«Болашақ қаласы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Болашақ қаласы»

Материал туралы қысқаша түсінік
-«Қалалар модулі бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, өз ойларын ауызша, жазбаша (шағын шығарма, сызба т.б. түрінде) жеткізеді; құрмалас сөйлемдерді талдау, оларды қолдана білу қабілеттері жетілдіріледі; -ойлау, елестету, қиялдау, шығармашылық қабілеттері дамиды; -армандай білу, жақсылық тілеу, болашаққа үмітпен қарай білуге баулимыз, басқаның пікірін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Болашақ қаласы»
Сабақтың тақырыбы: Болашақтағы қала 
Сабақтың мақсаты: оқушылар тақырып бойынша өз жобасын жасайды. 
Міндеттері: 
-«Қалалар модулі бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, өз ойларын ауызша, жазбаша (шағын шығарма, сызба т.б. түрінде) жеткізеді; құрмалас сөйлемдерді талдау, оларды қолдана білу қабілеттері жетілдіріледі; 
-ойлау, елестету, қиялдау, шығармашылық қабілеттері дамиды; 
-армандай білу, жақсылық тілеу, болашаққа үмітпен қарай білуге баулимыз, басқаның пікірін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: жарыс сабақ 
Әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, жоба қорғау, тілдік жаттығулар; топтық, жекелеме жұмыс, шығармашылық жұмыс. 
Пәнаралық байланыс: тарих, география, бейнелеу өнері. 
Көрнекілігі: жарыс барысын белгілеп отыратын кесте; оқушылар жасаған Қазақстан картасы, жобалары (сызба, суреттері); жер шары бейнесіндегі плакат. 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру: сәлемдесеміз, сабақтың мақсаты, міндеттері айтылады, топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді, алған бағалар ұпай болып жазылатыны ескертіледі. 
II.Үй тапсырмасы: Қазақстан картасын бейнелеп, ол бойынша қалаларға саяхат жасап әңгімелейді. (Сөйлеген оқушының тобына ұпай жазылып отырады). 
III.Жаңа сабақ. 
1.Мұғалім сөзі: «Балалар, біз бүгін қалалар туралы тақырыпты жалғастыра отырып, алған мәліметтерімізді, үйренген сөз, сөйлемдерімізді пайдаланып, «Болашақ қаласының» жобасын жасаймыз. Мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын, өз қалауларың бойынша таңдайсыңдар. Бірінші – жобаны сызба, суреттер, слайд көрсетілімдері т.б. бойынша қорғау; Екінші – шағын шығарма жазу. Жоба жасау үшін оқулықта берілген сұрақтармен танысып алайық». 
2.Оқушылар сұрақтарды оқып, түсінбегендерін сұрап алады. 
-Қала қай жерде орналасады? 
-Бұл қалада ғимараттар қалай орналасады? Олардың түрі, көрінісі қандай? 
-Балабақшалар мен спорт алаңдары қайда орналасады? 
-Көлік және жаяу жүргіншілер жолдары қандай болмақ? Көліктің қандай түрлері болғаны жөн? 
-Өнеркәсіп орындары қайда орналасады? Демалыс орындары бар ма? Олар қандай және қайда орналасады? 
-Қоршаған ортаны сауықтыру мәселесі қалай шешіледі? 
3.Топта ақылдасып жұмыс түрін таңдайды. Шығарма жазушы жеке отырады. 
4.Жоба жасалады. 
5.Әр топ өз жобасын қорғайды. (Ұпай беріледі). 
6.Грамматикалық тапсырма: тақтаға әр топтан оқушы шығып, салалас құрмалас сөйлемдерді талдайды. Бағаланады. 
7.Шығарма оқылады, бағаланады. 
IV.Бекіту. 
1.Кестедегі ұпай сандары саналады, жеңімпаз топ анықталады. 
2.Жер шары тәріздес плакатта Алматы, Семей, Түркістан және «Болашақ қала» атаулары жасырынып тұрады. Оқушылар келесі сұрақтарды шешу арқылы жасырынған қала атауын табады: 
«Кезінде бұл қала еліміздің астанасы болған. (Алматы) 
Ол көне қала, Шабғар, кейін Йаса деп те аталған, қазір мұнда туристер көптеп келуде. (Түркістан) 
Бұл жерді қасиетті деп айтады, себебі ұлы адамдар дүниеге келген. (Семей) 
Бұл қала ең әдемі, көрікті қала болады және мұнда өзара тату, тыныштықты қалайтын адамдар тұратын болады». 
3.Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Бүгінгі сабақта сендер өз ой, қиялдарыңа ерік беріп, болашақты елестетіп, қала бейнесін жасауға тырыстыңдар. Айтқан пікірлерің бәрі дұрыс, келешекте ескеруге тұрарлық пікірлер айтылды, өйткені сол болашақты жасаушы сендерсіңдер. Сол үшін ақ ниет пен талаптарың болсын. Осы жолда сендерге тек сәттілік тілеймін. Ең бастысы, елімізде тыныштық сақталсын!» 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
1154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі