Материалдар / Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз. Сынып сағаты. ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
120
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың құқықтық сана сезімін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық мен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

«Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады? Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)
Маңайлама ар - ұяттан безгенге, Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни)
Пәле - жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық - ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер - Екі жалған бақытына бөленер. (Ж. Баласағұни)
Ұят - жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)
Көп сөзден ұял - тек отыр. (Ш. Сүлеймен)
Ұятсыз адам иттен де жаман. (С. Сарайи) Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)
Арсыз - адамның қоры. (Ж. Баласағұни)
Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ж. Баласағұни)
Бұл жалғанды бұзатын - арсыз адам. (Ж. Баласағұни)
Ұяты бармен - ұрыс, Ұятсызбен - ұстаспа. (М. Қашқари)

Суреттер, слайд

Бағалау




Ортасы 20 минут

Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар - ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз. Бүгінгі ар, ұят тақырыбына келсек
Қандай адам — ұятты?
Инабатты адам - ұятты.
Сыйлы адам - ұятты
Сабыр ойлы адам - ұятты
Абыройлы адам - ұятты.
(Балараға сұрақ)
Ұят дегенді қалай түсінесіңдер?
Инабатты адам деп кімді айтамыз?
Сыйлы адам деп кімді түсінесіңдер?
Сабырлы адамды не үшін ұятты, деп айтады?
«Ойлы - ұятты», «абыройлы - ұятты» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.

Сергіту сәті. «Тәртіп орнат»

  1. Құқық -------------------- А - Еліміздің негізгі заңы.
    2. Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.
    3. Мемлекет ---------------- В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
    4. Азамат -------------------- Г - Тәуелсіздік
    5. Құқық бұзушылық ----- Д - Заңдар жүйесі.
    6. Президент ----------------- Е - Заң шығарушы орган
    7. Парламент ---------------- Ж - Заң жүйесін бұзу.
    8. Егемендік ------------------ З - құқығы бар ел тұрғыны.
    1 - Д, 2 - А, 3 - В, 4 - З, 5 - Ж, 6 - Б, 7 - Е, 8 - Г.

«1-топ» мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде балалар мақал – мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады.

«2-топ» тобы

1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза-наказание-punishment)

2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә-свидетель-witness)

3. Әр елдің  ………… басқа , иттер қара қасқа (заңы-закон-law)

4.……………. істің – арты игі (әділ-справедливый- justice)

«3-топ» тобы

1. Заңның құрығы бәрінен ..... (ұзын-длинный- a long)
2. Ұрлық түбі ... (қорлық-унижение-
humiliation))
3. Жазасын тартпайтын ........ жоқ. (жамандық-зло-evil)
4. ............. (отбасынан басталады). (Тәрбие-воспитание-
education)

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.






Сабақтың соңы

2 мин










Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!