Бекітемін:________
Мектеп
директоры: С.Е. Абеев
Тақырыбы: «Біз
шаңырақ астында!» спорттық отбасылық
сайысы
Мақсаты: Оқушыларды
және ата-аналарды сұлу да сымбатты,
денсаулығы зор, күшті болу үшін денені
шынықтыру, оларға спортпен айналысуын
қажет екендігінің манызын түсіндіру.
Оларға спорттық ойындарды орындата
отырып, спортқа деген қызығушылықтарын
арттыру. Салауаттану – адам жанының
да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының
жақсаруы, сондықтан салауатты өмір
салтын ұстануға тәрбиелеу.
Қатысышылар:
5-6
сынып оқушылары және ата-аналары.
Түрі:
отбасылық спорттық сайыс
Құрал–жабдықтары:
Доптар,
қапшықтар, төсеніш, қасық, жұмыртқа,
кегли, плакат, шарлар, арқан, фламастер.т.б.
Өтілу
барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі.
Негізгі
бөлім.
Қадірменді
спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар
мен ата-аналары арасында өткізгелі
отырған «Біз
шаңырақ астында!»
атты отбасылық
спорттық
сайысымызға қош келдіңіздер! Отбасылардың
бірге орындайтын спорттық өнерлерін
көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және
көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш.
Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы
қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды.
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше
кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп
беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір
ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз
әр топ отбасыларына сәт сапар
тілейміз!
(Әр
отбасы орындарына келіп тұрады)
Әр
таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді
ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа
қатысуға келіп тұрған,
______________________
отбасын шақырамыз.
Ойнайық,
та ойлайық!
Күшімізді
көрсетейік, сынайық!
Жеңсең
де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпайық
, көңілді болып тарайық деп ортаға
______________________________отбасын
шақырамыз.
Денсаулық
басты байлық өмірдегі
Нәр
беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты
өмір салтын насихаттап,
Аттанайық
жақсы азамат өңірдегі дей келе
_______________________________отбасын
шақырамыз.
Спорт
біздің досымыз,
Күш
қайратын сынға алған.
Спорта
біздің досымыз,
Бала
кезден шыңдалған деп
_______________________________отбасын
ортаған шақырамыз.
Ал,
құрметті халайық!
Жарысты
енді көріңдер.
Әділ
қазы алқасы,
Әділ
баға беріңдер!
Сайысты
бастамас бұрын, сайысымызды бағалап,
төрелік ететін
әділқазылар
алқасымен таныстырып өтейік.
1.Дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі: Шарипов
М.Б.
2.Тәрбие
ісінің меңгерушісі: Жанғалиева М.А.
3.Оқу
ісінің меңгерушісі: Байжұманова А.С.
Спорттық
сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайысымыздың
бағдарламасы 8 кезеңнен тұрады:
1-кезең:
«Менің отбасым»
таныстыру.
2-кезең:
«Кім жылдам?»
қапшық сайысы.
3-кезең:
«Алтын жұмыртқа»
сайысы.
4-кезең:
«Кім шапшаң?»
сайысы.
5-кезең:
«Жанды баскетбол» сайысы.
6-кезең:
«Кім епті және шапшаң?» сайысы.
7-кезең:
«Желаяқтар»
сайысы.
8-кезең:«Арқан
тартыс» сайысы.
Әр
кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын
береді.
Құрметті
сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа
қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй,
батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды
бастаймыз.
1-кезең:
«Менің отбасым»
таныстыру.
Өнер
қуып отбасы өтер дейміз,
Бір
басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа
келген топтар кезектесіп.
Таныстырып
өздерін кетер дейміз.
Әр
отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін
таныстырып өтеді.
2-кезең:
«Кім жылдам?»
қапшық сайысы.
Шарты:
Белгіленген
жерге дейін қапшықты киіп секіріп барып
келеді.
Бірінші
баласы орындайды, екінші анасы орындайды,
соңында әкесі орындайды.
3-кезең:
«Алтын жұмыртқа»
сайысы.
Шарты:
Алтын жұмыртқаны қасықпен алып
кедергілерден өтіп межеге жүгіріп барып
келеді. Бірінші анасы бастайды, әкесі
жалғастырады, баласы аяқтайды.
4-кезең:
«Кім шапшаң?»
сайысы.
Шарты:
Тар жолдан жүгіріп барып, белгіленген
әріптерді тобына алып келіп сөздерді
құрастырады. Бірінші әкесі орындайды,
анасы жалғастырады, баласы аяқтайды.
5-кезең:
«Жанды баскетбол» сайысы.
Шарты:
Кедергілерден өтіп баскетбол добын
еденге соғып алып келіп себетке лақтырады.
Бірінші
анасы бастайды, әкесі жалғастырады,
баласы аяқтайды.
6-кезең:
«Кім епті және шапшаң?» сайысы.
Шарты:Төсеніштен
жүгіріп өтіп, кілтті тауып алып клубты
ашады.
(уақыт
есептелінеді). Жеке топ болып орындайды.
7-кезең:
«Желаяқтар»
сайысы.
Шарты:
Арқаға
қарап белгіленген межеге дейін жүгіріп
барып сурет салып қайтып келеді.
Бірінші әкесі орындайды, анасы
жалғастырады, баласы аяқтайды.
8-кезең:«Арқан
тартыс» сайысы.
Шарты:
Екі отбасы мүшелері арқан бойымен
ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Белгі берісімен екі отбасы арқанды
өзіне қарай бар күштерін сала тартады.
Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы
мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол
отбасы жеңіледі.
Әділқазылар
алқасы сіздердің қорытынды бағаларыңызды
тыңдасақ!
Қорытынды
бөлім.
Жарыс
заңы ежелден-
Жеңімпазды
анықтау.
Жеңімпаз
болу шарты сол-
Еңбектену,
жалықпау.
Біреу
озса сайыста,
Біреу
артта қалады.
Жеңілгендер
ренжімей,
Тараса
бізге жарады.
Таңданайық,
спортқа тамсанайық,
Бәріміз
де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын,
көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді
мадақтап қол соғайық! — дей келе,
сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп
жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер
отбасыларды мадақтау үшін сөзді
әділқазылар алқасына береміз.
Демеңіздер,
біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл
де біраз жерге таяп қалды.
Сау
болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен
спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін
алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық
сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір
отбасыға алғысымызды білдіреміз!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!