Болашақ ғалымдар-балабақшадан басталады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашақ ғалымдар-балабақшадан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне, жас ғалымдарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы


Шымкент қаласы


62 «Ботақан» балабақшасы




Мақала авторы: Жакеева Ғазиза Абдықадырқызы




Тақырыбы:




Болашақ ғалымдарды балабақшадан тәрбиелеу керек




Бағыты: «Балаларға көкөністер және олардың туралы түсінік беру»















2021 жыл

Балабақша – бүлдіршіндердің жаңа өмірге қадам басып, алғашқы түсініктерді, білімді жинақтайтын жері. Әр бала дүниені тануға құлшыныс білдіріп, қоршаған ортаға ерекше қызығушылықпен қарайды. Айта кетейік, бүлдіршіндердің алғашқы меңгерген мәліметтері өмір бойы естерінде қалып, одан әрі дамуына ықпал етеді. Сондықтан, балабақша қызметкерлеріне жүктелетін міндеттің жүгі ауыр. Біз балалармен жұмыс жасау барысында олардың уақытын тек ойын немесе шығармашылықпен толтырып қана қоймай, барынша жан-жақты білім беруге тырысамыз. Солардың бірі, қалалық семинар барысында ұйымдастырған «Болашақ ғалымдар» атты іс-шарамыз. «Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобында өткен танымдық сабақтың басты мақсаты көкөністер мен олардың қасиеттері туралы толыққанды түсінік беру. Кішкентай бүлдіршіндерге күнделікті тұрмыста қолданып жүрген тағамдарын қалай өсетіндігін таныту мақсатында, оларды қыс мезгілінде топта өсіруді жөн көрдім. Әрине, бұл тәжірибе жас ғалымдар үшін өте қызықты болды. Олар күнделікті дәмін татып, сүйсініп жейтін бұл өнімдердің қалай өсетіндігін басынан бастап көрсету мақсатында, ең алдымен арнайы ыдыстар әкеліп, оларды құнарлы топырақтарға толтырдық та, қызанақ, қияр, болғар бұрышын ектік. Бұл жұмыстардың бәрін менің тікелей бақылауыммен бүлдіршіндердің өздері жасады. Осы орайда, дәндердің пішіні мен олардың сипаты туралы толыққанды мәліметтер беріліп, қанша мөлшерде су құю қажеттігі айтылды. Топ бүлдіршіндері үшін, оларға күтім жасау, құрылымына терең мән беру өте қызықты болды. Олар күн сайын балабақшаға асығып келіп, өздерінің өсірген өнімдерін бақылап, қандай да бір өзгерістер орын алса шаттанып, ерекше қуанышқа бөленді.

Әрине, біздің жүргізген зерттеу жұмысымызды қорытындылау мақсатында, ашық сабақ түрінде ерекше тәжірибе өткізуге шешім шығардық. «Болашақ ғалымдар» атауымен өткен сабақ, алдымен бүлдіршіндерді ширату түрінде басталып, шаттық шеңберінде топтасты. Одан кейін көкөністердің нәтижесін көру мақсатында, «Кішкентай бағбаншы» тақырыбында топ мүшелімен жұмыстар басталып кетті. Алдымен, бүлдіршіндер көкөністердің алғашқы кезеңінен бастап, өнім болғанға дейін қалай өскендігін айтып, арнайы сұрақтарға жауап берді. Әрине, ол ең алдымен кішкентай ғалымдардың таным-түйсігін арттыруға бағытталған болатын. Одан әрі, біздің бағытымыз, жетілген көкөністердің құрамындағы крахмалдарды зерттеп, дәндерін ажыратуға бағытталды. Ол үшін піскен өнімдерді турап, ішіндегі дәндерді алып, келер жылға тұқым ретінде сақтауды шештік. Сондай-ақ, тәжірибе барысында ұлғайтқыш құралы да қолданып, зертханалық жұмыс барысында дәндер, олардың қасиеттері, крахмал алу тәсілі кеңінен түсіндірілді. Микроскоппен жұмыс жасау, кішкентай бүлдіршіндерді жас ғалымдарша сезінуіне ықпал етіп, көзге көріне бермейтін дүниелерді ерекше сипатта бақылауға септігін тигізді. Бұл әрекеттердің бәрі менің тікелей жетекішілігіммен, сонымен қатар топ бүлдіршіндерінің орындаған әрекеті болды. Жалпы, бұл жұмыстарды жүргізуге екі топ бөлінді. Алғашқылары, көкөністердің шыққаннан кейінгі күтімі туралы баяндап, адам ағзасына тигізер әсері туралы тарқатуды жөн көрген. Ал, екінші топ болса, піскен өнімдерді себетке жинап, сабақтарынан асықпай үзіп алып, тағам дайындау үшін аспазшыға берді. Олардан салат жасалып, шараға жиналған жандар сондай-ақ бүлдіршіндер дәмін татты. Әрине, өздерінің өсірген көкөністерден ауыз тию балалар үшін ерекше бақытпен пара пар болғандай. Олар ерекше таңданыспен, сүйсініп, үш ай бойы өсірген өнімдерінің дәмі тіл үйіретіндігін бір-біріне айтып жатты. Оған қоса, шара барысында жас ғалымдардың көкжиектерін кеңейту мақсатында, арнайы слайд да көрсетілді. Ол адам денсаулығына пайдалы тағамдарды дәріптеу негізінде жүзеге асырылып, дәрумендердің ағзаға қаншалықты маңызды екендігін мәлімдеді.

Үш ай бойы үздіксіз күтім жасалған өсімдіктер жайқалып өсіп, өз жемісін берді. Ата-аналар да, бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жайнап, балабақшадан үйге келгенде күнделікті өзгерісті құлшына баяндайтындарын үнемі айтып отырады. Бұл әрине, жас буынның жақсы жолға бағытталып, қоршаған ортаға деген мейірімдерінің артуына септігін тигізгені анық. Олар ендігі таңда жеміс-жидек, көкөністердің қалай өсетіндігінен хабардар. Әрине, біз үшін ең бастысы олардың білімге деген ынталарын, таным-түсйсіктерін арттыру. Сол себепті аталмыш сипаттағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, тағы да топ ішінде түрлі өнімдер алуға тырысатын боламыз.

Бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері-ертеңгі біздің болашағымыз! Оларға қалай тәрбие берілсе, алдағы уақытта да нәтиже солай өрбімек. Жас буынның экологиялық, мәдени, тарихи және т.б. білімдерін дамыту біздің басты мақсатымыз. Сала маманы ретінде бар күш-жігерімді бүлдіршіндері дамыту бағына жұмсап, өздеріне сенімді, болашақ ғалымдар тәрбиелеуді басты мақсатым деп білемін!






2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2021
344
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі