Материалдар / Бизнес әлеуметтік-экономикалық мәні және кәсіпорын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бизнес әлеуметтік-экономикалық мәні және кәсіпорын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда бизнес мәні және оның түрлері, кәсіпорынның түрлері туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Шілде 2019
5577
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда медициналық жоғары колледжі















САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ №5

(теориялық сабақ)

Пәні:Экономикалық теория негіздері

Сабақ тақырыбы: Бизнес, әлеуметтік-экономикалық мәні және кәсіпорын


Мамандығы: «Емдеу ісі»

Біліктілік: «Фельдшер»

Мамандығы: «Мейіргер ісі»

Біліктілік: «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Мамандығы: «Лабораториялық диагностика»

Біліктілігі: «Медициналық лаборант»

Мамандығы: «Фармация»

Біліктілік: «Фармацевт»






















Қызылорда, 2018 ж.

Сабақ жоспары №5

Оқу жылы, семестр: 2015-2016 оқу жылы, 2-семестр

Пән: Экономикалық теория негіздері

Сабақ тақырыбы :. Бизнес, әлеуметтік экономикалық мәні және кәсіпорын

Сабақ мақсаттары: Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес оның әлеуметтік экономикалық мәні, кәсіпорын туралы жан-жақты түсіндіру

Білімділігі: Білім алушыларда нарықтық экономика тұсындағы кәсіпкерлік және кәсіпорын маңызы туралы теориялық білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, логикалық терең ойлауға, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.

Тәрбиелік: Білім алушыда коммуникативтік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу, білім алу құштарлығын дамыту.

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер А.Абдуллаев «Экономикалық теория» Алматы 2004ж.

Қ.С. Есенғалиева «Экономика негіздері» 2010ж.

Құрал –жабдықтар

Сабақ /оқу барысы

Реттік

Сабақ /оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру

(үй тапсырмасын сұрау)

1.Нарықтың мәні және атқару механизмі

2.Нарық механизмі

3.Нарық инфрақұрылымы

4.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

5.Бәсекелестік мәні

6.Бәсекелестіктің түрлері

7.Монополия мәні және оның түрлері

сұрақтары қаралуы керек.

3

Жаңа сабақты (материалды) меңгерту

1.Кәсіпкерліктің мәні

2.Кәсіпкерліктің түрлері

3.Кәсіпорын мәні

4.Кәсіпорынның түрлері

нақты сұрақтар қаралуы керек.

4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту.

1.Кәсіпкерлік дегеніміз не ?

2.Кәсіпорын дегеніміз не?

3.Кәсіпкерліктің түрлері қандай?

4.Кәсіпорынның түрлері қандай?

5.Унитарлық кәсіпорын дегеніміз не?

6.Муниципалдық кәсіпорын дегеніміз не?

7.Коммерциялық кәсіпорын дегеніміз не?

8.Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?

9.Серіктестік дегеніміз не?

10.Акционерлік қоғам дегеніміз не?

11.Өндірістік кәсіпкерлік дегеніміз не?

12.Делдалдық кәсіпкерлік дегеніміз не?

13.Сақтандыру кәсіпкерлігі дегеніміз не?

14.Қаржылық кәсіпкерлік дегеніміз не?

15.Тәуекел дегеніміз не?

16.Тәуекелдің түрлері қандай?

17.Өндірістік тәуекел дегеніміз не?

18.Венчурлік кәсіпорын дегеніміз не?

дұрыс жауаптар алынуы керек.

5

Үйге тапсырма

Лекцияны толықтырып, конспекті жазу, термин сөздерге анықтама беру

6

Сабақ/ оқу қорытындысын жасау, бағалау.

Оқушылар білімін бағалау.

Тексерілді

ЦӘБ төрайымы_________

«_____» _________2018 ж.

Тобы










Мерзімі










Талдаманың мазмұны


Сабақ тақырыбы: Бизнес, әлеуметтік экономикалық мәні және кәсіпорын

Сабақ түрі: теориялық

Сабақты өткізу әдісі: «Постер қорғау» әдісі, түсіндіру, оқытудың интербелсенді әдістері, СТО әдісі, «Тазалық ойыны» әдістері, тапсырмалар т.б.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Кәсіпкерлік: түсінігі, негізгі сипаттары және даму шарттары. Кәсіпкерліктің түрлері. ҚР территориясындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-экономикалық нысандары.

Тәрбиелік: Білім алушыда оқыту барысында қалыптасатын тұлғалық қасиеттер: тәртіптілік, жауапкершілік, мейірімділік, нақтылық, өз ойын тұжырымдап айта білу және өзгелердің ой-пікірін тыңдай білу т.б.

  1. Дамытушылық: Білім алушыда оқыту барысында қалыптасатын өз бетінше шешім қабылдау, аналитикалық ойлау, қорытынды жасау, өз ойын толық жеткізу т.б. қабілеттерінің дамуына ықпал ету


Пәнаралық байланыстар:

Пән:

Тақырып:

Пәнішілік байланыс тақырыптары: Бәсеке және монополия

Сабақтың ұзақтығы: 90 минут

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар тақырыбы: Бизнестің әлеуметтік экономикалық мәні

1. Ұйымдастыру сәті - 5 минут

Аудиторияның, кабинеттің және топтың сабаққа сыртқы дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған білім алушыларды белгілеу, білім алушыларды сабақ жоспарымен және өткізу әдістерімен таныстыру.

2. Білім алушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру және бағалау- 25 минут

Білімді тексеру тәсілі:

Фронтальды сұрау

1.Нарық дегеніміз не?

2.Нарық объектілері дегеніміз не?

3.Нарық субъектілері дегеніміз не?

4.Нарық механизмінің элементтеріне не жатады?

5.Нарық инфрақұрылымы дегеніміз не?

6.Нарық инфрақұрылымының негізгі элементтерін ата?

7.Нарықтың атқаратын қызметтері қандай?

8.Нарықтың ақпараттық қызметі?

9.Нарықтың сауықтырушы қызметі?

10.Нарықтың бөлу қызметі?

11.Нарықтың артықшылықтары қандай?

12.Нарықтың кемшіліктері қандай?

13.Аукцион дегеніміз не?

14.Жәрмеңке дегеніміз не?

15.Бәсеке мәні ?

16.Бәсекенің түрлері қандай?

17.Шерман заңы?

18.Клейтон заңы?

19.Робинсон-Пэтмен заңы?

20.Бағалық бәсеке дегеніміз не?

21.Әділетсіз бәсеке дегеніміз не?

22.Бағалық емес бәсеке дегеніміз не?

23.Жетілген бәсеке дегеніміз не?

24.Монополия дегеніміз не?

25.Монополия түрлері қандай?

26.Табиғи монополия дегеніміз не ?

27.Кездейсоқ монополия дегеніміз не?

28.Таза монополия дегеніміз не?

29.Синдикат дегеніміз не?

2.Глоссарий: «Көрінбейтін қол», инфрақұрылым, монополиялық билік, табиғи монополия, таза монополия, экономикалық пайда, шекті пайда, еркін кіру, еркін шығу т.б.

3.Тапсырмалар: Есенғалиева Қ.С. Экономика негіздері 158-159 бет 7, Г тапсырмалар, 313 бет. Г, Д. тапсырмалар

4. «Постер» қорғау әдісі, тақырыбы: «Нарық», «Бәсеке», «Монополия», «Олигополия» 4 топшаға бөлініп жасап келу

5.Эссе: «Мен нарықтық экономика заманында өмір сүремін»

Білімді тексеру материалдары және бағалау критерийлері

(қосымша 0)

3. Жаңа тақырыпты меңгерту – 40 минут

Жаңа тақырыпты меңгерту тәсілі: түсіндіру, слайдтар арқылы көрсету, глоссарий, тапсырмалар

Жаңа тақырыпта қаралатын сұрақтар тізімі:

1.Кәсіпкерліктің мәні

2.Кәсіпкерліктің түрлері

3.Кәсіпорын мәні

4.Кәсіпорынның түрлері

Жаңа тақырыпты меңгерту материалдары және бір жүйеге келтірілген дәріс мәтіні (қосымша 1)

4.Жаңа тақырыпты бекіту - 10 минут

Жаңа тақырыпты бекіту тәсілі: жеке сұрау, фронтальды сұрау, тапсырмаларды қолдану, «Сократтық семинар» әдісі арқылы сұрау жүргізу

1.Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2.Кәсіпорын дегеніміз не?

3.Кәсіпкерліктің түрлерін атаңыз

4.Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?

5.Серіктестік дегеніміз не?

6.Акционерлік қоғам дегеніміз не?

7.Тәуекел дегеніміз не?

8.Кәсіпорын дегеніміз не?

9.Жергілікті кәсіпорын дегеніміз не?

10.Унитарлық кәсіпорын дегеніміз не?

Жаңа тақырыпты бекіту материалдары (қосымша 2,3)

Сабақты қортындылау «Тазалық ойыны» Кері байланыс әдісі арқылы»

Өткен тақырып және жаңа тақырып материалдарының меңгерілу деңгейін қорытындылау, белсенділік танытқан және білімдерін толықтыруды қажет ететін білім алушыларды атап өту, жалпы топтың сабақтағы белсенділігіне баға беру. Оқушылардың сабақ жөніндегі пікірлерін тыңдау.

5. Үйге тапсырма беру-5 минут

Жаңа тақырып бойынша білім алушылардың үйде өз бетінше жеке орындауына тапсырма беру, ақпарат көздерін, тақырыпты қамтамасыз ететін пәнішілік және пәнаралық байланыстарды атау

1.Глоссарий: фирма, корпорация, акция, технология, серіктестік,толық серіктестік, ұлттық холдинг

2.Постер қорғау: «Кәсіпкерлік», «Кәсіпорын», «Мемлекет» 3 топшаға бөлініп жасап келу

3.Қ.С. Есенғалиева «Экономика негіздері» 355-бет 1, 2,3-тапсырма






Қосымша2

Ойланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Экономикалық теория оқулығында еңбек, капитал және жермен қоса өндірістің төртінші факторы ретінде кәсіпкерлік туралы түсінікті жиі кездестіруге болады. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Сіз өндірістің факторы ретінде кәсіпкерлікті қандай ерекше қасиеттерге ие деп санайсыз?





  1. Кәсіпкерлік қабілет: а) білімге; ә) ұлтқа; б) адам өмір сүріп жатқан климатқа; в) тұқым қуалаушылыққа; г) елдің әлеуметтік-қоғамдық жағдайына тәуелді ме?









Ойланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Кәсіпкерлікке белгілі бір қауіп төнетіні экономикалық теориядан белгілі. Ол немен сипатталады: а) ақша жоғалтумен; ә) абырой жоғалтумен; б) нарық шаруашылығындағы ерекшелігінің белгісіздігімен; в) ақпарат ассиметриясымен. Егер сіз кәсіпкерлікке жақын болсаңыз, бұл пункттердің қайсысы сіз үшін маңызды?



  1. Сіз кәсіпкерлік қызметтің артықшылығын қалай түсінесіз? Әлде, оның сізге ұнамайтын қасиеттері бар ма, болса қандай?





  1. Экономикалық және кәсіпкерлік пайданың айырмашылығын көрсетіңіз. Сіз төмендегілерді пайданың қай түріне жатқызасыз?

А) қонақ үй пайдасы – оның қасында археологиялық қазбалар нәтижесінде басқа планеталық өркениет іздерінің табылуы

Ә) тұтынушы талғамының белгілі бір мата түріне күрт өзгеруі – сол матадан киім шығаратын фирманың пайдасы

Б) сәтті жарнама өткізілу нәтижесінде тұтынушылардың талғамының фирма өнімінің пайдасына шешілуі – фирманың пайдасы









Қосымша3

Тест тапсырмалары

Тақырыбы: Бизнес, әлеуметтік экономикалық мәні және кәсіпорын


1.Кәсіпкерлік-бұл:

А) өндіріс факторларын өзара косатын және жаңашылдық пен тәуекелділікті қажет ететін қызметтің түрі;

Ә) меншіктен ажыратылмайды;

Б) болжамсыз қызмет;

В) кез келген бизнес

Г) тәуекелділікпен байланысты іс-әрекет.

2. Фирма мақсаттарының қайсысы ең маңызды болады:

А) пайда алу;

Ә) сатуды арттыру

Б) өнім сапасын арттыру;

В) еңбекақыны көтеру;

Г) қажеттіліктерді өтеу;

3. Фирма өз құрамына біріктіре алады:

А) бір кәсіпорынды;

Ә) бірнеше кәсіпорындарды,

В) көп кәсіпорындарды;

Г) барлық жауаптар дұрыс.

4. Игіліктер мен қызметтерді жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі:

А) капитал;

Ә) еңбек ресурстары,

Б) кәсіпкерлік қабілет;

В) табиғи ресурстар;

Г) ақпараттық ресурстар;

5. Конгломерат келесідей кәсіпорындарды біріктіреді:

А) бір саладағы,

Ә) әртүрлі салалардағы

Б) А) және Ә) дұрыс

В) дұрыс жауабын айтуға ақпарат жеткіліксіз.

6. Сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі

А)өндірістік кәсіпкерлік

Ә)коммерциялық кәсіпкерлік

Б)экономикалық кәсіпкерлік

В)табиғи кәсіпкерлік

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!