Біз тұратын қала (байланыстырып сөйлеу)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз тұратын қала (байланыстырып сөйлеу)

Материал туралы қысқаша түсінік
• көлік түрлерінің атын үйрету; • қоғамдық көлікте өзін-өзі дұрыс ұстауға, жол қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу; • туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 10.10.2017 ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Біз тұратын қала (байланыстырып сөйлеу)

Мақсаты:

  • көлік түрлерінің атын үйрету;

  • қоғамдық көлікте өзін-өзі дұрыс ұстауға, жол қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу;

  • туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: автобустың рөлі, аялдама атаулары жазылып, белгілері салынған тақтайшалар, қаланың көрікті жерлері мен ескерткіштерінің суреттері.

Сөздік жұмысы: саяхат, көлік, үлкен, кең, жарық.

Билингвалды компонент: саяхат – путешествие, мұражай – музей, әуежай – аэропорт.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті музыка залын-да өтеді.


-Балалар, мен сендерді қызықты саяхатқа апар-ғым келіп тұр. Саяхатқа үлкен, жұмсақ орын-дықтары бар автобуспен барамыз.


Балалармен бірге жүргізушіні таңдайды, көлік-тің ішінде тәртіп сақтап жүру керектігін еске түсіріп өтеді.

Саяхатқа шығуға қызыға ке-лісіп, тәрбиешімен бірге жүргізушіні таңдайды.


Көлік ішінде тәртіп сақтау керектігін (қағаз тастамау, қатты сөйлеспеу,үлкендерге орын беру, т.б.)қайталайды.



Ұйымдастыру- іздестіру


Тіл ұстарту жаттығулары

Қа-қа-қа

Мәшинеңді тақа

Автобус жүреді.


«Көшелер» аялдамасына тоқтайды.


«Менің мекенжайым» ойыны

Балаларға өздері тұрған көшенің атын айтып, ол жерде қандай ғимарат барын еске түсіруді ұсынады.


Мнемотехника әдісімен қаланың көрікті орын-дарын ретімен сипаттап, әңгімелейді.


Залда немесе алдын ала ұйымдастырылған жер-де туған қаланың басты мекемелері мен ғима-раттарының суцреттері («Қ. Сәтбаев» ескерт-кіші, «Қазақ драма театры», «С. Торайғыров» ескерткіші, «Естай» мәдениет сарайы, «Өлке-тану» мұражайы, «Бұқар жырау» мұражайы, Автобекет, Әуежай, «Қазпошта») орналасады.


Тәрбиеші балаларға осы туған жердің мекеме-лері мен ғимараттары туралы әңгімелеп береді.


Екі-екіден қатарға тұрып, автобуста келе жатқандай, тәрбиешінің соңынан жүре-ді. Әр аялдамада шеңбер бойымен тұрады.


Ойланады, салыстырады. Допты бір-біріне кезек-кезек беріп, тұратын көшесін атайды.






Суреттерді тамашалайды.





Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.








Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру- іздестіру

Жаттығу аялдамасы

Сергіту сәті

Көше бойы келеміз,

Көше бойы келеміз.

Онда не бар, көреміз:

Автобекет, дүкендер,

Мұражай мен әуежай.

Барлық үйлер сәулетті,

Біздің қала әдемі.


Сөздік жұмысы: «саяхат, көлік, үлкен, кең, жа-рық» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.


«Өнер» аялдамасы

Шығармашылық сәт

Балаларды «Өнер орталығына» отырғызып, «Менің қалам (ауылым)» тақырыбына сурет салуды ұсынады.

Аралап тексеріп, көмектесіп жүреді.


«Тапсырма» аялдамасы

Дәптермен жұмыс

Суреттердің ішінен Астана қаласының ескерт-кіштерін тауып, белгілеуді ұсынады.


Мақал аялдамасы

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді.




Өлең жолдарын бірге айтып, мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.





Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.





Туған қаласының (ауылының) суретін салады.





Астана қаласының ескерт-кіштерін тауып, белгілейді.




Мақалды тыңдап, мағынасын түсініп алады.

Рефлексивті- түзетушілік

Сұрақтар аялдамасы

Сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін талдап, қоры-тады.

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.



Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

туған қаласы жайында әңгімелеуді.

Нені игереді

сөздерді дұрыс қолданып, күнделікті өмірде өз ойын жеткізуді.

Нені біледі

туған жерін, елін сүюді, қорғауды, құрметтеуді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2018
1666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі