Материалдар / «Біз Қазақстаннның балаларымыз– біз әртүрліміз» вариативтік компанент бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Біз Қазақстаннның балаларымыз– біз әртүрліміз» вариативтік компанент бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлама жұмысының негізгі мақсаты –балаларға адамгершілік - рухани тұлғалық толерантты тәрбие беру, әлеметтік - коммуникативті сапа негізінде дамыту. Қазақ халқының тарихын, қазақ тілін тереңдете оқыту. Тұлғаға сапалы адамгершілік - патриотты тәрбие беруде «Мәңгілік ел» құндылығын енгізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
386
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісілді ҚМҚК МЖДМ «Ручеек» б\б

Әдіскері

_____________Лапина Л.А.

«_____»____________2016 ж.



Қарастырылды ҚМҚК МЖДМ «Ручеек» б\б әдіскерлік кеңесінде

«_____»____________2016 ж.




Бекітемін

ҚМҚК МЖДМ «Ручеек» б\б директоры

__________ Н.А.Выхрыстюк

«_____»____________2016 ж













«Біз Қазақстаннның балаларымыз– біз әртүрліміз»

вариативтік компанент бағдарламасы

2016- 2017 ж.ж.










Педагог: қазақ тілі мұғалімі

Байгутанова Г.М.


















КМҚК МДМ «Ручеек» балабақшасы бағдарламасының төлқұжаты


КМҚК МДМ «Ручеек» балабақшасы бағдарламасының атауы.

«Біз Қазақстанның балаларымыз- біз әртүрліміз» вариативтік компанент бағдарламасы

КМҚК МДМ «Ручеек» 2016 - 2019 ж.

Бағдарламаға тапсырычс беруші КМҚК МДМ «Ручеек» балабақшасы.

«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «ручеек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, ата-аналар қауымдастығы.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру туралы шешім қабылдау күні мен негізі.

КМҚК МДМ «Ручеек» әдіскерлік кеңесінің отырысы 5 хаттама 11.01.2017 ж.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасын әзірлеушілер.

Қазақ тілі мұғалімі

Бағдарламаны үйлестіруші КМҚК МДМ «Ручеек».

КМҚК МДМ «Ручеек» директоры Выхрыстюк Н.А., КМҚК МДМ «Ручеек» әдіскері Лапина Л.А.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасының құрылымы.

Классификация бойынша: өнімділік.

Тип бойынша: инновациялық.

Түр бойынша: практикалық-бағытталған.

Ұзақтығы бойынша: ұзақ мерзімді.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасының болжамы.

Рухани адамгершілікке деген қызығушылықты дамыту және қолдануды іске асырудың нормативтік- әдістемелік базасын дайындаса, әдістемелік ресурстармен қамтамасыз етсе, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілірінің рухани және патриоттық құзреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасының мақ саты.

Бағдарлама жұмысының негізгі мақсаты –балаларға адамгершілік - рухани тұлғалық толерантты тәрбие беру, әлеметтік - коммуникативті сапа негізінде дамыту. Қазақ халқының тарихын, қазақ тілін тереңдете оқыту. Тұлғаға сапалы адамгершілік - патриотты тәрбие беруде «Мәңгілік ел» құндылығын енгізу.

КМҚК МДМ «Ручеек» негізгі міндеттері.

  • Балалардың рухани байлығын кеңейту;

  • Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

  • Тіл мәдениетін жетілдіру;

  • Ұлттық дүниетанымдық білімдерін толықтыру;

  • Отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

  • Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу;

  • Үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтей білуге тәрбиелеу.

КМҚК МДМ «Ручеек» мақсатты индикаторлары.

  1. Әдістемелік базаны толықтыру.

  2. Қазақ тілі мұғалімінің кәсіби құзреттілігін көтеру.

  3. Бағдарлама аясында балалардың адамгершілік патриоттық даму динамикасы 75%.

  4. Адамгершілік патриоттық тәрбиесінің пәндік ортасынын дидактикалық материалдармен толықтыру.

  5. Балабақша бағдарламасының мақсатын іске асыру бойынша алдыңғы қатардағы жұмыс тәжірибелерін балабақшаның сайтына енгізу.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасын іске асыруда күтілетін нәтижжелер.

  • Мектепке дейінгі балалардың бойына бағдарлама қызметі арқылы адамгершілік патриоттық білімдерін игерту арқылы Педагогтің кәсіби өсу құзреттілігін қалыптастыру.

  • Ұлттық құндылықтар балалардың бойына ойын қызметі модулі мен әдісі арқылы игертілді.

  • Балалардың бойына адамгершілік патриоттық тәрбиені игерту арқылы ата аналар арасында педагогтің кәсіби құзреттілігі көтерілді.


КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасына қатысушылар.

Балалар, педагогтар, атааналар.

КМҚК МДМ «Ручеек» бағдарламасын іске асыру кезеңдері мен мерзімдері.

І. Кезең «Диагностикалық-дайындық » (2016ж. қыркүйегінен 2017ж манырына дейін).

ІІ. Кезең «Негізгі», 2017ж. қыркүйегі – 2018ж. мамыры

ІІІ. Кезең «Аналитикалық» (2018ж. қыркүйегінен 2019ж. мамырына дейін).


Бағдарламаның өзектілігі:


«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің

Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!

Мәңгілік Ел – жалпықазақстандық

ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.

Бабаларымыздың арманы»

Н.Ә.Назарбаев


Баланың жүрегін Отан деп соқтыру, оны атамұра құндылығын бағалауға, ізеттілікке тәрбиелеу, еліне, туған жеріне деген мақтаныш сезімін ояту, өз халқының мәдениетіне қатыстыру жайында көптеп жазылған.

Отан деген сезім балаға отбасынан, яғни ең жақын адамдары: анасынан, әкесінен, атасынан, әжесінен беріледі. Бұл оны қоршаған ортамен және туғандарымен жалғайтын күре тамыры.

Баланың Отанға деген сезімі оны қоршаған ортадан, көз алдындағы көріп жүрген нәрселерге таңданысынан, таңырқауынан, жанына жақын үн қосатын дыбыстардан басталады. Бірақ баланың сезімі әлі көп нәрселерді терең ұғынбаса да, оны бала түйсігінен өткізу оның потриоттық жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Сонымен қатар баланы туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде, оның жақын айналасының да әсері бар. Бала туғанда біртіндеп отбасымен, балабақшасымен, көшесімен, қаласымен, сосын елімен, жерімен, астанасымен, рәміздерімен танысады.

Отан... Балаға өз Отанының қандай екенін, оның дәстүрімен, көрікті жерлерімен, Астанасыен, халық қалаулыларымен, ел мақтаныштары мен, халықтық педагогикасын көрсетіп, таныстыру керек. Таныстыра отырып оны «Мәңгілік ел!» азаматы ретінде қалыптастыру.

"Біз Қазақстанның балаларымыз -біз әр түрліміз" вариативтік компонент бағдарламасы арқылы Жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын мектеп жасына дейінгі балалардың бойына қалыптастыру бағдарламаның объектісі.


Басқару сапасы, мынандай компоненттермен қамтамасыз етеді:

  • "Біз Қазақстанның балаларымыз - біз әр түрліміз" вариативтік компонент бағдарламасы арқылы Жалпыұлттық "Мәңгілік Ел" патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын мектеп жасына дейінгі балалардың бойына қалыптастыра отырып, мектепке дейінгі білім тетіктерінің бағдарын күшейту.

  • Осы негізінде жаңашылдықты енгізу және адамгершілік-рухани дамыту сапасын бақылауда жүйелі тәсілді жетілдіру.

  • Жаңашыл- педагог ретіндегі оның рөлі мен педагогикалық үрдістегі оның инновациялық бағыттағы педагогтің кәсіби жұмысының мәнін түбегейлі өзгерту.

  • Ойды енгізу:

«Гүлден бер менің Қазақстаным» үйірме түріндегі білім берудің қосымша бағдарламасы. Бұл үйірме балалардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады, осы білім саласы бойынша кеңінен хабардар болады, қарым-қатынас дағдыларын байытады және осы бағдарлама үрдісінде бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.


Бағдарламаның негізгі принциптері:

Балаларға қазақ тілін оқыту процесін ұйымдастырудағы маңызды да қажетті мақсат – тілдік дағдылардың бағдарламада көрсетілген көлемін қалыптастыру көзделеді. Сондықтан, үйірмеде қазақ тілін меңгерудің тиімділігі жұмысқа дайындық және оны жүргізу кезінде ескерілетін көптеген факторларға тәуелді.

Түсініктілік принципі - тамсырмалардың күрделілік деңгейін және олардың көлемін анықтау;

Үйірменің құрылымы іс – әрекетті - қамтиды, қабылдау әрекеті практикалық іс – әрекетпен байланыстырылады.

Лексиканы оқыту «қар кесектері» принципі бойынша құрылған, демек, әр жаңа сабақта жаңа сөздер мен сөз тіркестері қосылып отырады.

Сабақ тақырыпқа орай көркем шығармалар, қимыл - қозғалыс және дидактикалық ойындарды қолдана отырып өткізіледі.

Ереже мен тәжірибе принципі балалардың алған білімдерін күнделікті қолданыста қалыптастырады;

Шеберлік пен дағды принципі - ең маңызды, себебі бірнеше мәрте қайталау нәтижесінде балалардың сөйлеу тілі қалыптасып, жетіледі;

Шеберлілік пен дағды білімнің бірізділігі мен жүйелік принципімен ұштасады;

Белсенді оқу принципі оқу процесін құруда көптеген оқу әдістерін қолдану арқылы, баланың дербес және шығармашылық дамуына септігін тигізеді (ойын технологиясы, жұппен, топтық жұмыс жүргізу, саяхатқа шығу)

Балалармен өзара ынтымақтастық принципі. Әр бала үлкеннің іс–әрекетін мысалға ала отырып, өз қарқынымен үнемі жетістіктер арқылы алдыға жылжу керек.

Бағдарламаның бағыты:

  • Балаларды жалпы халықтық құндылықтарға тәрбиелеу, потриоттық және толеранттық тәрбие беру.

  • Барлық ұлтқа бірдей «Мәңгілік ел» негізгі ойын іске асыру.


Бағдарламаның тиімді критерилары:

  • Мектепке дейінгі білім беру мен оқыту мазмұнын жаңарту.

  • Бағдарлама тақырыбы бойынша, нормативті әдістемелік базаның болуы.

  • Балалардың, танымдық коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын жетілдіру.

  • Педагогтардың кәсіби деңгейінің өсуі. Педагогтар бағдарлама құру әдісін игерген.

  • Балалардың толеранттық даму бағытында біліи беру ортасын ұйымдастыру арқылы педагогикалық, инновациялық технологияларды қолдану облысында педаготердің құзреттілігі.

  • Оқу тәрбиелеу үрдісіне дамытушылық әдіс тәсілдерді енгізу.

  • Бағдарлама тақырыбы бойынша педагогтің тәжірибесінің болуы.

  • Бағдарламаға қатысушыларды қызмет ірекетімен қанағаттандыру.


Бағдарламаны технологизациялау көрсеткіштері:

  1. "Мәңгілік Ел" Жалпыұлттық патриоттық идеясын адамгершілік құндылықтар негізінде адамгершілік рухани дамуды иеленген мектеп жасына дейінгі бала.

  2. Балалардың рухани адамгершілік дамуы 75% дамыған.

  3. "Біз Қазақстанның балаларымыз - біз әр түрліміз" вариативтік компонент бағдарламасы баланы сапалы адамгершілікке әзірлейді.

Бағдарлама өнімін сипаттау:

Баланың бойына адамгершілік рухани құндылықтарды дарыту, жүрегін Отан деп соқтыру, оны атамұра құндылығын бағалауға, ізеттілікке тәрбиелеу, еліне, туған жеріне деген мақтаныш сезімін ояту, өз халқының мәдениетіне қатыстыру бағдарламаның жалпы бағыты болып келеді. Сондықтан балаларды адамгершілік патриоттық құндылықтарға тәрбиелеу бағдарлама жоспарын іске асырудың маңызды бөлігі болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру үш блокқа бөлінген:

І блок

«Менің Отаным Қазақстан» - мақсаты қазақ халқының тарихын, тілін тереңдете оқыту. Тұлғаға сапалы адамгершілік - патриотты тәрбие беруде «Мәңгілік ел» құндылығын енгізу.

  • «Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны» фильмін тамашалау арқылы балаларды қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен және қызметімен танысады;

  • «Қазақстан Республикасының рәміздері» бұл балаларды ҚР мемілекеттік рәміздерімен таныстыстыру мен үйрету мақсатын көздейді;

  • «Астана бас қала», «Балқаш қаласы», «Қазақстанның қалалары» слайдтары балаларды өз туған өлкелерінің, Астана қаласы және қазақстан қалаларының көрікті жерлерімен таныстыруды мақсат етеді.

  • «Қазақ халқының тарихы» балаларды қазақ халқының жауынгер халық болғандығын, қазақ халқының ер жүрек батырларымен, ұлы, данагөй аталарымен, билерімен қалалық мұражай қызметкерлері арқылы бірлесе отырып таныстыруды көздейді.

ІІ Блок

«Халықтық педагогика» - оның мақсаты балаларға адамгершілік - рухани тұлғалық толерантты тәрбие беру, оларды әлеметтік - коммуникативті сапа негізінде дамыту

  • Бұл блок халық ертегілер, жаңылтпаштар, санамақтар, бесік жырлары, айтыс, ойындар арқылы өз мақсаты мен міндеттерін іске асырады.

«Ұлттық этикет» - балалардың адамгершілік құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеуге мақсатталған.

  • Бұл блок «Киіз үй және оның құрлысы» слайды, қазақтың ұлттық ойындары «Бәйгі», «Ханталапай», «Арқан тартыс» ойындарын ойнату, қазақ салт – дәстүрімен таныстыру арқылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!