БЖБ-2 3-тоқсан 9-сынып Қазақ тілі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ-2 3-тоқсан 9-сынып Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
⚠️ Құрметті сайт қолданушысы! Бұл ұсынылып тұрған материалдар сайтта өзгеруі немесе кейбір элементтер толық көрінбеуі мүмкін. Бұл сайттың алдын ала қарау мүмкіндігіне байланысты туындайды. Сіз материалды сатып алған соң, файлдың толық және дұрыс нұсқасы жүктеледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЖБ-2 3-тоқсан 9-сынып Қазақ тілі Оқушының аты-жөні______________________

Күні: 04.03.2025ж.

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады

  • Мәтінге күрделі жоспар құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз.

А мәтіні

«Биотехнология» деген түсінікті бірінші рет 1917 жылы Венгрия инженері Карл Эреки қолданған. К.Эрекидің айтуынша: «Биотехнология – ол тірі жандардың көмегімен өткізілетін жұмыстар».

Биотехнология дамуын қарастырғанда келесі заңдылықты байқап өтуге болады: ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін көбінесе көбею саласында зерттеулер өткізілген. 60 жылдардың соңында және 70 жылдардың басында биотехнология өз зерттеулерін жасушалардың технологияларының саласында қадағалап өткізеді. Олар келесі зерттеулер: экстракорпоралдық ұрықтандыру, өсіру, гаметалармен жасушаларды төмен температураларда ұзақ уақыт сақтау.

Ал 1973 жылдан бастап биотехнология молекулярлық зерттемелерге қатысады. Биотехнология саласының мақсаты – коммерциялық өнімді дамыту. Сондықтан биотехнологияның негізінде экономика жатыр. Экономика жағдайлары жоғары мемлекеттерде биотехнология дамуы да өте жақсы деңгейде.

Ә мәтіні

Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға да тие бастады. Сондай ғылым салаларының бірі – биотехнология.

Биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын жатқызуға болады. Адамдар осыған дейін бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Қазіргі таңда биотехнология мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Өміріміздің сан-алуан бағыттарында көрініс табуда. Заманауи әлем мен дамыған экономикада бұл ұғым таза экологиялық өнімді өндіруде табиғатты ластамайтын жолдармен алу әдістері, ауыл шаруашылығы және түрлі өндірістік үдерісте өнімді алу барысында оған химияны емес, табиғатта кездесетін табиғи өнімдерді қолданудың синонимі десек те болады. Биотехнология – жарқын болашаққа бастар баспалдақ.

  1. Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.



















  1. «Биотехнологиялық жаңалықтарды таратудағы БАҚ-тың ықпалы» деген тақырыпта мақала жазу үшін мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып, күрделі жоспар құрыңыз.

І. Кіріспе бөлім



ІІ. Негізгі бөлім

1.





2.





3.



ІІІ. Қорытынды бөлім















Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін

салыстырады

1

Мәтіндердің ұқсастықтарын табады; тақырып қызметі

құрылымы

тілдік ерекшеліктері

1

1

1

1

Мәтіндердің айырмашылықтарын



салыстырады; тақырып қызметі

құрылымы

тілдік ерекшеліктері

1

1

1

1

Мәтінге күрделі жоспар құрастырады

2

мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданады;

1

кіріспе бөлімнің тақырыбын жазады;

1

негізгі бөлім абзацтарының тақырыптарын жазады:



1.

2.

3.

1

1

1

қорытындының тақырыбын жазады.

1

Барлығы

14



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі