"Біз-тәуелсіз елдің болашағымыз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біз-тәуелсіз елдің болашағымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздікке ашық тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқу орны:

Д.Бабаев атындағыи № 115 жалпы білім беретін мектеп

Күні:

13.12.2024

Сынып жетекшісі:

Шынжырбай Алуа Мұратқызы

Сынып

5 «А»

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы:

«Біз-тәуелсіз елдің болашағымыз»

Сабақтың мақсаты:

1. 1986 жылы көтеріліске қатысқан батырлармен таныстыру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерін құрметтеуге дәріптеу.

2. Жаңа Қазақстанды көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу.

3. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін сақтауға, Отанды сүюге тәрбиелеу ;


Көрнекілігі

Слайд, бейнематериал, жасанды интеллект видеолары, макеттер, буклеттер.

Барысы:



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Оқытушының іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

ҚР әнұраны шырқалады.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.


Барысы

2 минут













































Бейнематериал

5 минут











Көрнекілікпен жұмыс жасау.

5 минут

































«Тұлғаны тану»

7 минут





















































Қазақтың ұлттық ойыны

«Көкпар»

5 минут





«Бәйге» ойыны

(сергіту)

3 минут















«Стоп кадр»

3 минут





«Go space»

3 минут







Экскурсия

4 минут

















Қорытынды

5 минут


Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

- «Біз-тәуелсіз елдің болшағымыз!» тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді.1986 жылғы оқиға халықтың есінде сақталады.Балалар , біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, Олар: Е.Сыпатаев, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова.

  • Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)

  • Енді міне , осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымызбен апаларымыздың арқасында армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай,өз еркімен өмір сүру деген сөз. Елімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып есептелінеді.


-Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінеміз?

Өзіндік шекарасы, ту, әнұраны, елтаңбасы, тілі, валютасы бар мемлекет

Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.

Біздің өзіміздің туымыз ,елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, бейнебаянға назар аударайық! Мұқият қарап, мәліметтерді есте сақтап отырамыз.

1986 жылғы көтеріліске тоқталып өтсек.

-Желтоқсан көтерілісі туралы не білесіңдер?

(Қазақстан картасындағы сұрақтарға жауап бер)

Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі. Өзіңде бар – Елбасы

Туыңда бар, әрине

Елтаңбаң бір ертегі,

Әнұраның тәрбие.

Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.

Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.





Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.




Өзіңде бар – Елбасы

Туыңда бар, әрине

Елтаңбаң бір ертегі,

Әнұраның тәрбие.


Сендер тәуелсіз отанымыздың ұрпақтарысыңдар, жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болыңдар. Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар

Тақтада көрсетілген батырлардың өмір жолына тоқталсақ.

1.Қайрат Рысқұлбеков

2. Ляззат Асанова

3. Сабира Мұхамеджанова

4. Ербол Сыпатаев

Осы сәтте батырлардың ерліктерін көріп, елім деп, жерім деп соққан жүректері, батырлық ерліктері әрқашан біздің жүрегімізде сақталмақ. Мәңгілік Тәуелсіз ел болғымыз келсе балалар, білімді болуымыз керек. Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Менің есіме Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңі есіме түсіп тұр, кім оқып береді мәнеріне келтіріп.

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған,-дей келе Арыстанның орындауында «Адай» күйі.

Көкпар-қазақтың ұлттық ойыны. Сыныптың ішінде шағын көкпар ойынын ұйымдастырайық.ортаға 4 оқушыны шығарсам, әр балаға 4 сұрақтан. Кубикты қазандыққа лақтырамыз, қанша ұпайға түседі, сол жердегі қойлардың үстіндегі сұраққа жауап береміз. Өз балымызды есептеп отырайық.


Бәйге — ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар.Ат дегенде делебесі қозбайтын қазақ халқы жоқ шығар. Атымыздың қызу басылмай тұрғанда «Бәйге» ойынын ұйымдастырайық. Ортаға 4 оқушы шықса, аттарды жарыстырып, ішіндегі тәтті сыйлығын алайық.

Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Нақышына келтіріп билейтін жігіттерімізді ортаға шақырсам.

Кинолента дегенді естулеріңіз бар шығар, мен қазір өлең қосамын, өлең тоқтаған кезде лентаны орауларыңызды тоқтатасыздар, тоқтаған суретке байланысты мәлімет айтасыздар.

Болашақ Қазақстанды көз алдарыңызға қалай елестетесіздер? Нені армандайсыздар? Кубиктағы жасанды интеллект бойынша жасалған болашақ Қазақстанды бірге көрейік.





Тәуелсіздік монументіне тарих пәнінің мұғалімі Гүлден Еділбекқызымен экскурсия жасаған болатынбыз. Қанекей, бәріміз видеоны тамашалайық.

Тәуелсіздік монументі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Көптеген мәліметтер білдік, ішкі сезімдеріңізбен бөлісіп, Тәуелсіздік туралы не білдіңіз соны айтсаңыздар. «Тәуелсіздік» сөзін талдау.

Тәуелсізбіз, азат елміз бүгінде,
Қуанышы, шаттығы бар жүзінде.
Қиындықтан тайсалмайтын қазақпыз,
Жаны жайсаң, қайсарлық бар үнінде.

Бүгінгі сабақтан білгендерімізді ортаға салсақ, Тәуелсіздік туралы толғайық.

Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені,-дей келе бүгін біздің ашық сабағымызға көк Туымыз келіпті, қарсы алайық. «Мен Қазақпын!» өлеңімен.
















































Бейнематериалды мұқият көріп, есте сақтайды.










Мемлекеттік рәміздердің авторларын айтады.
































Тақтада көрсетілген Желтоқсан құрбандары туралы мәліметтер айтады.


































Мағжан Жұмабаевтың

«Мен жастарға сенемін!» өлеңін жатқа оқиды.









«Көкпар» ойынын ойнап, әр топ қанжығаларына ұпайларын жинайды.













Ат жарысына қатысады, жеңген оқушы тәтті шоколадтар алады.

















«Стоп кадр» әдісі бойынша өлең тоқтаған кезде, қай суретке тоқтайды, сол суреттің тарихын айтады.


Жасанды интеллект бойынша видеоны көріп, өз ойларын айтады.






Экскурсия кезіндегі ішкі сезімдерімен бөліседі. Тәуелсіздік сөзін талдайды.





















Өлең шумақтарын оқиды.







«Мен қазақпын!» өлеңін хормен орындайды.






















































































Wordwall.net





































































3д модель. Gospace

























Анықтама

«Д.Бабаев атындағы №115 ЖББМ» КММ-де Тәуелсіздік күніне орай аудандық семинарда 5 «А»-сынып оқушыларымен сынып жетекші Шынжырбай Алуа Мұратқызының ұйымдастыруымен «Біз-тәуелсіз елдің болашағымыз» атты ашық сабақ болып өтті. Ашық сабақ барысында, қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар», «Бәйге» ойындары ойналып, сұрақтар қойылып жауап берілді. «Стоп кадр» әдісімен оқушылар Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтерді айтып, бір-бірімен ақпарат алмасты.

Тәуелсіздік монументіне экскурсия барысындағы сезімдерімен бөлісіп, тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз деп ұрандап, «Мен қазақпын!» өлеңімен тәрбие сағатын аяқтадық. Тәрбие сағаты барысында жаңа әдіс-тәсілдер қолданылып, тақырып барынша ашылды. Ауданнан мұғалімдер келіп қатысып, сабақты жоғары деңгейде бағалады.







«Д.Бабаев атындағы 115 ЖББМ» КММ-нің 5 «А»-сыныбы оқушылары, сынып жетекшісі: Шынжырбай Алуа Мұратқызы











Ашық сабақтан көрініс

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
58
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі