400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Біз қалай сөйлесеміз?" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ :4

Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы

2 лицей» КММ

Күні


Мұғалім:Амирбаева Газима Мажитовна

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 2

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Біз қалай сөйлесеміз?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.2.1.1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе , негізгі және қорытынды бөлімдерді

қамтитын қарапайым жоспар құру



Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды.

Оқушылардың көбі:Оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді , негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды , берілген мәтінге сәйкес кіріспе , негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.


Оқушылардың кейбірі: Мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты толық анықтайды , лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды және үндестік заңын , емлелік ерекшеліктерді ескере отырып орфографиялық нормаға сай жинақы мәтін жазады.


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет;

«Мәңгілік ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс:

Сабақта АКТ пайдалану арқылы өзін- өзі тану,әдебиет пәндерімен өзара байланыс

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған .

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Мәдениет, әдеп саласына қатысты сөздер.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені

Осыған дейін меңгерілген білім

Лексикалық тараудың сегізінші сабағы

Қарым –қатынас мәдениетін меңгерді, телефонмен сөйлесу әдебін меңгерді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин


Қызығушылықты ояту

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы өткен сабақты еске түсіреді.

Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Сондай кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.




Сабақ ортасы


10 мин



































































10 мин




























10минут


Оқылым мәтіні

Мәтінмен танысу. Мәтін № 1

Біз қалай сөйлесеміз?

Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы этикет деп айтылады. Осы әдеп ережелерінің тіл арқылы жүзеге асатын жағын «сөз этикеті » дейміз. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.

Халық әдебі “Сіз” деген сөзден басталады. Бұл – сыйласымды, құрметтеуді білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс – қимылына тәуелденіп айтылғанда, бұл сөз “ыңыз”, “іңіз” қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. Мысалы, дастарқан мәзірінде “астан алыңыз”, құрметтеу ниетін айтқанда “төрге шығыңыз”, тағы сол сияқты. Қазақ халқында өзінен біраз жасы үлкен болсын, кіші болсын , бейтаныс адамға “Сіз” деп сөйлеу салтқа айналған. Кей жағдайда “кешіріңіз”, “ғапу етіңіз” деп өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге “оқасы жоқ” деп жауап беру де әдептілік болып табылады. Әдептілікті білдіретін сөздер – құрметтеу, ардақтау, бағалау сөздер. Мысалы:“Аса құрметті атамыз, ардақты анамыз, тағы басқалары. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады .Басқа адамнан көрген қызмет пен жақсылық үшін “рақмет” айту да әдептілікке жатады. Бұл сөзге “денсаулығыңызға бұйырсын”, “көңіліңіз қош болсын”, тағы басқа жауап айтылады.

Жақсылыққа жақсы сөз айтып, ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады. Үлкен адамға қызмет ету үшін немесе оның тарапына қарай бір іс - әрекет жасау үшін, “рұқсат етіңіз”, “мүмкін бе?”, “мүмкін болса”, “ренжімесеңіз” деген сияқты уәж сөздер айту әрі мәдениеттілікті, әрі әдептілікті көрсетеді. Үлкен адамның алдында дөрекі қимыл жасап, сөкет сөздер айту әдептілік емес.

Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам – мәдениетті де әдепті адам.


Мәтін № 2 Атамның хаты


Амансың ба , менің сүйікті немерем!


Ата-бабамыз «сөз қадірін өз қадірім» деп түсінген халық екенін жақсы білесің . Атам қазақ сөздің алар орнын жете түсініп , сөз сөйлей білуді ежелден-ақ өнер ретінде бағалаған. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен , таяқ еттен өтеді» деп тегін айтпаған.

Балам , ақыл –ойдың алыбы Абай атамыз «Сөзіне қарай кісіні ал, ал кісіге қарап – сөз алма» деген ғой.

Үлкен адаммен дұрыс сөйлес , ізетті бол ,сыпайылық сақта.

Сөз – құдіретті күш. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»,- дейді дана бабаларымыз. Ойланып сөйле, адам жүрегін жаралайтын ауыр сөз айтпа. Ойланбай айтылған ауыр сөз адам зердесінде кейде өшпес өз таңбасын қалдыратынын ұмытпа.Ондай ауыр сөз адамды ренжітетінін , жасытатынын, жігерді құм ететінін әрдайым есіңе сақта.
Отбасы – баланың тіл «сындыратын» бірінші мектебі. Сондықтан ата -анаңның , әжең мен атаңның сөз әдебі жайлы айтқан ұлағатын үнемі есіңе сақта. Әрдайым әдепті сөйле.Өрескел , тыңдауға ерсі , сөлекет сөздерді қолданба.

Оқылымнан кейінгі орындалатын тапсырмалар:

1.Мәтінді мұқият оқыңыз.Жұпта талқылаңыз.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындап , жұпта талқылаңыз.

3.Кестені толтырыңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат



4.Екі мәтіннің жанрлық ,құрылымдық ерекшеліктерін анықтаңыз.

4. Мәтіндер қандай аудиторияға арналған?

5.Мәтіндердің жазылу мақсаты қандай?

Осы тапсырмалар бойынша кесте толтырыңыз.

Ұқсастықтары




жанры



құрылымы



стильдік

ерекшелігі



аудитория



мақсаты



тақырыбы


Тапсырма №2

Берілген мәтінге сәйкес кіріспе , негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыздар .

Тапсырма №3

Үндестік заңын,емлелік ерекшеліктерді ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жинақы мәтін жазыңыз.



http://portal.kazntu.kz/files/publicate/2015-01-20-10363.pdf









































Сабақтың соңы

5 мин


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті?

Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды?

Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі