БжС технологиясы бойынша сабақ жоспары. С.Жүнісов. «Кімнің мекені жақсы?» 3 сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БжС технологиясы бойынша сабақ жоспары. С.Жүнісов. «Кімнің мекені жақсы?» 3 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Жүнісов. «Кімнің мекені жақсы?» 3 сынып. Әдебиеттік оқу БжС технологиясы бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ 
«№27 ЖОББМ» КММ
 
бастауыш
сынып мұғалімі 
Медеуқанова Лаура Қайнарқызы
 



Сабақтың тақырыбы: . С.Жүнісов. «Кімнің мекені жақсы?»

Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.

Білімділік: Мәтіннің мазмұнын аша білу және әр жануардың мекендері қандай екенін білуге мүмкіндік ашу.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына көмектесу.

Тәрбиелік: Әркімнің өз жерін сүюге, құрметтеуге,ұмытпауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша – 1 картасы

Сабақ оқудың макро құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1- кезең Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

63% нормасының санын қою

2- кезең

Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру



3-кезең.

Өткенді бекіту.

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Құмырсқа,құрбақа және тышқан не үшін сапарға шығады?

2. Құрбақа қалай жүріп ұзақ жүреді?

3.Тышқан қалай жүріп ұзақ жүреді?

4. Құмырсқа қалай жүріп ұзақ жүреді?

5. Шұңқырлар мен төмпешіктер қайда қалды?

6. Шалшықтың маңынан қандай иіс келді?

7. Үшеуі ұзақ жүріп нені артта қалдырды?

8. Ертегінің авторы кім?

9. Ең бірінші олар қандай жерге кезігеді?

10. Шалшық жерден олар нені көреді?

11. Көкқұтан шалшықтың қай жағында тұр?

12.Тышқан мұрнын неге тыржитты?

13. Тышқан шалшық жайында не деді?

14. Тышқан мұрнын тыржитып ненің қасына келді?

15. Тышқан көкқұтанға қандай сұрақ қояды?

16. Көкқұтан тышқанның сұрағына не деп жауап қайтарады?

17. Ертегі кейіпкерлерін ата?

18. Көкқұтан шалшық судың иісі жайлы не деді?

19. Көкқұтан шалшық судың суы жайлы не деді?

20. Көкқұтан шалшық судың батпағы жайлы не деді?

21. Сөзін аяқтап көкқұтан қайда ұшып кетті?

22.Құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуіне осы мекен ұнады ма?

23.Құмырсқаға бұл мекен неліктен ұнамады?

24. Тышқанға бұл мекен неліктен ұнамады?

25.Көкқұтанға неліктер бұл мекен ұнайды деп ойлайсың?

26. Құрбақа неліктен бұл мекенді ұнатпады?

Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады.

Сұрақ қойылады, орынға отырғызу матрицасы бойынша орнын көрсетемін. Нәтижесін жазамын

1 кезең нормасы көрсетіледі

3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздермен жұмыс.

1.Бозторғай

2.Жауынқұрт

3-4. Жайлы қоныс

5.Батпақ

6-7.Жауынды жер

Тірек сөздердің мағынасын ашу. (Слайд № 1,2,3)

Тірек сөздерді жаттайды, жатқа жазады.

7 сөзге 1 минут уақыт беріледі.

Орынға отырғызу матрицасына белгіленіп, нәтижесі тақтаға жазылады

4- кезең

Ұғынуды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс.

1 параққа 5 минут уақыт беріледі.

5- кезең Түсінудің бірінші тексерілуі


Қарама-қарсы сұрақтар:

1 .Құрбақа, тышқан, құмырсқа шалшық судан шығып, қайда келді?

2. Олар жазық далаға қай уақытта жетті?

3. Жазық далада неге тап болды ?

4. Ертегідегі жазық даланы сипаттап көріңіз?

5. Ненің тамағы бүлкілдеп, таңдайы кепті?

6. Құрбақа жазық дала жайлы не деді?

7. Көденің түбінде не отырды?

8. Құрбақаның сөзін естіген бозторғай не істеді?

9. Бозторғай өз мекені жайлы құрбақаға не деді?

10. Құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуіне осы мекен ұнады ма?

11. Құрбақаға неліктен бұл мекен ұнамады?

12.Үшеуі ары қарай жүріп кеткеннен соң табиғатта қандай өзгеріс болды?

13. Жауын жауған соң жер неге айналды?

14. Тышқан жаңбыр жауғанда не істейді?

15. Құмырсқа жаңыр жауғанда не істеді?

16. Құмырсқа бұл қоныс жайлы не деді?

17. Құмырсқа ,тышқан және құрбақа жауынды жерден нені кездестіреді?

18. Жауынқұрт ол үшеуіне не деп жауап береді?

19. Құрбақа,тышқан және құмырсқа бұл жерден жайлы қоныс тапты ма?

20. Бозторғай өз қонысы жайлы не деген еді?

21. «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің авторы кім?

22. «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің кейіпкерлерін атаңыз

23. Үш кейіпкер нені білмекші болып жолға шыққан еді?

24.Жауынқұртқа неліктен бұл мекен ұнайды?

25.Құмырсқаға бұл мекен неліктен ұнамады?

26. Тышқанға бұл мекен неліктен ұнамады?

27.Үш кейіпкер өздеріне жайлы қоныс тапты ма?

Орынға отырғызу матрицасы

бойынша барлық оқушыдан сұралады.

Тақтаға нәтиже жазылады.

6- кезең Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1. Құмырсқа,тышқан және құрбақа қыдыру үшін сапарға шығады.-

2. Құрбақа секіріп,тышқан жорғалап,құмырсқа қыбырлап жүретін болады.+

3. Таудан асып, жазық даланы артта қалады.-

4. Ең бірінші олар илеуге кездеседі.-

5. Көкқұтан тышқанға «Ең жақсы мекен,жайлы қоныс осы жер емес пе?!» деп жауап берді.+

6. Шалшық жерден олар ештеңе де көрмейді.-

7. Құрбақаның тамағы бүлкілдеп, таңдайы кебеді.+

8. Шалшық судан өтіп жазық далаға келіп жетеді+

9. Жазық дала өзі салқын, өзі дымқыл жер еді-

10. Құрбақа қалың көденің түбінен жауынқұртты көрді-

11. Бозторғай: «Менің қонысымнан жайлы жер жоқ»,- деді+

12. Жазық дала ылғалды, салқын еді -

13. Үшеуі жауынды жерден ешкімді кездестіре алмады.-

14.Тышқан жаңбыр жауғанда бауыры суға малынып,жүні сабалап,тоңа бастайды.+

15. Бозторғай оларға жауап қатпай, «шыр» етіп аспанға ұшып кетті-

16. Ыстық жазық жерді көрген соң тышқан,құрбақа және құмырсқа өздерінің үйлеріне қайтады.-

17. «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің авторы С.Жүнісов.

18. Ыстық жазық даладан тағы ілгері жүріп, шалшық суға кез болды -

19. Қара бұлт үйіріліп, артынша қатты жауын жауды.

20. Жауынды жерден жыбырлап жатқан жауынқұрттарды көрді.

21. Жауынқұрт оларға жауап бермеді.

22. Құрбақа жазық дала жайлы «Дүниедегі ең бір қолайсыз қоныс осы жер болды ау, қандай ыстық?!» деді+

23. Тышқан оларға ілеспей өз үйіне қайтты. -

24.Құмырсқа ««Дүниедегі ең қолафйлы қоныс осы жер болды-ау, жауыны қандай тамаша еді»,- деді-

25. Ми қайнаған ыстықта қалың көде арасынан көкқұтанды кездестірді-

26. Үшеуіне де жауынды жер ұнап, осы қоныста қалды-

ООМ мен жұмыс. «-» бар оқушыларға көңіл аудару

7-кезең Талдау.

Тақырыптық сөздік қор.

Тақырыпты қорыту.

5 минут

.

8 кезең Рефлексия

Сабаққа талдау жасау.


Бағалау

Оқушылар бағаланады. Орынға отырғызу матрицасында көрсетіледі.


Сапа нормативіне сай бағаланады

Үйге тапсырма

Әңгімені сахналау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
1141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі