Біздің айналамыздағы ақпараттар 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің айналамыздағы ақпараттар 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ ызылорда облысы

Қармақшы ауданы

79 негізгі мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2.А Мектеп: № 79

Ақпарат және өңдеу

Күні: Мұғалімнің есімі: Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біздің айналамыздағы ақпарат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.1.1 Әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Әртүрлі ақпаратты атайды және көрсетеді

Оқушылардың басым бөлігі: Ақпарат түрлеріне мысалдар келтіреді

Кейбір оқушылар: Ақпарат көздері мен ақпарат түрлерінің маңызын түсіндіре алады.


Бағалау критерийі

Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтайды


Тілдік мақсаттар

Термин сөздерді тиімді пайдаланып, ақпараттың түрлерін ауызша түсіндіре алуға баулу

Пәндік лексика мен терминология: ақпарат, ақпаратты ұсыну формасы, мәтін, сан, дыбыс, графика.

Сыныптағы диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ақпарат дегеніміз бұл...

Ақпарат берілу тәсіліне байланысты...

Дыбыс түрінде берілген ақпаратқа ... жатады.

Графикалық түрде берілген ақпаратқа ... жатады.

Құндылықтарға баулу

-жауапкершілік

-қарым-қатынас жасау қабілеті

-өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану 3 сынып "Адам организмі", бейнелеу өнері, музыка

Алдыңғы білім

Оқушылар информатика пәнінде ақпараттармен жұмыс жасау екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы











Ұйымдастыру кезеңі;

Үй тапсырмасын сұрау. «Теннис сұрағы» әдісі арқылы

Оқушылар екі қатарға тұрып, бірінші оқушы қарсы тұрған сыныптасына өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. Егер дұрыс жауап берілсе,қасында отырған келесі оқушы қарсы беттегі оқушыға сұрақ қояды.ал егер жауап қате болса, қарсы қатар сұрақ қояды. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі, ұпай саны жоғары болған қатардың мүшелері–жеңімпаз атанады.


Бағалау: Қатарлар бірін-бірі жұлдызшамен бағалайды






Жұлдызшалар

5-конечная звезда 11 5-конечная звезда 11

5-конечная звезда 11



Жаңа тақырыпты ашу












Топқа бөлу


«Бұзық телефон» ойыны арқылы бірінші оқушы өзінің қасындағы оқушының құлағына мұғалім берген ақпаратты мұқият оқып алады да, жатқа айтады.ол әрі қарай жеткізеді, солай жалғасады. соңғы оқушыға дейін ақпарат толық немесе өзгеріп жетуі мүмкін.

Осы жерде ақпарат қай жерден қате айтылды, яғни телефон қай жерде бұзылғанын таба отырып, бұл әдіс қандай әдіс, не туралы, қандай әрекет жүрді, не өзгерді, не себепті, егер ақпарат бір-бірлерінің арқасына сурет салу түрінде арқылы берілсе ол қандай әрекет деген сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамыз.


"Туылған күн" әдісі арқылы топқа бөлу.

Қыс пен көктем немесе жаз бен күз мезгілдерінде туылғандарды біріктіру арқылы 2 топқа бөлеміз.







Сабақтың ортасы

(М) Интерактивті тақтада дайындалған флипчарт арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру (графикалық органайзерлер бойынша).

Тақырып түсіндірілгеннен кейін оқушыларға сұрақ қойылады.









Ақпарат туралы «үш сұрақ әдісі»


ҚАЙДА? Бұл терминдерді бұрын қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?


ҚАЛАЙ? Өз тәжірибеңде бұл атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?


ҚАНДАЙ? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?


Флипчарт


Топтарға қосымша ақпараттық ресурс таратылады.


(Т) Топтық жұмыс. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы

1 топ

1. Ақпарат деген не?

2. Ақпараттың қандай түрлері бар?

3.Адам ақпараттың қандай түрлерін пайдалана алады?

4.Адам ақпаратты қайда және қалай сақтайды?

5.Жеткізушіден қабылдаушыға қандай ақпарат беріледі?


2 топ

1. Неліктен ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз? Суретке қарап ақпаратты қабылдау түрлері жайлы айтып беріңдер



Топтар бір-бірін «Ақылдының алты қалпағы» әдісі бойынша бағалайды.


Топтың әрбір мүшесі бір қалпақтан киіп отырады. Топтық жұмыс қорғалғаннан кейін қарсы топтағы қалпақ иелері өз тұжырымдамасын айтып қорғаған топтың бір мүшесіне кигізеді.


1-қызыл қалпақ-түйсік, сезім, болжам, менің түйсіктік реакциям. Менің түйсігім маған не дейді?


2-сары қалпақ- позитив, жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай?


3-жасыл қалпақ- креатив, менде ұандай идеялар бар, не қоса аламын?


4-ақ қалпақ- фактілер, менде қандай ақпарат бар, маған қандай ақпарат алу қажет?


5-қара қалпақ- жағымсыз, жағымсыз кезеңдер, қандай проблемалар бар?


6- көк қалпақ- шолу, мен өзіме не аштым, тағы не ашылған жоқ


Қосымша ақпараттық ресурс










Жұптық жұмыс «Не/Қалай/Неліктен негіздемелері» әдісі

Тапсырма. Жұптар суретке қарап ақпарат көздері, ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастырады және мәтінге атау қойып, компьютерде теріп жазады.

Болған соң «Не/Қалай/Неліктен негіздемелері» әдісі

бойынша осы сұрақтарға жауап беретін қысқаша негіздеме жазады.





Б ағалау: жұптар бір-бірін ақпараттың қалаған түрін пайдалана отырып, бағалайды (мысалы біреулері графикалық ақпарат түрімен бағалаймын деп смайлик не фигура беруі мүмкін, кейбірі мәтіндік ақпаратпен деп оларға пікірлерін мәтін түрінде жазып беруі мүмкін, үшінші біреулері дыбыстық ақпарат деп пікірлерін немесемадақтамаларын не кемшіліктерін дыбыстау арқылы)

3 тапсырма. Жеке жұмыс. «Инсерт» әдісі

Ақпараттың атауы мен түрлерін көрінісі арқылы анықта

1.Оқушылар тапсырманы орындайды.

2.Тапсырмаға «!» не «?» тыныс белгілерін қояды

«!»- берілген тапсырманы түсіндім

«?»-берілген тапсырмаға сұрақтарым бар

3.«?»белгісі қойылған оқушылар анықталады. «!» қойылған оқушылар өз түсінгенін баяндайды. Барлық «?» белгісіне жауаптар беріліп, бекітіледі.

















DrawObject1













БDrawObject7 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject2 DrawObject5 DrawObject6 ағалау: Оқушылар өзін-өзі "Блоб ағашы" әдісін пайдаланып бағалайды

Окушы кандай дарежеде оз бiлiмiн корсете алды, агаштан озiн тауып бояп кояды.









Жылдамдығы жоғары оқушыларға қосымша тапсырма:

Жұмыс дәптерлерінде орындайды.










Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасау кезінде кейбір оқушыларға қажеттілігіне қарай диалог арқылы қолдау көрсетемін.


Сергіту сәті:

Көзге арналған жаттығу»


ҚБ тапсырмалары. Жеке жұмыс.

Оқу мақсаты: 5.2.1.1. Әр түрлі ақпаратты атап шығу және көрсету

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

Тапсырма: Ақпарат түрлерін анықтаңыз

Д ескриптор Білім алушы

-ақпараттың берілу формасын жазады;


Оқушылардың жауап беру деңгейіне қарай ауызша кері байланыс беремін.


Сабақтың соңы

Қ орытындылау.

Кері байланыс: Табыс ағашы

Нені білдің?

Не түсініксіз болды?

Сабақ несімен қызықты болды?


О қушылар сабақ соңында алдына қойған мақсаттарына жетті ма, соны жазып, стикерлерін толықтырып табыс ағашына жапсырады.


Үйге тапсырма: Бәйтерек монументі туралы әр түрлі формада ақпарат жинау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.07.2018
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі