жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Болашақ мамандығымды қалай түсінемін?
Болашақ мамандығымды қалай түсінемін?
Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі.Ол тек тұрақты табыс көзі ғана емес,ләззат пен шабыт әкелуі қажет.Болашағыңның қандай болатыны дәл сол таңдауыңа байланысты. Мен болашағымды журналист ретінде көремін.Журналист-жай ғана хабар таратушы емес, ащы шындықтың жаршысы.Мен халық пен билік арасындағы алтын көпір болып,даулы мәселелерді шешкім келеді.Ал енді журналист боламын деген шешім қай сәтте туындағанына тоқталсам деймін.
Бала кезімнен түрлі кітаптар оқып,ақпарат жинап,оны өзім ғана біліп қоймай,басқаларға да үйретуді жаным сүйетін .Атам да шығармашыл адам, филолог.Менің де өнерге жақын болуым атамның арқасында секілді.Атам мектепке алғаш табалдырық басқан сәтімнен бастап жазуға үйретті.Аға-әпкелерімізбен бір тақырыпты таңдап алып,жарысып шығарма жазатынбыз.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына махаббатым ерекше болды. Бір күні ұстазым сол ынтамды байқап, «болашақта сенен керемет журналист шығады,тек берілме!»-деген қанатты сөздерімен менің бұл мамандыққа құлшынысымды одан әрі дамытты.Сол сәттен бастап,өзіме журналист боламын деп нақты мақсат қойдым.Ұстазымның қолдауымен көп конкурс,жарыстарға қатысып,өз бағымды сынап көрдім.Әрине,әр нәрсенің өз қиындығы бар демекші,жеңісі де,жеңілісі де қатар жүрді.Бірақ осы белсенділігімнің арқасында менде нағыз журналистке сай сенімділік,табандылық,қайтпас қайсар мінез қалыптасты.Бәсекелестіктен қорықпай,өз ойымды нақты жеткізуді үйрендім.Менің ойымша,бұл қасиеттер тек менде ғана емес,әр журналистің бойында болуы қажет.Келешекте сөзі өткір,болашағы жарқын маман иесі болу үшін қазірден бастап еңбек етіп,іздену үстіндемін.Мәселен, «хабар», «АбайТВ» арналарында мерекелік бағдарламаға орай сюжет дайындап,көгілдір экранға алғашқы рет шықтым.Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды.Сонымен қатар,жас журналисттерге арналған поэзия байқауында белсенділік көрсетіп,мадақтауға ие болдым.Білім мен технология дамыған заманда әлем жаңалықтары күн сайын өзгеріп,бәсекелестік артуда.Сондықтан мен болашақ маман ретінде тек білім алумен шектеліп қалмай,өз-өзімді дамытып,жігерлендіріп отыруым керек.Себебі,жақсы журналист болу- тек өз ісіңді атқарумен шектелмейді.Біріншіден,журналист ақ пен қараны,яғни,кез-келген ақпараттың ала-жігін ажырата алуы қажет.Өйткені,қазір БАҚ дамыған заманда ақпараттың рас-өтірігін ажырату,фактчекинг өте маңызды,әрі бұл журналистиканың аса маңызды саласы деп білемін.Екіншіден,журналист өз сөзіне,істеген ісіне жауапты болуы керек.Себебі,қоғам алдында беделді тұлға, ал өскелең ұрпақ үшін үлгі адамға айналасың.Сол үшін,әр басқан қадамыңа мұқият болып,адамзатқа тек жағымды әсер қалдыруың керек деп ойлаймын.Үшіншіден,журналист әрдайым халықпен байланыста болып,өзекті мәселелерді қозғап,ізденімпаз болуы қажет.Осы орайда белгілі публицист Н.Михайловскийдің: «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп,қоғаммен бірге тыныстайды.Қоғам тірлігінің тамыры қиылса,журналистика да бітіп тынады»-деген сөздерін келтіргім келіп отыр.Расымен,журналист үшін қоғаммен бір ағымда болу өте маңызды.Міне,өмірі осындай түрлі қызықтарға толы,үлкен жауапкершілік пен еңбекті талап ететін қайсар журналист болғым келеді!Егер арманым орындалып,журналист болсам,ең алдымен,еліміздегі өзекті мәселелерді көтеріп,халықпен тығыз байланыста болсам деймін.Бұл ой Руслан Өтепбай,Дина Төлепберген сынды журналистердің арқасында қалыптасты.Екіншіден,еліміздегі мәдениет пен өнер саласына жаңа бетбұрыстар енгізер едім.Жастар арасында көне дәстүрлерді,өнерді қайта жаңғыртқым келеді.Бұл арқылы халқымыздың өнерге,мәдениетке деген көзқарасы басқа деңгейге көтерілетіне сенімдімін!Үшіншіден,ұлттық тіліміздің абыройын асқақтатып,оның маңызын кеңейтсем деймін.Себебі,тіл мәртебесі-ел абыройы.
Ойымды қорытындылайтын болсам,менің болашақ мамандығым өзіме ғана емес,еліме де пайда әкелетін кәсіп.Халқымның дамуына өз үлесімді қосып,жаңа бастамалар жасаймын деп нық сеніммен айтамын.Ақпараттың шын,жалған екенін ажыратып,халыққа дұрыс бағдар берсем деймін.Еліміздегі ауқымды мәселелерді қозғап,шешу жолын ойластыратын едім.Әр сөйлеген сөзіме,жасаған ісіме мұқият болып,тарихта орны қалар тұлғаға айналсам деймін.Басты мақсатым-қоғаммен бірге тыныстап,өмір сүру.Болашақта таңдаған кәсібім-өмірімнің мәніне айналып,маған шабыт сыйлайды деген үміттемін.Әлі талай биік белестерді бағындырып,өз ісімнің хас шебері атанғым келеді.Сол үшін бұл жолда аянбай еңбек етуге дайынмын. Көп ізденіп,алда кездесетін түрлі қиындықтарға төтеп беремін деген үміттемін. «Еңбегі көптің өнбегі көп»-дегендей,журналист болып,ел дамуына атсалысып,өз арманымды орындайтыныма сенімдімін!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген