Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
“Біздің заманымыздың батырлары. Олар кімдер?”
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бердешова Назерке
Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы мамандығы 1 курс 3 жылдық
“ Біздің заманымыздың батырлары. Олар кімдер?”
1.Кіріспе
Қазақ мақтан еткен батыр тұлғалар .
2.Негізгі бөлім
А)Уақыт шегіне қарай бөлінген батырлар
Ә)Батыр деген есімге лайық болу үшін не істеу керек?
3.Қорытынды
“Батырдың -аты өлмейді”
“Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.”
Қазақ халқы ежелден атқа қонған,қолға найза алып ,қара күшке сүйенген ,жауды жайпап,елін аман сақтап қалған нағыз дулығалары қайнап тұратын батырлардың тұқымы.Халқымыз батырларын асқақтатып,даңқын көтеріп,жерге тигізбестей сыйлап,солармен мақтан болады.
Біз ешқашан батырларымызды бұрнғы батыр яки қазіргі батыр деп ешқашан бөлмегенбіз.
Әр ғасырдың тайға таңба басқандай із қалдырған небір батырларын дәріптеп айтпасқа болмай тұр.”Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді ”-демекші,қай батыр болмасын өз елі үшін,өз жақындары үшін қаза болады.Әрине батыр деген ұлы есімге көп адам лайық бола бермейді.Мәселен,атқа шапқан Алпамыс,Қамбар,Абылай сынды батырларымызды алсақ,жаугершілік заман батырлары деп Бауыржан Момышұлын алсақ артық етпес.Қазақта батыр көп демесем аз емес,бірақ олардың саны да ,сапасы да бар.Көптің аузында жүрген ,бүгінгі таңның батырларында тілге тиек етпеске болмайды,сірә….
Бейбіт, қазіргі заманның батырлары бұл меніңше , Құтқарушылар – қызылтаяң шақтарда адам жанынан алғаш боп табылатын Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты қызметкерлер. Бұл мамандыққа бірнеше іс иелері жатады: өрт сөндіруші, жоғары өрмелегіш, сүңгуір, жүргізуші, жедел жәрдем және басқалары.Қазіргі заман батырлары бұнымен шектелмейді,осыдан біраз уакыт бұрын Атырауда жасөспірім қызды құтқарам деп,өз өмірін өлімге қиған ,өзінің емес өгенің жағдайын ойлап , суға батып кеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің өшпес ерлігі бәрімізге мәлім.Міне,Шалқар Ақымғалиев қазіргі бейбіт қазақ батырларының бейнесі десем болады. Сондай-ақ өртеніп лаулап жанған үйден өз өмірін бәйгеге тіккен қаншама ағаларымыз ерең еңбекпен көз жұмды.
Алайда ішімнің күйетіні ,ерең еңбек еткен батырларымыз көз алдымызда жоқ.Жаңа айтып кеткенімдей батырдың аты мәңгі есте қалады.Сол кісілердің тулаған қаны әр қазақтың бойында болса біз мәңгі бейбіт,қазақ қазаққа жауа емес,қазақ қазаққа мәңгі бауыр болары рас -ақ!
Біз өскелең ұрпақ сол кісілермен шын жүрекпен мақтанамыз және жүректе мәңгі сақтап жүреміз!
“Қазақстан - әлемдік қоғамдастыққа барар жолда”
1.Кіріспе
“Қазақстан -әлемдік қауымдастықта “ ұғымы
2.Негізгі бөлім
А)Қазақстанмен әлемдік қауымдастықтағы елдер
Ә)Сыртқы саясат бойынша құрған 3ереже
3.Қорытынды
Ел ынтымақтастығы үшін шегаралас елдермен қауымдастықта болуы жөн!
“Қазақстан -әлемдің қоғамдастыққа барар жолда”- деген ұғымды қалай түсінеміз?Сөздің басын осылай бастауды жөн көріп отырмын.Қауымдастық дегеніміз -екі елдің яки көптеген ұйымның бірігуі,бірлестік одақ құруы,ортақ шаруашылыққа жетудегі мақсаттарына жету үшін сондай-ақ саяси жүйелерді құру деген сынды бірлескен ұйым.Ал әлемдік дегеніміз,тек қана ішкі шегарамен шектелмейді,елден шығып өзге әлемдік елдермен байланыс орнату.
Ал енді Қазақстанның -әлемдік қауымдастықтағы әрекеттері жөнінде сөз қозғайық.Біз бүгінгі таңда Тәуелсіз мемлекетпіз .Ал Тәуелсіз егемендігі бар Қазақстанның халықаралық қатынастар жасауда,сыртқы саясат үрдісін жүргізуде белсене жұмыс жасауда.Ақпарат көздеріне сүйенсек , Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Меніңше бұл үш мәселеге назар аударғандары елдің тыныштығы,елдің бейбіт өмір сүруінде деп білемін.
1991жылы сыртқы саясатпен халықаралық қатынастарды жүзеге асырып,елдің де экономикасы өсіп,өніп ,өзге мемлекеттермен тату қарым-қатынас құрып отыр .Біздің елдің ең жақын және ірі көршілес мемлекеті бұл Ресей мен Қытай. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.Елдің егемендігі меніңше ,көршілес ірі мемлекеттермен тату ынтымақтастықта болу!Себебі біз,бірімізден біріміз қиналғанда көмек алып,біліп ,білмейтін нәрселерімізді үйреніп,ең әуелі халықтың,елдің экономикасын,әлеуметтік жағдайын,техникалық факторларын жоғарлататын едік.Әрине,бұның шегаралас елдерге де пайдасы тимесі залалы келмес.
.