"Біздің шырша" I кіші топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біздің шырша" I кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі.Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен. Балалар, сендерге ұнады ма? Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Енді жаңа жылға арналған әнімізді айтып берейік. Ән: «Мерекеге келдік» Мерекеге келдік Тақпақ айтып бердік Ойыншықтарын тізген Шыршаны да көрдік. Аяз ата келді Тамашаны көрді Риза болып қуанып Бізге сыйлық берді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


2«Туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы» ММ















Бірінші кіші тобына арналған

жаңа жылдық ойын-сауық.

Тақырыбы: «Біздің шырша»




Музыка жет: Өтегенова С

Тәрбиеші:Умбетова А





















2017 жыл


Бірінші кішілер тобына арналған жаңа жылдық ойын-сауық.

Тақырыбы: «Біздің шырша»

Балалар жаңа жыл әнімен залға кіреді.


Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі.Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен.

Балалар, сендерге ұнады ма?

Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Енді жаңа жылға арналған әнімізді айтып берейік.

Ән: «Мерекеге келдік»

Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтарын тізген

Шыршаны да көрдік.


Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді.

Тәрбиеші: Балалар, енді шыршаға арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық


Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді


Аққала жасалды

Мереке басталды

Аяз ата сыйлықпен

Балаларды қуантты


Залға Аққала кіреді:

Менің атым Аққала

Ән саламын шаттана

Аққаланы айналып

Кел, ойнаңдар, шаттана.

Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма?

Балалар: ЖОҚ.

Аққала: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: ЖОҚ.

Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?

Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз.

Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз.

Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз.

Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ойнаймыз.

Ойын: «Мұз жинау»

Әуен ойнайды. Сайқымазақ секіріп билеп кіреді.

Сайқымазақ: Балалар, сендер қандай әдемісіңдер? Ал шыршаларың қандай сәнді?! Жаңа жылдарың құтты болсын!

Тәрбиеші: Қош келдің Сайқымазақ. Балалар, бізге қонаққа Сайқымазақ келді. Өзі сондай көңілді жүреді. Ол үнемі секіріп билеп жүреді.

Сайқымазақ: Иә, балалар, мен үнемі секіріп билеп жүремін. Балалар, сендер менің әдемі сылдырмағымды көрген жоқсыңдар ма? Мен сылдырмағымды таба алмай жүрмін.

Тәрбиеші: (Шырша астынан сылдырмақ алып) Мына сылдырмақ емес пе?

Сайқымазақ: Тап өзі. Рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Біздер сылдырмақ туралы ән де білеміз ғой. Енді сылдырмақпен ән айтып берейікші.

Ән: «Сылдырмақ» (сылдырмақпен ұлдар)

Тәрбиеші: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Бізге қонаққа кім келе жатыр екен?

Әуен ойнайды. Залға Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын. Аппақ қардан жаралғанмын.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, ақшақар қандай әдемі?! Қош келдің ақшақар.

Ақшақар: Бүгін сендер сондай әдемісіңдер, мерекеге жиналдыңдар ма? Қандай мереке жиналдыңдар?

Тәрбиеші, балалар: Жаңа жылға жиналдық.

Ақшақар: Бұл менің ең жақсы көретін мерекем. Бұл күні шырша әдемі күйге бөленеді. Балалар, шыршаларың қандай әдемі?! Ал шыршада ілініп тұрған нелер?

Балалар: Ойыншықтар.

Ақшақар: Ойыншықтар әдемі ме?

Балалар: Иә, әдемі.

Ақшақар: Ойыншықтар әдемі екен. Ал шырша шамдары жанбай тұр екен. Балалар, шыршамен ойнаймыз ба? Қане, бәріміз шапалақтайықшы. (шырша шамы жанады) Енді шыршаға үрейікші. (шырша шамы сөнеді)

Ойын 3 рет қайталанады.

Тәрбиеші: Енді шыршаға арнап би билеп берейікші. Менің кішкене ақұлпа қыздарым қайда? Келіңдер, шыға қойыңдар.

Би: «Шырша ойыншығымен би»

Енді Ақшақарға арнап жаттаған тақпақтарымыза айтып берейік.

Ақшақар: Айта қойыңдар балалар. Қане, тақпақ айтуға кім дайындалып келді?

Жаңа жылды қарсы алып

Барлық бала ән салып

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.


Қар атып ойнайды

Таласып ойнайды

Тоңса да балалар

Ойынға тоймайды.


Ақ көрпесін жамылып

Ұйықтап жатқан дала бұл

Балаларды сағынып

Келді міне, Жаңа жыл.


Ақшақар: Жарайсыңдар балалар. Енді айналаға қарайықшы, мында қар жетіспейтін сияқты. Балалар, мына жерді қарға толтырамыз ба?

Ойын: «Қар лақтыру»

Ақшақар: Ой балалар, мына жерде қорқып отырған не?

Қоян жүгіріп шығады: Ой-ой-ой. Мен қорқып кеттім ғой. Маған қар лақтырған кім?

Ақшақар: Ой аққоян, сен ештеңеден қорықпа. Кел, бізбен бірге мерекені тойла.

Тәрбиеші: Балалар аққоянның көңілін көтереміз бе?

Ақшақар: Келіңдер балалар аққоянмен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Аққоян»

Ақшақар: Аққоян, сенің көңілің көтерілді ме?

Аққоян: Рахмет сендерге балалар, менің көңілім көтерілді. Енді менің қарным ашып тұр. Маған сәбіз керек.

Тәрбиеші: Балалар, аққоянға тездетіп сәбіз жинап берейікші. Оның қарны аш екен.

Ойын: «Сәбіз жинау»

Аққоян: Рахмет сендерге балалар. Менің сүйікті сәбіздерімді жинап бердіңдер.

Ақшақар: Балалар, мен шырша астына сыйлық дайындап қойып едім. Соны таба алмай тұрмын. Сендер маған көмектесіңдерші. Қәне сыйлықты іздеп тауып алайықшы.

Тәрбиеші: Балалар, келіңдер, ақшақардың сыйлығын іздеп көрейік.

Балалар сыйлықты іздеп тауып алады. Топқа барып сыйлықты бөліседі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі