«Біз спортты сүйеміз» отбасылық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біз спортты сүйеміз» отбасылық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып , спортқа деген қызығушылық- тарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да , тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы , салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз спортты сүйеміз» отбасылық сайысы

 Тақырыбы :     «Біз спортты сүйеміз»   отбасылық  сайысы.

 Мақсаты:    Балалар  мен  ата-аналарға  спорттық  ойындарды

                    орындата  отырып   спортқа деген қызығушылық-

                    тарын  арттыру. Салауаттану – адам  жанының  да ,

                    тәнінің де  тазаруы,  денсаулығының  нығайуы ,

                    салауатты  өмір  салтын  ұстануға тәрбиелеу.

Керекті  құралдар: доптар,  кеглилер, шығыршық, доп, шелек,

арқан, секіртпе, кубиктер, қаптар.

Жүргізуші:

Шынықсаң  шымыр  боларсың,

Сауығып  айдай  толарсың.

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боларсың.

Жеңімпаз   болу оңай ма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті  әріптестер, ата-аналар  және  балалар  бүгінгі «Біз спортты сүйеміз» отбасылық   сайысымызға  қош  келдіңіздер. Көңілді жарысымызға бала-бақшамыздың бүлдіршіндері  мен  ата-аналары  қатысады.

( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)

Жарысқа  қатысушыларды  шақырамыз,

Әр  таңды  бақытпенен  атырамыз.

Өнерді  ой  көгінде  бақылаңыз,

Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға


1_________________________________________________отбасын  шақырамыз.

2_________________________________________________отбасын  шақырамыз.

3_________________________________________________отбасын  шақырамыз.


Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)

Құрметті сайысқа қатысушылар қанеки бойымызды қыздырып , жаттықтырып алайық .

/спорттық әуенге / жаттығу жасау.
  Жүргізуші:  «Т о л а ғ а й » отбасылық  сайысы -еліміздегі отбасылардың  атсалысуымен  өтетін  тәрбиелік  маңызы  зор ойын – сауықты  бағдарламалардың  бірі.  Олай  болса сайысымызды  бастайық.





Ал, құрметті  халайық!

Жарысты  енді  көріңдер.

Әділ  қазы  алқасы

Әділ  баға  беріңдер.


Сайысымыздың  әділ  бағасын  беретін  әділқазылар  алқасымен таныс болайық

1. Балабақша  әдіскері:

2. Балабақша меңгерушісі:

Сайысымыз  7  кезеңнен  тұрады.

1    Кезең:   үй тапсырмасы
шарты:  (әр отбасы тобын, ұранын айтып  таныстырады)

2   Кезең:  «Такси»

Ойын шарты:Әкесі шеңберді ұстап жүгіріп келіп анасын содан соң баласын ұстап жүгіру. Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады. Қайтқанда анасы шеңбермен отбасын тасыйды. Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

Қалыспа, дайындал, алға!

3   Кезең:  «Тез жеткіз»

Ойын  шарты: Бастапқы орыннан бірінші әкесі баласын арқасына отырғызып апарады,қайтпрда жүгіріп қайтады.Анасы жүгіріп барып баласын қолынан ұстап секіріп қайтады.

Қалыспа, дайындал, алға!

  Кезең: «Көңілді поровоз»әкелер мен аналарға арналған ойын

Ойын шарты: Әкесі мен анасы жолақшамен мәреге барып,қайта қайтады..
  Қалыспа, дайындал, алға!

 Кезең: «Аналар сайысы»

Ойын шарты:аналар қарама-қарсы тұрып белгі бергенде жердегі сандарды жылдам алулары қажет.

Қалыспа, дайындал, алға!

6    Кезең: «Әкешім менің мақтанышым»

Ойын шарты:
Әр команда әкелері шеңбер құрып тұрады да,мәре сызығына дейін шарды жерге түсірмеә барып,қайта келеді.

 Қалыспа, дайындал, алға!

7    Кезең:  «Біз бақытты отбасымыз» отбасылық ойын

Әуен қосылғанда отбасылар шашырап жүгіреді,белгі бергенде отбасылар бірге жиналып тұру қажет.

 Қалыспа, дайындал, алға!

Жүргізуші:

Жарыс  заңы  ежелден-

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарады.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы алқасына  сөз  кезегін

береміз. (Әділқазыларды  тыңдау)

Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып,

отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымыз

шексіз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!






























МКҚК № 7 «Арман» бөбекжай-балабақшасы












«Біз спортты сүйеміз!»

отбасылық  сайысы.











Дене шынықтыру нұсқаушысы:Кенжегулова.С.Х

Бекеева.Ж.Б



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
19
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі