"Біздің топтың ойыншықтары" ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біздің топтың ойыншықтары" ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Біздің топтың ойыншықтары.

Мақсаты: 1. Қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиет-тері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру.

2. Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап заттарды топтастыра білуді, айналасындағы заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойын­шықтарды топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту.

3. Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар – қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, машина, доп.

Сөздік жұмыс: материал.

Билингвальды компонент: ойыншық – игрушка, қуыршақ – кукла, текшелер – кубики.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, біз бүгін ойыншықтар әлеміне қонаққа барамыз. Мына ойыншықтар сөресінде жиналып тұрған ойыншықтарды атайық.

Қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, машина, доп.

Балалар ойыншықтарды атайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

1. Білімді өзектендіру.

«Сиқырлы сандық» ойыны. Шарты: сандық ішінен ойыншықтарды бір-бірден шығарып, оларды сипаттайды, олармен қалай ойнайтындарын әңгімелейді.

2. «Қабырғаны тұрғызамыз» саусаққа арналған жаттығуы.


Қабырғаны тұрғызамыз,

Жоғары, жоғары.

Осылайша

Шатырды да саламыз!


Педагог ойыншықтарды көрсетіп тұрып:

Бұл заттардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? – деп сұрайды.

Ойыншықтарды арнайы мамандар әртүрлі материалдардан жасайды. Мысалы, резеңкеден жасалған ойыншықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, допты сипап көрейік, ол қандай? Салмағы қандай?

Сонымен қатар ағаштан жасалған ойыншықтар да бар.

Оларға текшелерді жатқызуға болады.

Сипаттап көрейік, сипап көргенде саусаққа қалай сезіледі?

Олар резеңкеден жасалған ойыншықтарға қарағанда қатты, соған қарамастан оны күтіп ұстау керек.


Мысалы: қуыршақпен қыздар ойнайды. Қуыршақты тербетеді, тамақтандырады, киіндіреді т.б.

Машинамен ұлдар ойнайды т.б. Ауада саусақтарымен үйдің суретін салады.






Ойыншықтар.








Текшелер.


Жұмсақ.


Жеңіл.

Қатты.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

3. Сергіту сәті: «Ойыншықтар».


4. Билингвальды компонент: ойыншық – игрушка, қуыршақ – кукла, текшелер – кубики.

5. Резеңкеден және ағаштан жасалған қуыршақ пен ұшақты сипаттау.

Балалар, бізге қонаққа тағы бір ойыншық келді.

Бұл ойыншық қалай аталады?

Қуыршақ ағаштан ба әлде резеңкеден жасалған ба?

Мына ойыншық қалай аталады? (Ұшақты көрсетеді).

Ұшақ неден жасалған?

6. «Ғажайып қапшық» дидактикалық ойы­ны.

Мына ғажайып қапшықта

ойыншықтар бар. Қазір ойыншықтарды бір-бірден алып, неден жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып, ағаштан жасалғандарды ұшақтың қасына, резеңкеден жасалғандарын қуыршақтың қасына орналастыруларың керек.

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.


Қайталайды.



Қуыршақ.



Резеңкеден.



Ұшақ.

Ұшақ ағаштан жасалған.

Ағаштан жасалған ойыншықтарды ұшақтың жанына, резеңкеден жасалған ойыншықтарды қуыршақтың жанына қояды.

Рефлек-

сиялық- түзету-

шілік

Ойыншықтар туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Ойыншықтарды топтастырады.



Күтілетін нәтиже:

орындайды: ойыншықтардың қандай материалдардан жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.

түсінеді: ойыншықтар туралы берілген мәліметтерді.

қолданады: таныс ойыншықтарды негізгі белгілеріне қарап анықтай білу дағдыларын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.08.2018
972
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі