Біз не үйрендік,не білдік.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз не үйрендік,не білдік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика негіздері ҰІӘ-не дайындалып,өткізуге көмекші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Біз не үйрендік,не білдік.

Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.

Білімділік: Сандарды санау,салыстыру,геомериялық пішіндерді туралы ,білімдерін бекіту,ойлау,қабілеттерін,қиялын,есте сақтап түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру,бірлікке ,татулыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң ұстазым!

Қайырлы таң достарым!

Шеңберге тұрайық.

Жылулық сыйлайық.

Тәрбиеші:Қәзір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс.

Тәрбиеші:Қыс мезгілінің айларын айтайық?

Балалар:Желтоқсан ,Қантар Ақпан.

Жұмбақ жасыру.

1.Далада жүр шапқылап,

Керемет бір саққұлақ(Қоян)

2.Тәтті көрсе бас салар

Айнымайды баладан(Аю)

3.Қаңғырамын үйім жоқ

Ауылдардың қойы көп

Ұрлық ,зорлық кәсібі

Тамақтанар –кәсібі(Қасқыр)

4.Өзі ширақ ,өзі қу

Жүрген жері айқай шу(Түлкі)

5.Бар дауысымен тақылдап,

Шалшық көлді мақтайды

Өзін-өзі мақұлдап,

Бірін-бірі жақтайды

Тәулік бойы бақылдап,

Мезгілімен жатпайды.(Бақа)

Балалар бұл кейіпкерлердің барлығы қай ертегіде кездеседі?

Балалар: Үйшік ертегісі.

Тәрбиеші:Олай болса,Үйшік ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!

Жазық далада бір үйшік тұр.Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:

-Үйшік үйшік кім үйшікте тұрады?

Тәрбиеші:Ешкім үн қатпады.Тышқан үйге кіріп өмір сүреді.Бақылдап бақа келеді.

-Үйшік үйшік кім үйшікте тұрады?

-Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Ал мен бақылдаған бақамын.

Менімен бірге тұрғын келсе менім тапсырмамды орында?

2-тапсырма.Көліктер түрлерімен таныстыру.

1.Суда жүретін көліктер

2.Әуеде жүретін көліктер

3.Тас жолда жүретін көліктер

4.Темір жолда жүретін көліктер.

Тәрбиеші:Секендеп қоян келеді.Тоқтай қалып сұрайды:

-Үйшік үйшік кім үйшікте тұрады?

-Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Ал мен бақылдаған бақамын.

-Ал сен кімсің?

-Мен секендеген қоянмын.

Менімен бірге тұрғын келсе біздің тапсырмамыздыды орында?

2-тапсырма.

1.Алмұрт,құлпынай,шие,шұжық

2.Қызанақ,пияз,қияр,қаймақ

3.костюрл,кесе,табақ,алма.

Тәрбиеші:енді олар үшеуі үйшікте тұрады.Бақытты өмір сүреді.

Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:

-Үйшік үйшік кім үйшікте тұрады?

-Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Ал мен бақылдаған бақамын.

-Мен секендеген қоянмын.

-Ал сен кімсің?

-Мен түлкішек-әпкемін.

Менімен бірге тұрғын келсе біздің тапсырмамыздыды орында?

Сергіту сәті:

Ұжымдық жұмыс: «Гүл жасау»

Жіптердің көмегі арқылы гүлді жасау.

Гүлдің сабағынан бастап жабыстырамыз,ал енді кулшелерін жабыстырамыз.

Тәрбиеші:Енді олар төрттеу болады.Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды?

-Үйшік үйшік кім үйшікте тұрады?

-Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Ал мен бақылдаған бақамын.

-Мен секендеген қоянмын.

-Мен түлкішек-әпкемін.

-Ал сен кімсің?

-Мен сұр қасқырмын.

Менімен бірге тұрғын келсе біздің тапсырмамыздыды орында?

1.Айгүлдің мамасы дүкеннен екі қуыршақ сатып әкелді.Оның айырмашылығын айтыңдар?

2.Ағашқа бес алма бар,оның екеуін жеп қойдық.Ағашта неше алма қалды?

Бағдаршамның неше көзі бар?

Қолғапта неше саусақ бар?

Адамда неше көз бар?

Аспанда неше күн бар?

Адамда қанша қол бар?

Тәрбиеші:Барлығы көңілді өмір сүріпті,ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,тоқтап айқайға салады.

-Үйшік үйшік кім үйшікте тұрады?

-Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Ал мен бақылдаған бақамын.

-Мен секендеген қоянмын.

-Мен түлкішек-әпкемін.

-Мен сұр қасқырмын.

-Ал сен кімсің?

-Мен қорбандаған аюмын.

-Кел бізге!

Аю кірейін –кірейін деп ,кіре алмайды.

-Мен,шатырда тұрайын.

-Бізді басып қаласың.

-Жоқ,қорықпандар.

-Жарайды,шық.

Аю отыра қалғанда үй: «тарс»-етіп құлады.

Үйшіктен аман-есен :Тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр қашып шықты.Барлығы бірігіп орегами технологиясы бойынша үлкен үй салуға кірісті.

Үйшіктері үлкен ,биік әдемі болып шықты!

Ән:Ертегілер елінде.

Қорытынды: Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма.

Біз бүгін оқу қызметінде кімнің тапсырмаларын орындадық?Біздерге кім келді?

Балалар :Ия

Тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2022
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі