Материалдар / Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Мектеп/МҰ:


Саны:

Педагогтің аты-жөні:


СЫНЫП (ТОП):

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру.


Күтілетін



нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлемнің неше сөзден тұратынын айтады. Сөйлем сызбасын салады.

Сіріңкемен шаршы салып, сөйлем құрайды.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сөйлемнің мағынасын түсінеді. Əңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды.

Шаршы арқылы сөйлемнің құрамын анықтайды.

Үзік сызықтармен сөйлем құрайды.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөйлем сызбасын оқиды.

Сөйлем сызбасын құрастырады.


Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Достарымен ойнайтын ойын түрлерін атайды.

Өзара диалог құрайды.

Сызба арқылы сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Шахмат, скейт, батпырауық.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

-Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

-Қораптың ішінде қандай ойыншық болғанын қалайсың?

  • «Классик» (мак) ойыны қалай ойналады?

-Скейт жасау білесің бе?

  • Сіреңкенің қауіпті зат екенін білесің бе?

  • Сөйлем неше сызбамен берілген?


Өткен ҰОҚ- дан алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлем ішіндегі сөз санын ажырата біледі.

Сіріңкенің қауіпті екенін түсінеді.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар


II. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Əрбір тəрбиеленуші өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Айтамыз алғыс қайталап, Тыңдайды бізді шартарап. Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

(Ұ)Педагог əртүрлі пішіндерді беріп, əр пішіннің неге ұқсайтынын сұрай отырып, балалардан қолдарын жоғары көтеріп пішіндер жасауды өтінеді.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын біріктіріп үшбұрыш, қолдарын жоғары көтерген қалпы шеңбер жəне қайтадан бастапқы қалыппен қолдарын жоғары көтеріп шаршы жасауды үйретеді, балалар қимылдарды

2-3 рет қайталайды.


ҰОҚ-ның ортасы

III.

Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді.

  • Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Балалар қандай ойын ойнап жүр?

  • Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер ме?

  • Саған тышқан болу ұнай ма?

  • Өзің қандай ойынды ұнатасың?

  • Ол ойын үшін қандай құралдар керек? Балалар шағын əңгіме құрайды.

  • Досына доп бермеген Досан қандай бала?

2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады. Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз ойларын айтады.

Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар.

Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем туралы түсініктері қалыптасады.

3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін педагог мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны бойынша не түсінгені анықталады. Педагогтің айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде пайдалануға болады.

Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі жаққа ырғалады).


Əліппе-дəптер.


Сұрақтарға жауап береді.















Сөйлем сызбасы сызылған плакат.


Мак!Мак!Мак!

Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп, біраяқпен секіреді).

Қап!Қап!Қап! (Ұ. Есдəулет)

Өлеңді балалар қимылмен 2-3 рет қайталап есте сақтайды.

  • Сендер скейтпен сырғанап көрдіңдер ме?

  • Скейттің пішіні қандай?

  • Оны қырынан қарағанда неге ұқсайды?

4-тапсырма. Ермексаздан скейт бейнесін жасау. Скейттің ойын құралы екенін айтып, оның бейнесін сипаттайды.

5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу. Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды пікірге əкелуге жетелеу.

  • Немен ойнауға болмайды?

  • Балалар қораптың ішінде не бар?

  • Сіріңке неге қауіпті?

Үш-төртсіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрастырады.

6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға жаттығады.



Скейттің суреті.





Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ- ның қорытындысы. Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексивті бағалау– өз жұмыстарын смайликтер бойынша бағалап қорытындылайды.

Əліппе-дəптер



26 Сәуір 2018
488
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі