400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты 2022 жылы 16-наурыз күні жариялаған жолдауына қатысты үн қосу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру


Қазақстан Республикасының президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын. Әсіресе, басты назар ел тұтастығы мен бейбітшілігіне, болашақтағы әртүрлі қауіп-қатерлерге дайындық жасау, дағдарыстар мен сындардан өтуде алғышарт болатын реформаларға аударылды.

Қазақстан жұршылығы тәуелсіздіктің 30-жылдық тарихының, жетістіктер мен кемшіліктердің куәгері болды. Ендігі кезекте жаһанда болып жатқан өзгерістер мен сын-қатерлерге ұтымды жауап бере алатын, ел іргесін шайқалтпай, Республиканың әрі қарай дамуына берік негіз қалайтын жаңа саяси-экономикалық тұрғыда өзгерістерді жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселе болмақ. Оның кейбір бағыттарын мемлекет басшысы өз жолдауында атап өтті. «Біз кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет», – делінген. Яғни әр азамат жолдауға қатысты өз көзқарасын білдіріп, талқыға салуы қажет.

«Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру». Ал Жаңа Қазақстан дегеніміз не? Менің түсінігім бойынша, Жаңа Қазақстан – статистикалық көрсеткіштер үшін емес, нақты сапалы нәтижеге қол жеткізуді өмірлік ұстанымы етіп алған халық. «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек», – деп Қ.-Ж.К. Тоқаев дөп басып айтқан болатын.

Алаш ардақтылары қалайша халық жадында позитивті кейіпте сақталып келеді? Оның жауабы – адалдықта. Яғни, алаш арыстары өз халқына, жеріне, тіліне, дініне адалдығы. Басын бәйгеге тігіп, қызыл террор заманында жасқанбай, ұлт болашағы үшін күресуі. Сонымен қатар, ел ішіндегі көзі ашық азаматтар мүдделерінің бір жерде тоғысып, бір бағытта еңбек етуі. Олай болса, бүгінгі таңда мемлекет басшысы жариялаған жолдауды саралап, оған үн қосып, еліміздің жарқын болашағы үшін ұсыныстар айтылуы қажет.

«Жаңа Қазақстан», ол – ең алдымен осы мемлекетте тұратын азаматтар. Олай болса, «санның сапаға айналатын» ескі тұжырымдамадан бас тартып, «адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе» негізінде еліміздің санасын жаңғыртып, Жаңа мемлекет құруға бар күш-жігерді салу керек. Бұл тек президенттің немесе билік өкілдерінің жұмысы емес, керісінше әрбір қарапайым тұрғынның міндеті.



Мурзаходжаев Қ.М.,

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының

ғылыми қызметкері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 наурыз
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі