Материалдар / БЖБ 7-сынып қазақ тілі 1-тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЖБ 7-сынып қазақ тілі 1-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ 7-сынып қазақ тілі 2-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
128
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7-сынып №1 БЖБ қазақ тілі

Оқушының аты-жөні ________________________________________________

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім: Сүйіспеншілік пен достық. Морфология

Оқу мақсаты:

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

7. 4. 4. 1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану Бағалау критерийі: Білім алушы

  • публицистикалық және көркем әдебиет стиль ерекшеліктерін біледі;

  • мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

  • мәтіндердің құрылымын салыстырады;

  • мәтіндердің мақсатты аудиориясын табады;

  • мәтіндерді тілдік ерекшелігіне сай салыстыра талдайды;

  • етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолданады

Ойлау дағдыларының

деңгейі Қолдану, талдау

Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма.


Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау жасаңыз.

1-мәтін

СІЗ немесе СЕН

«Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» көрсетіп тұратын халықпыз ғой қашанда. Бұл халық даналығын менің ата-анам бала тәрбиесінде берік ұстанады десем артық айтпаған болар едім.

Олай дейтінім, ата-анам бізге өзімізден жасы үлкен кісілермен, мейлі сен оларды таны-таныма, тіпті туыс-туғаның болса да ешқашан «СЕН» деп емес, «СІЗ» деп сөйлесуді үйретті. Ағайын-туыс, жақын-жуық, көрші-көлемнің атын атағанның өзінде «апа, аға, тәте, көке, ағай, апай» деген сөздерді тіркестіріп атауды үйретті. Әрине, бұл әрбір отбасында берілетін тәрбие шығар. Бірақ, айтқым келгені, біз (біздің отбасының балалары) ата-анамыздың өзімен «Сіз» деп сөйлесеміз. Соны байқаған кейбір достарым, таныстарым «Сен неге өз ата-анаңа «сіз» деп айтасың. «Сіз» деп тек бөтен адамдарға айтылуы керек. Ал әке-шеше деген ең жақын адамдарың емес пе?» деп сұрап, қарсы пікір білдіріп жатады. Мен болсам оларға «Сіз» деген сөйлесудің сыпайы түрі және өзіңнен жасы үлкен адамдардың бәріне қаратып айтылатын сөз деп жауап беремін. Көбісі менің жауабымды теріске шығарып, бастарын шайқайды. Меніңше, «сіз» деп сөйлесу адамға деген құрметіңді, сыйластығыңды, сыпайылығыңды білдіру


2-мәтін

Екі достың әңгімесі

Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі ұрсысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: "Бүгін мені жан досым ұрды!"

Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: "Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды", — деп жазады.

Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:

Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың? — деп сұрайды. Сонда досы:

Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын! - деген екен.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/45179/


1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы



Құрылымы



Мақсатты аудиториясы



Стилі



Жанры



Тілі









Етістіктің түрлеріне мәтіннен мысалдар келтіріңіз, сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз

Есімше

Көсемше

Тұйық етістік











Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

(білім алушы)

Балл

Публицистикалық және көркем әдебиет стилі ерекшеліктерін біледі

1







2

Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

мәтіндердің құрылымын талдайды;

көзделген аудиториясын, мақсатын табады;

Стиль түріне ажыратады;

Жанрын анықтайды;

Тілдік ерекшелігін талдайды

1

1

1

1

1

1

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолданады

Етістіктің түрлеріне мәтіннен мысалдар келтіреді

Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғасындағы сөздерге морфологиялық талдау жасайды

3


3

Барлығы



12

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!