Біз қандай балалармыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз қандай балалармыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбыны арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ

Біз қандай

балалармыз?

Мектеп/МҰ:

Күні: Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың

саны:

ҰОҚ-нің

мақсаттары

0.1.1.1. Табиғи және жасанды материалдарды ажырату.

0.1.1.2. Табиғи және жасанды материалдардың

қасиеттерін атау.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс

жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін

сақтау.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын және

құралдарды ретке келтіру.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін

сипаттау және бағалау.

Күтілетін

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

табиғи және жасанды материалдарды ажырата

алады;

жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке

келтіре алады.

Зерек тәрбиеленушілер:

табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін

атай алады;

табиғи материалдармен және құралдармен жұмыс

жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін

сақтай алады.

Қабілетті тәрбиеленушілер:

әртүрлі табиғи материалдарды пайдалана алады,

өздері жасаған заттарын ұсақ бөліктерін толықтырып,

безендіре алады;

өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін

сипаттай және бағалай алады.

Тілдік

мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Табиғи материалдың қасиеті туралы білімдерін іс

жүзінде (практикада) пайдалана алады, табиғи матери-

алды зерттеу жұмыстарын көрсете алады.

Көптілділік: балалар – дети – children.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

табиғат, табиғи материал, жасанды материал.

ҰОҚ-де диалог/хатта қолданылатын тіл:

Пікір алмасуға арналған сұрақтар.

Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері туралы білесің бе?

Сен қоршаған ортада өзіңді қалай ұстайсың? Қоршаған

ортадан қандай табиғи материалдарды табуымыз

мүмкін?

Материалдардың бір-бірінен айырмашылықтары

қандай?

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Қандай табиғи материалдар бар?

Табиғи материалдар қандай қасиеттерге ие?

Табиғи материалды қалай сақтауға болады?

Табиғи материалдардың жасанды материалдардан

айырмашылығы қандай?

Неліктен:

табиғи материалдар бізді таңдандырып, қайран

қалдырады;

табиғи материал нәзік;

табиғатты қорғау керек;

... жасанды материалдар ерекшеленетінін

айта аласың ба?

Өткен

ҰОҚ-де алған

білім

Табиғи материалдардың қасиеттері,

жасанды материалдардың айырмашылықтары.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

І. Дұрыс,

әсерлі көңіл

күй орнату.

0–1 мин

Психологиялық жағымды көңіл

күй қалыптастыру үшін педагог

тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызып,

«Мен кіммін және қандаймын!» ойынын Ойынға қажетті доп.

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

2–5 мин

III. Тақырып бойынша жұмыс.

6 – 25 мин

Педагог допты лақтыра оты- рып тәрбиеленушілер бір-біріне ...мен

ұлмын – батырмын, ...мен қызбын –

әдемімін, мен ұлмын – күштімін, ...мен

қызбын – сұлумын т.б. Қандай тамаша

әдемі, батыл да ержүрек сендер сияқты

тәрбиеленушілер де табиғаттың сыйы,

адамзат та табиғаттың бір бөлшегі.

Бүгін біз табиғи материалдармен таны-

самыз. Табиғи материалдың қасиеттерін

зерттеуге тырысамыз: пішінін, өлшемін,

түсін анықтаймыз, төзімділігін сынай-

мыз.

Қандай табиғи материалдарды білесіңдер?

Табиғи материалды не үшін жинайды?

(шырша бүрлері, емен жаңғағы, кеп-

тірілген жемістер мен бұтақтар, ағаш

қабықтары т.б.)

Педагог: бізді қоршаған ортадағы

табиғаттың сұлулығы ерекше, біз

бүгін соған назар аударып көрейік.

Табиғи материалдар сенің жеке жұмыс

жасауыңа және шығармашылық

қызығушылығыңды оятуға көмектеседі.

Қандай табиғи материал сенің назарыңды

өзіне аударады? Табиғи материалдар

қайталанбас сұлулыққа ие.

Дербес іс-әрекетіне бағыт.

Табиғат аясында өзіңді ұстау ережелерін

білесің бе? Серуен кезінде қандай табиғи

материалдар жинадыңдар?

Табиғи материалдардың бір-бірінен

айырмашылығы неде?

Тәрбиеленушілердің жжауаптарын тыңдау.

Шырша

бүрлері,

емен

жаңғағы,

кептірілген

жемістер

мен

бұтақтар,

ағаш

қабықтары

т.б.

Тәрбиеленушілерге табиғи материал-

дарды өңдеп, сақтауды үйрету. Табиғи

материалдар қандай жұмысқа арналып

жиналғаны туралы ойлану. Табиғи мате-

риалды дайындауда қандай ережелерді

сақтау керек?

Қарапайым тәжірибе: табиғи

материалдар мен жасанды материалды

салыстырып көреді. Табиғи материалды

қолымызға аламыз, мұқият қараймыз,

қасиеттерін атаймыз.

Қара: өлшемін, пішінін, түсін анықта.

Беткі қабатын сипаймыз (ұстаймыз) – те-

гіс пе, қабыршақты ма?

Сынаймыз: мыжимыз, жыртамыз, майыстырамыз.

Табиғи материалды кептіргеннен

кейін оның қандай болатыны туралы

ойланамыз. Олар: жапырақтар, шырша

бүрлері, емен жаңғағы, бұтақтар,

қабықтар, кептірілген жемістер т.б.

Табиғи материалдың қасиеті туралы

қорытынды жасаймыз.

Жасанды материалдармен танысамыз:

мата, пластмасса, сымтемірді салысты-

рып, олардың сапасы жайында айтамыз:

мата жұмсақ, бүктеуге болады, пластмас-

са қатты, оны бүктей алмаймыз, ал сым-

темірді июге, орауға болады. Қолымызға

енді табиғи материалды аламыз, оны са-

лыстырып көреміз. Табиғи материалдар-

дан не істеуге болады?

Суреттерге мұқият қарап алыңдар, табиғи

материалдар мен жасанды материалдар-

ды ажыратып айтып беріңдер. Мен және

менің айналамдағы табиғат қандай ғажап

Сергіту сәті: «Би билейміз» қимылды ән.

Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Бас аяқты топ, топ, топ,

Шапалақта хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі ескертпені

қолданамыз.

1. Табиғи материалды қолды кесіп алмас

үшін арнайы қолғаппен жинау.

2. Қолды тіліп немесе кесіп алған

жағдайда педагогке хабарлау керек.

3. Жұмыс аяқталған соң қолды жұмсақ

құрғақ матамен сүртіп, содан кейін ғана

сабындап жуу керек.

Үлгі суреттерді қарайды,

тәрбиеленушілер өздері таңдаған

табиғи материалдардан өздеріне ұнаған

бейнелерді жасау үшін сұрақтар

қойылады.

Суреттегі бейнелер қандай

материалдардан жасалған?

Қандай бөлшектерден тұрады?

Ұл баланы немес қыз баланы жасау үшін

қандай табиғи материалдар қажет деп

ойлайсыңдар?

Ойланыңдар, табиғи материалмен жұмыс

кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін

сақтау қажет? Табиғи материалмен

жұмыс жасағанда ермексазды, қайшыны

ұқыпты пайдалану қажет.

Тәжірибелік жұмыс: табиғи материал-

дардан қыз бала мен ұл баланың бейнесін

жасаймыз. Ол үшін:

алдын-ала дайындалған табиғи мате-

риалдарды ұл немесе қыз бала жасауға

сәйкестендіріп таңдап алады;

қыз бала болса шырша бүрлері, емен

жаңғағы мен бұтақтар және ермексаз;

ұл бала жасайтындар емен жаңғақтары,

бұтақтар және ермексаз таңдалады;

дене бөліктерін біріктіруге ермексаз

пайдаланылады;

қосымша ұсақ мата қиындылары,

таяқшалар, жаңғақ «қалпақшалары»

т.б материалдар баланың қалауы бойын-

ша таңдалып, шығармашылықпен

толықтыру ұсынылады;

кейбір тәрбиеленушілер (ерекше

қабілетті) әліппе-дәптердегі суреттерге

қарай отырып сабанды немесе бөлінген

емен жаңғақтарын да пайдалана алады.

Тәрбиеленушілер өз бетінше жұмыс

істейді, оған қоса айналасындағылармен

келіседі, өзара пікір бөліседі, жұмыс ба-

рысында бір-біріне көмектеседі, қолдау

көрсетеді.

Тәжірибелік жұмысты орындау ба-

рысында тәрбиеленушілер өз білім-

дері мен бақылауларына сүйенеді,

орындаған жұмыстарын (бұйым) әрлеудің

қарапайым әдістерін қолданады,

шығармашылық таңдау жасайды.

Тәрбиеленушілер табиғи материалмен

жасаған тәжірибелерінің нәтижелерін

атайды, жауабын білгісі келетін

сұрақтарын қояды.

Әліппе-

дәптер.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Реф-

лексия.

26–30 мин

Біз неліктен өз өңіріміздің табиғатын

тамашалаймыз? Неліктен ол бізді

қуантады, таңғалдырады, қайран

қалдырады?

Табиғи материалмен жұмыс жасаудың

негізгі тәсілдерін ата.

Сендерге табиғи материалдармен жұмыс

жасаған ұнады ма? Не себептен ұнады,

не есіңде қалды? ҰОҚ барысында қандай

қиындықтарды кездестірдің?

Жұмыс барысында құрбыластарыңмен

келіспеген жағдайлар болды ма?

Қорытынды: Сендердің жасаған ұл бала

мен қыздың «Мен ерекше баламын» деп

өздері айтып тұрғандай, сендерде бүгін

өздерің ерекше балалар болдыңдар,

өйткені сендердің жасаған жұмыстарың

маған өте ұнады және бірін-бірі

қайталамайтын ерекше болды.

Табиғат аясына қонаққа барғандағы

басты ереже: зиян келтірме! Қоршаған

табиғаттың сұлулығын оның кез келген

күйінде сезініп, түсінуді үйрену.

Табиғатты аялау, қорғау.

Сендер қандай ережелермен

таныстыңдар? Ережені сақтау

әрқайсысың үшін не себептен маңызды

деп ойлайсыңдар? Біздің өміріміз

үшін ереже сақтау не үшін қажет?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1675
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі