Материалдар / Болашағымыз - бірлікте

Болашағымыз - бірлікте

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл шығарма оқушылар үшін шығарма жазған кезде көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
2467
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«№ 23 орта мектеп» КММПетропавл қаласы























Шығарма«Болашағымыз - бірлікте»



Жазған: 6 «А» сынып оқушысы - Бублейник Кирилл

















































Шығарма

«Болашағымыз – бірлікте!»







Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан - елім менің.



Менің ұлтым – орыс. Мен қаламыздың қарапайым орта мектебінде оқимын. Әсіресе, қазақ тілін жақсы көремін, сол себепті мен осы шығарманы жазып жатырмын. Менің Отаным - Қазақстан. Мен осы елде туғаныма және тұратыныма өте қуаныштымын. Себебі, біздің ел тәуелсіз, егеменді, басқа елдермен соғыспайды. Қазақстан – бейбіт ел. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүретін көп ұлтты мемлекет. Сондықтан, елдің бірлігі, татулығы мен сыйластығы ең бірінші орында тұрады. Оны Елбасымыз да жиі айтып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: Ортақ ордамыз  Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру  елдің мақсаты, деген. Сонда ғана Қазақстан «2050-Стратегиясында» айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз  Ортақ, тілегіміз  бір. Ол  жері гүлденгенде, елі түрленген, дамуы тез, ұрпағы жақсы Мәңгілік Қазақстан» - деп айтып еді.Елбасымыздың бұл ұраны барлық қазақстандықтарға ұнайды. Әрбір азамат осы үлкен ақ орданың уығы болып шаншылып, керегесі болып қаланып жатыр. Сырттан келетін жауға біздің ел қылышын қағып дайын тұр. Еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Болашақтың тілі. Түрлі орыс, украин, өзбек, татар, ұйғыр, неміс өкілдері тұрса да, Қазақстанның тілегі бір, діні бөлек болса да жүрегі бір соққан көп ұлттың өкілдерін бір ортаға біріктірген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі. Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқан: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды».  Біздің қазақстандықтар осы ұранды ұстанады. Өйткені, еліміздің кез-келген азаматы бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың ұйытқысы.Бұл жерде Қазақстан халқы Ассамблеясы өте үлкен жұмыс жүргізіп келеді. Бұл ұйым Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру жөніндегі бастаманы алғаш 1992 жылы ел Тәуелсіздігінің бір жылдығына орай өткен ең алғашқы форумда айтқан. Ассамблея пайда болғалы 22 жылдай уақыт болды. Осы жылдары өзгерістер көп болды. Мысалы: ұлтаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісім нығайды, қазақ халқының салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін әлемдік деңгейге насихаттады. Көптеген өзге ұлт өкілдері қазақ мәдениетін біліп, танысты, оны жасауды үйренді. Мысалы: белгілі ақын, жазушы Герольд Белгер, қоғам қайраткері, ақын Асылы Осыман қазақтың тілін, мәдениетін дамытты, Максим, Мая, Ирина секілді журналистер еліміздің қазақ тілді БАҚ жұмыс жасап жатыр. Бұл адамдар ұлты басқа болса да қазақ тілін жақсы үйреніп, басқа адамдарға үлгі болып жүр. Біздің Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қазақ тілінде жақсы сөйлейді, сұхбатты үнемі қазақша береді. Бұл өзге ұлт өкілдеріне үлгі. Мен де мектепте, сыныпта, ұлты қазақ мұғалімдерімен қазақша амандасамын, қазақша көбірек сөйлеймін, бұл мен үшін үлкен абырой. Ұлтаралық бірлікті нығайтып, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бір жолы – мерекелерді ұлттық нақышқа сай атап өту. Мысалы: біздің мектептегі 1 қыркүйек Білім күні, ұстаздар күні, Наурыз – жыл басы, 1 мамыр – бірлік күні мерекелері жиі қазақша өтеді. Бұл дұрыс. Және барлық мектеп оқушылары, өзге ұлт өкілдері үлкен қызығушылықпен, ынтамен осы мейрамдарды бірлікте тойлайды. Бұл дегеніміз жастардың санасына отансүйгішті, отаншылдықты сіңіру болып табылады. Менің ойымша, Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың тағы бір жолы – қала, аудан, ауыл және көше атауларын қазақшаға өзгерту. Мысалы: біздің қалада көптеген көше атаулары Абай, Жамбыл, Уәлиханов, Жұмабаев т.б. атауларға ауысты. Бұл дұрыс. Бірлігі жарасқан ел дегендей, қаламызда көптеген мешіттер ашылып, бой көтеріп жатыр. Облысымызда 75 –ке жуық мешіт бар екен. Осыған орай қаламыз да көркейіп келеді. Мысалы: біздің 23 орта мектептің «Бірлік» атты мектеп қауымдастығы бар. Неліктен? Себебі, біздің елдің түрлі ұлт өкілдерін бірлікте, татулықта өмір сүрсін деп солай атады. Және де біздің қалада жуық арада Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық 15 –ші форумы өтті. Бұл болашақта екі елдің сауда, экономикалық, мәдениет байланыстарын нығайтады, дамытады. Яғни, елдерді бірлікке, татулыққа шақырады. Біздің қалада жастар, оқушылар үшін көп жағдай жасалған. Биыл теннис орталығы және оқушылар сарайы ашылды. Мұнда балалар өз шығармашылығын, білімін, денсаулығын нығайтады. Ұлты орыс әлем чемпионы, олимпиадалық ойындар чемпионы Александр Винокуров атындағы спорт сарайы бар. Ол өзі осы сарайда балаларды жаттықтырады және қазақ тіліне, қазақ еліне деген құрметі шексіз. Ол ұлт өкілдерін татулыққа шақырады, қазақ тілін насихаттайды. Бұлардың барлығының көздегені – өздерінің ғана емес, Қазақстанның мүддесі. Басты мақсаттары - Елімізді тұрақты дамытып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіргізу. Сонымен қатар, қазақ ұлт өкілдерімен тығыз байланыс жасап, мәңгілік татулықтың туын желбірету. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы қияндық көрген халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», деген дана бабаларымыз. Сондықтан да, атқаратын істеріміз халқымыздың болашағын, қолда бар бірлікпен берік етсін.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ