МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

BLOCKCHAIN

Материал туралы қысқаша түсінік
Блокчейн – бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы. Blockсhain қазақ тіліне аударғанда блоктардың тізбегін білдіреді. Бұл технологияға арналған негізгі компоненттерді қарастырайық. Олар: жеке блокчейн, бір деңгейлі (пиринг) желілер және консенсус тетігі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2021
537
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Таженова Жұлдызай Кеңесбайқызы

Маңғыстау Туризм Колледжі,студент

Қазақстан, Ақтау қаласы

Жеменей Мұхаммедрасул Шапурұлы

Информатика пәні оқытушысы

Маңғыстау Туризм Колледж

Қазақстан, Ақтау қаласы


BLOCKCHAIN TECHNOLOGY

Tazhenova Zhuyldyzai Kenesbaikyzy

Mangystau Tourism College,student

Kazakhstan,Aktau city

Zhemenei Muhammedrasul Shapuruly

Teacher of computer science

Mangystau Tourism College

Kazakhstan,Aktau city


АННОТАЦИЯ

Блокчейн биткоин сияқты цифрлық монета негізіндегі технология ретінде белгілі. IBM, Microsoft және Intel сияқты ірі компаниялар бизнеске арналған бір құрал ретінде блокчейн негізіндегі шешімдерді ұсынады. Технологиямен жұмыс істеуге тартылған басқа корпорациялардың арасында американың Goldman Sachs банкі, Nasdaq қор биржасы, әлемдегі ең ірі офлайн-ритейлер Walmart пен Visa төлем жүйесі бар.

Блокчейн бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы. Blockсhain қазақ тіліне аударғанда блоктардың тізбегін білдіреді. Бұл технологияға арналған негізгі компоненттерді қарастырайық. Олар: жеке блокчейн, бір деңгейлі (пиринг) желілер және консенсус тетігі.

ABSTRACT

Blockchain is known as a digital coin-based technology like bitcoin. Large companies such as IBM, Microsoft and Intel offer blockchain-based solutions as a tool for business. Other corporations involved in the technology include Goldman Sachs, the Nasdaq stock exchange, Walmart and Visa, the world's largest offline retailers.

Blockchain is a technology for storing data and information about the processing of this data, which has a unique working principle. Blockshain means a sequence of blocks when translated into Kazakh. Let's look at the key components for this technology. They are: individual blockchain, single-level (peering) networks and consensus mechanism.


Кілт сөздер: BLOCKCHAIN,Microsoft,IBM,Walmart,Visa,Технология.

Keywords: BLOCKCHAIN,Microsoft, IBM, Walmart,Visa,Technology.


Блокчейн биткоин сияқты цифрлық монета негізіндегі технология ретінде белгілі. IBM, Microsoft және Intel сияқты ірі компаниялар бизнеске арналған бір құрал ретінде блокчейн негізіндегі шешімдерді ұсынады. Технологиямен жұмыс істеуге тартылған басқа корпорациялардың арасында американың Goldman Sachs банкі, Nasdaq қор биржасы, әлемдегі ең ірі офлайн-ритейлер Walmart пен Visa төлем жүйесі бар.


Shape2

Сурет-1.BLOCKCHAIN


Блокчейн – бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы. Blockсhain қазақ тіліне аударғанда блоктардың тізбегін білдіреді. Бұл технологияға арналған негізгі компоненттерді қарастырайық. Олар: жеке блокчейн, бір деңгейлі (пиринг) желілер және консенсус тетігі.

Блокчейн – деректерді құрылымдау тәсілі. Блокчейн – бөлінген деректер қоры1 , яғни бөлінген жүйе. Басқаша айтқанда, деректер қоймасы ортақ процессормен байланысты емес. Блокчейн – блоктар деп аталатын реттелген жазбалардың тізімі. Цифрлық медициналық картотеканы көз алдыңа елестет. Мұнда әрбір жазба бірегей құру уақыты бар блокқа ұқсас. Жүйе дата ауыстырылмайтындай етіп, бұл күнді өткен датамен ауыстыру мүмкін емес етіп әзірленген; яғни диагностика мен емге қатысты барлық жазба хронологиялық тәртіппен жүргізілуі қажет. Ақпаратты тек дәрігер мен емделуші ғана көре

са, ол қабылданады. Мұндай процесс, мысалы, блокчейнді қолданатын алаңдалады, әрқайсысының жеке кілті бар. Үшінші тұлға, мысалы, әкімші немесе шақырылған маман емдеуші дәрігер немесе науқастың рұқсатымен ғана жазбадан ақпарат ала алады. Осылайша, медициналық деректер базасы – блокчейннің оңайлатылған аналогі.

Блокчейн блоктары ақпаратпен толықтырылады. Әр келесі блоктың уақытша белгісі мен әуелгісіне сілтеме болады. Жаңа блок ең соңғы уақытпен белгіленген блоктан соң қосылады. Осылайша тізбек қалыптасады. Қолданушылар өздеріне тиесілі тізбектің бөліктерін ғана өзгерте алады. Кіру құқықтары кітапта кез келген бетте қандай да бір ақпарат өзгергенін тексеру үшін, шифрлеу немесе криптография жүйесінің көмегімен бақыланады. Бұл сипат маңызды жазбаның сақталуын бақылау үшін, блокчейнді жақсы деректер құрылымы ретінде қалыптастырады.

Блокчейн түрлері

Бұл технологияда сервистер мен қосымшалардың бірнеше түрі құрылуы мүмкін болғандықтан, жеке және жария блокчейн болып бөлінеді. Майнинг – блокчейннің екі түрі үшін де маңызды ұғым. Блокты блокчейнге өзгерту мүмкін болмайтындай етіп бекіту процесі майнинг деп аталады.

Майнинг қалай жұмыс істейді?

Қатысушылар блокчейн-желідегі транзакция туралы жариялағанда, компьютерлер транзакция параметрлерінің негізіндегі күрделі математикалық жұмбақты шешу үшін, жарысқа түседі. Жеңімпаз компьютер транзакцияны блокчейнге бекіту туралы хабарлайды. Егер басқа компьютерлер транзакция шеңберіндегі тауарлар бұрын қолданылмағанын растаа бір концерт билетін екі рет сатуға мүмкіндік бермейді. Мұндай алаңдарды құруды Citizen Ticket пен Active Ticketing стартаптары қолға алған.

Жеке блокчейн ерекше деп саналады және жеке бизнесті дамыту үшін құрылады. Бұл технологиялар жабық әрі орталықтандырылған, 1-сурет. Блокчейн технологиясы мен енгізілмейді. Алматыкiтап баспасы 217 6.3-6.4. Blockchain технологиясы жасаушылары оған қолдау көрсетеді және бақылайды, корпоративтік мақсаттарға бағынады. Жеке блокчейннің қатысушысы болу үшін, белгілі бір шарттарды орындау керек.

Блокчейн не үшін керек?

Қазіргі уақытта біз ақпарат беру үшін, интернетті қолданамыз. Бірақ ақша аудару туралы сөз болғанда, біз банк сияқты қаржы мекемелерінің қызметіне жүгінуге мәжбүрміз. Тіпті онлайн-төлемнің заманауи тәсілдері, әдетте, қолданушыдан банктік шотпен немесе кредиттік картамен жұмыс істеуді талап етеді. Блокчейн технологиясы осы делдалдарды жоюды ұсынады. Ол транзакциялардың есебін жүргізеді, тараптардың жеке тұлғасын белгілейді және келісімшарттар жасайды. Дәстүрлі түрде бұл операцияларға қаржы мекемелері мен банктер жауап береді. Оның мәні зор, өйткені бүкіл әлемде қаржылық қызмет көрсету секторы – нарықтық капиталдандыру бойынша экономиканың ең ірі саласы. Оның шағын бөлігін блокчейн жүйесімен ауыстыру қаржы қызметтері саласындағы ауқымды өзгерістерге әкеліп, олардың тиімділігін арттырады. Келісімшарт жасасу қаржы саласы шегінен тыс блокчейннің пайдалылығын көрсетеді. Деректер қоры тек қана құн бірліктерін (биткоин сияқты) ғана емес, сонымен қатар цифрлық ақпараттың кез келген түрін, оның ішінде программалық кодты қамтуы мүмкін. Тараптар өз кілттерін енгізгенде, сол арқылы шартқа қол қоя отырып орындалады. Программа акциялардың баға белгілеулері, күн райы болжамы, жаңалықтардың тақырыптары және компьютер өңдеуге қабілетті кез келген басқа ақпарат сияқты сыртқы деректерді қолдана алады. Бұл технология «ақылды келісімшарт» деп аталады, ал оны қолдану мүмкіндігі шексіз. Мысалы, «ақылды термостат» ара-тұра «ақылды электр желісімен» байланысып, энергияны қолдану туралы деректерді жіберуі мүмкін. Тұтынылған киловатт-сағаттардың белгілі шегіне жеткен кезде блокчейн олардың құнын тұтынушының шотынан электр компаниясының шотына автоматты түрде аударады, сөйтіп, шоттарды есептеу мен тұтынушыларға жіберу процесін автоматтандырады

Блокчейннің артықшылықтары:

орталықсыздандыру: деректерді сақтаудың басты сервері жоқ. Барлық жазба жүйенің әрбір қатысушысында сақталады;

толық ашықтық: кез келген қатысушы жүйедегі транзакцияларды бақылай алады;

құпиялылық: барлық дерек шифрланған қалпында сақталады. Қолданушы транзакцияларды бақылай алады, бірақ ол әмиянның нөмірін білмесе, ақпарат алушыны немесе жіберушіні анықтай алмайды. Операцияларды жүргізу үшін, бірегей кіру кілті қажет;

сенімділік: рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізудің кез келген әрекеті алдыңғы көшірмелерге сәйкес келмегендіктен, қабылданбайды. Деректерді заңды өзгерту үшін, жүйе берген әрі растаған арнайы бірегей код қажет;

ымыраласу: жүйеге қосылатын деректерді басқа қатысушылар тексереді, олар хэшті қайта есептейді




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!