
Батыс Қазақстан
облысы
Теректі ауданы
Подстепное ауылы
МКҚК «Бәйтерек» бөбекжай
әдіскері
Куспанова Ризвангуль
Хасангалиевна
«Бөбекжайдың 5 жылдық
тарихы»
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық
бәсекеге қабілеттілігі
бірінші кезекте білім деңгейімен
айқындалады», – деген
байламы
жеке адамның құндылығын арттыру, оны
дайындайтын
ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз
еңбек,
сапалы нәтиже деген ұғыммен
егіз.
Батыс Қазақстан облысының
Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжайы 2012
жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бөбекжайымыз директоры
Серікқалиева Сағима Имангерейқызының басшылығымен әдіскерлер
Куспанова Ризвангүль Хасанғалиевна және Сарсенова Айнұр
Серікқызының қолдауымен бөбекжайымыз үлкен жетістіктерге жетті.
Бөбекжайымыз аталған 5 жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол
жеткізді. Педагогтарымыз республика, облыс, аудан көлемінде
семинарларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Аудан, облыс
көлемінде жинақтары шығарылып, өз тәжірибелерін таратты. Аудан,
облыс, республика көлемінде журналдарға тәрбиешілер мен
педагогтардың мақалалары мен өткізген іс-шаралары, ұйымдастырылған
оқу қызметтері жарияланды. Видеороликтердің сырттай байқауларына
қатысып жүлделі орындарды жеңіп алды. Аудандық, облыстық,
республикалық марапаттаулар мен құрмет граммоталарына ие болды.
Бөбекжай тәрбиеленушілері Республика көлемінде көркем сөз
оқу,қашықтықтан сурет, ән байқауларына қатысып, марапаттаулар алды.
5 жыл көлемінде бөбекжайда облыстық және аудандық семинарлар
оздырылды. Қазақстан Республикасы “Нұр Болашақ ”мектепке дейінгі
ұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Мақсұтова
Гүлжан Князбайқызы мен ұйымдастырылған облыстық семинар бөбекжайда
ұйымдастырылды.Облыстық «Ең үздік
мектепке дейінгі ұйым-2016» байқауында «Бәйтерек» бөбекжайы қатысып
жүлделі орынға ие болды. Бөбекжай педагогтары республика көлемінде
атап кетсек Астана,Алматы,Қостанай,
Көкшетау,Ақтау,Атырау,Ақтөбе,Ресей қаласы Самара т.б. іс-
сапарларға жолданып,өз іс-тәжірбиелерімен бөлісіп
қайтты. .
Жаһандану дәуірінде білімнің арқасында ғана елді
танытып, абыройын асқақтатуға болады. Осы орайда, қазіргі таңда
баланы балабақшадан тәрбиелеп, өнегелі азамат қылып шығару – еліміз
үшін басым бағытқа айналып отырғаны анық, яғни тәрбие ордаларына
жүктелер міндет орасан зор. Отанды сүю, туған жерге тағзым етуді
жас жеткіншектерге балабақшадан үйрететін болсақ, еліміздің
болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Осы бір қағиданы мықтап тұрып
ұстанған бөбекжай тәрбиешілеріміз 5 жылдық тарихымызды зерделеген
ұстаздар қауымы осы тарихымызды темірқазық етіп алып,
бүлдіршіндердің бойына отаншылдық дәнін себелеп, өз істерін адал
атқарып келеді.Қай кезең, қай уақытта болмасын
тәрбиеші болу әр кімнің қолынан келе бермейтін, қиындығы
мен қызығы қатар жүретін ұлы іс. «Ұстазы жақсының
-ұстамы жақсы» дегендей
педагог-тәрбиеші
болудағы айқын мақсат - Қазақстан елінің
болашағын жарқын ете алатын ұлтжанды, елжанды, келешегіне сенім
артатын, ең басты адамдық парасатын ұмытпайтын тәрбиелі,білімді
ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі күні балабақша ұжымы - бұл іргелі,
бірыңғай педагогикалық команда қағидасы бойынша еңбек ететін ұжым.
Әлі де балабақша табалдырығынан дарынды да, талантты, ақылды да,
білімді тәрбиеленушілер түлеп ұшарына сенім
білдіремін.