Материалдар / "Біз өз құқығымызды білемізбе ? "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз өз құқығымызды білемізбе ? "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1295
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен және менің құқығым»

(дөңгелек үстел)


«Жас ұлан» ұйымы мен 8 ә сынып оқушыларының арасындағы «Мен және менің құқығым» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта «Жас ұлан» ұйымы мен 8 ә сынып оқушыларының арасында «Мен және менің құқығым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр.
Мақсаты мен міндеттері: балаларға жалпы адам құқығы мен міндеттері туралы түсінік беру;

- кәмелелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
-сабақ барысында балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату;

- сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар

1

2

3

4

5

6

Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Біздің құқығымыз.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Күнделікті көрініс
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. «Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең».
1 бөлім бойынша оқушылар бала құқығы туралы мағлұматтар айтады.

2 бөлім.Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын.

1.Сен сабақта болғанда анаң бөлмеңді жинап жүріп,қажетсіз деген заттардың бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.Сенің қандай құқығың бұзылды?

2.Сенің үйдегі ініңе қарайтын адам болмағандықтан сені анаң сабаққа жібермеді.Сенің қандай құқығың бұзылды ? 3.Әсел мен Айжан дос еді.Әсел жақсы оқитын.Ал,ал Айжан нашар оқиды.Бір күні екеуі ренжесіп қалды.Әсел Айжанды екіліксің деп келеке етті.Айжанның қандай құқығы бұзылды?

4.Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді,ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді.

5.Бір оқушы сыныптасына : «ертең 20 теңге әкеліп бересің,әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

6.Сенің ұялы телефоның сабақта ұрланды.Сенің қандай құқығың бұзылды?


Мұғалім:Халқымызда «Дос көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар.Ақылды болу айналадағы адамдарды сыйлай,қадірлей білу деген сөз.Құқықтық тілмен айтқанда бұл- заңды білу,яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды.Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп,зардап шегіп,өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

3-бөлім.Күнделікті көрініс: Ауыл іші,түн,топ бала өлең айтыпшулап отыр.Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып: «Әй,бері кел» деп айқай салды.Қарамаған балаларға отырғандардың біреуі күш көрсетті.

Көріністен кейін қойылатын сұрақтар: -Қалай ойлайсыздар ,демып отырған жастар заңды бұзды ма?

-Кім қалай бұзды?

-Ата-ана,сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?(Ата-ана жауабы тыңдалады.)

Бұлардан соң заң қызметкерінің жауабы тыңдалады.Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтып өтеді.


Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.


Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.

Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.

Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.??

5- бөлім. «Ата-ананың ақылы- сайрап жатқан жолмен тең» бөлім бойынша тапсырмаларға ата-аналар өз пікірлерін айту.


-Құөық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар ? (Ата-ана мен оқушылардың жауабы тыңдалады)Құқық бұзушылық жасайтын жұмыстың жоқтығынан,Абай атамыз айтқандай «көйлнгі көктік,тамағы тоқтық аздырар амам баласын».Ата-анаға екі сурет көрсетіледі.

Біріншісі: тіп-тік әдемі салынған үйдің суреті,

Екіншісі: -фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған ,төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.

Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып балва тәрбиесі туралы не айтуға болады ?(Сурет жайлы ата-ана ойы тыңдалады)Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін,екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала екендігі айтылады.Балва тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатындығына ата-ананың назарын аудару керек.

«Отбасы-барлығының басы,жан-жақты негізі болатын тәрбие институты.Ата-анамен баланыңқарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік,эстетикалық,дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады.Ал ,әке мен шеше,ата мен әже,апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» –деп В.А.Сухомолинский айтқандай,алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс.Ал,екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан болмағандығын көрсетіп тұр.

1. «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»,- деді ата-ана.

2. «Не істесең оны істе маған бәрі бір», дейді ата-ана.

3. Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын» дейді әкесі.

4. Балаларды тым қатты еркелетесіз,осы дұрыс па ?

5. «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ,басымды ауыртпашы »,-деді анасы


Қонақтарға сөз беріледі.


Мұғалім: Ж.Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта,ата-ананың тәрбиесі.Соңғысы күшті болмаса,бара-бара адамды замандас,жолдастың азғырыпадам неше түрлі жама мінезді жұқтыратыны белгілі»- деген.Сол сияқты балаңыздың әдепсіз,тәртіпсіз жолға түспеуіне бірден-бір жауапты ата-ана өздеріңізсіздер.

Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты рөлді ата-ана атқаратындығын,сондықтан олар әр уақытта мектеппен,ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып,қортындыланады.





М ұ қ ы р о р т а м е к т е б і

Бекітемін:

Тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________А.Абдрахова









«Мен және менің құқығым»

(дөңгелек үстел)

8 «ә» сыныбы



























2 0 1 7 о қ у ж ы л ы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!