жазамын
Біз мектепке барамыз.
Батаңды бер қазағым,
БАТА
ШАШУ
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ
шағым қалдыра аласыз














