400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бжб 9-сынып әдебиет.ІІ тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып.БЖБ 2 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-cынып № 1 БЖБ

Білім алушы__________________________________________________________________

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма: Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»,

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке

айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»


Оқу мақсаты: 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін

анықтау;

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық

амалдарды талдау;

Бағалау критерийі - Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін

анықтайды;

  • Шығармадағы композициялық амалдарға талдау жасайды.


Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жырындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, кейіпкерлерінің бейнесін ашып жазыңыз.


Шығармадан үзінді

Кейіпкер қандай адам?

  1. Кенесары ____ __________,

Ел ішінде ____ __________.

Қашқан босқын жиылып,

Өз алдына қол болды.


  1. Кенесары, Наурызбай

_________ __________ аңқылдап,

Жауды үркітіп қашырды,

____ _______________ жарқылдап.

  1. ____ _____________ бұлтиған,

Көк дөнен ат астында.

Камзол ішік құнтиған,

___ ______________ басында.

Керұғлыға бергісіз

_______ __________ қасында.

Сол уақытта Наурызбай

___________ ______ жасында.




2-тапсырма. М. Өтемісұлының өлеңіндегі үзінділерден «Кейіпкерді зерттеу» әдісі

арқылы кейіпкер бейнесін талдаңыз.

Ханнан кегім ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың
***
Еділ мен Жайық жер еді - ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді - ау.
Жай - қоныстан айрылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта - қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?!

***

Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда,
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақ сүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Хан баласы ақсүйек -
Бәйеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем!

«Кейіпкерді зерттеу» әдісі

  1. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулерді анықтау;

  2. Кейіпкер бойындағы қасиеттер тізбесін жасау.

Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер

Кейіпкер бойындағы қасиеттер

тізбесін жасау.



















Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

- Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды;


1

Жыр үзіндісіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады;

1

1

Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашады;

1

1

Кейіпкерлерді сипаттап жазады.

1

Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулерді анықтайды;

1

1

Кейіпкер бойындағы қасиеттер тізбесін жасайды.

1

1

1

Барлығы – 10 балл

Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жырындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, кейіпкерлерінің бейнесін ашып жазыңыз.


Шығармадан үзінді

Кейіпкер қандай адам?

  1. Кенесары ____ __________, ер болды,

Ел ішінде ____ __________. бір болды.

Қашқан босқын жиылып,

Өз алдына қол болды.


  1. Кенесары, Наурызбай

Атағы шықты_________ __________ аңқылдап,

Жауды үркітіп қашырды,

Ақ алмастай____ _______________ жарқылдап.

  1. Ор қояндай____ _____________ бұлтиған,

Көк дөнен ат астында.

Камзол ішік құнтиған,

Ақ орамал ___ ______________ басында.

Керұғлыға бергісіз

Отыз көкжал_______ __________ қасында.

Сол уақытта Наурызбай

Жиырма бес___________ ______ жасында.


Наурызбай – Кенесары ханның туған бауыры. Жырда Кенесарының даналығы мен мырзалығы, асыл текті қасиеті, батырлығы мен ерлігін жырлаған. Кенесарының ерлігі эпостық батыр жырларына тән сарынмен суреттеледі: батыр күшіне шыдас бере алмай ат тізесі мен белінің бүгілуі, садақты шіреніп тұрып тарту, ызаға булығып, үшінші рет кеп атуы – эпостық жырларға тән белгілер.



2-тапсырма. М. Өтемісұлының өлеңіндегі үзінділерден «Кейіпкерді зерттеу» әдісі

арқылы кейіпкер бейнесін талдаңыз.

Ханнан кегім ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың
***
Еділ мен Жайық жер еді - ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді - ау.
Жай - қоныстан айрылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта - қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?!

***

Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда,
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақ сүйек,
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Хан баласы ақсүйек -
Бәйеке сұлтан сен болып,
Сендей нар қоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем!

«Кейіпкерді зерттеу» әдісі

  1. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулерді анықтау;

  2. Кейіпкер бойындағы қасиеттер тізбесін жасау.


Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер

Кейіпкер бойындағы қасиеттер

тізбесін жасау.

Қайрат қылар ер біз болсақ...


Екі тарлан бөрі едім.

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.



  • Қайратты – ешқандай жау сыныдыра алмайды;

  • Екі тарлан бөрі –түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі – көк бөрі. Көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді. Жырдағы екі тарлан бөрі - Исатай мен Махамбет ;

  • Қызыл сырлы жебе – Махамбеттің бейнесі садақтың оғы сияқты үшкір, айтқан сөзі тыңдаушының жүрегін тесіп өтетін өткір екені сипатталып тұр;

  • Жақсының жағындамын, жамандыққа қарсы күресемін деген мағынада, яғни бұл батырдың жақсылықтың жанашыры екендігін көрсетеді.

Арқаның алпыс екі саласына барғанда,

Айдаһардай арбадың,

Сендей нар қоспақтың баласы...

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем!




  • Нарқоспақ - нар мен қос өркешті түйенің арасынан шыққан будан.

  • Қайраң —ағысқа қарсы бағытталған және ағыс бойынша тік құлама, өзендердің таяз сулы бөлігі.

Бұл өлең жолдарында Махамбеттің жолына бөгет болған Баймағамбеттің «ардаһардай арбаған» іс-әрекеті суреттеліп тұр.

Махамбет халық үшін еңбек етпеген Баймағамбетті «нар қоспақтың баласына», «шабаққа» теңейді, яғни әлсіз жау екенін дәлелдейді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі