Бжб 6 сынып қазақ тілі 2 тоқсан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бжб 6 сынып қазақ тілі 2 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бжб
Материалдың қысқаша нұсқасы

2. Қазақ тілі 6-сынып. «Тарихи тұлғалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай

құрылымын сақтай отырып, мәтін құрастырып жазу;

6.4.3.1-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің

қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Бағалау критерийі Білім алушы

-мәтін құрастырып жазады;

-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну

Орындау уақыты 15 -20 мин


1-тапсырма. Өзіңіз тарихи тұлға деп есептейтін адам туралы қысқаша өмірбаян мәтінін жазыңыз. Жазылымыңызда көнерген сөздер, эвфемизм мен дисфемизмдерді және табу сөздерді қолданыңыз.


2-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, көнерген сөздер, эвфемизм және дисфемизм, табу сөздерді теріп жазыңыз.


А мәтіні

Ә мәтіні

Б мәтіні

Хан енді шетелдерден келген елшілерді қабылдайтын болды. Әр елшіні екі қарынан екі сарай төрешісі қолтықтап ханға қарай алып жүрді. Елшілер оншақты адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Қапталда отырған уәзірлер орындарынан тұрып, шетелдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға беттеді, төрт-бес аттаған соң, тағы да кіріп, тағзым етті. Елшілер уәзірлер отырған сәкіге қарама-қарсы қойылған биік сәкіге барып жайғасты.

(Ә.Кекілбаев)

Сумақай қоймашының ол сөзіне бұл күлген де қойған. Бірақ байқады, осы жаман неменің жүріс-тұрысы әлгі ақсақтың айтқанының алдыңғысынан гөрі соңғысына көбірек келіңкірейді. (Ә.Кекілбаев)..

-Ей, мынау кім? Қайдан ерттің? -Түу, өзі сап-сары,-деп шайпу мінезбен Мысықты бір нұқып қалды. -Өй, жынды, есерсоқ неме! Әрі кет, мұнда нең бар?-деп Шоқан тұра ұмтылып еді, қашып үйге кіріп кетті.

(С.Бегалин)

Дәл осы кезде есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалиқа Абайға жақындап кеп:

-Телғара! Қалқам,сені апаң шақырады!-деді. (М.Әуезов)

Тентекжан-ау, мені тастап бара жатқаның ба?-деп, Зәйкүл де тұра жөнелді, (Б.Майлин).

Смағұл – әкемнің інісі. Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. Мен бұл кісіні тәте деймін. Шешем қазақ әйелдерінің салты бойынша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді. (Б.Соқпақбаев).




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы


-мәтін құрастырып жазады;

1

-тарихи тұлғаны анықтайды;

1

-жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;

1

-көнерген сөздерді эвфемизмді орынды қолданады;

1

- эвфемизмді орынды қолданады;

1

-нақты деректер келтіреді;

1

-мәтін құрылымын сақтайды.

1

-орфографиялық норманы сақтап жазады;

1

-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді анықтайды

2

-сөздердің сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай ажыратады;

1

-көнерген сөзді табады;

1

-эвфемизм мен дисфемизмді табады;

1

-табу сөздерді анықтайды.

1




11






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі