400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір мемлекет өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Ата-бабаларымыз артындағы ұрпағы үшін ақтық демі қалғанша күресіп, зор құрбандықтарға душар болып, егемендік алып берді. Ал сол тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру білімді жастардың қолында.
Материалдың қысқаша нұсқасы


БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА


Әрбір мемлекет өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Ата-бабаларымыз артындағы ұрпағы үшін ақтық демі қалғанша күресіп, зор құрбандықтарға душар болып, егемендік алып берді. Ал сол тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру білімді жастардың қолында.

Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Президентіміз белгілеген биік мақсаттарымыздың орындалуы, дамыған елдердің қатарына еніп, Қазақстан Республикасының атын көкке көтеру жас буын, өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың міндеті. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігі сөзсіз. Олай болса, сол сенімді ақтау үшін жас буын сапалы білім мен ғылым алып, жарқын болашаққа атсалысу керек.

Жасыратыны жоқ, республикамыздың барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Елімізде жоғары оқу орындары, білікті мамандар және білім сапасы артуда. Соның ішінде озық университеттердің бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін атап өткенді жөн көрдім. Университетіміз сапалы білім беріп, жастарды қолдап, еліміздің абыройын күннен күнге көтеруден жалықпастығына сенімдімін. Ел боламын десең, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан жас еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.


Сихимбаева Бакыткуль Нурманбековна

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Қаржы және есеп» кафедра меңгерушісіінің

оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

аға оқытушы


Ногайбекова А.Ж.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Қаржы» мамандығының 4-ші курс студенті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
9 сәуір
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі