«Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегі, ұлтымыздың
тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды
құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде
оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол
тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты
нақты міндеттер атап көрсетілген.
Елбасы мақаласынан туындаған
міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2018-2019 оқу жылында №13
бөбекжай-бақшасында балабақшамыздың басшысы А.Е. Уралбаева мен
әдісер А.О.Успанованың ұйымдастыруымен ұжым арасында Рухани
жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды мақала жан-жақты
талданып, бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау
және түсіндіру жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылып, бірнеше іс-шара
жоспары бекітілді. Қазіргі таңда бекітілген жоспар бойынша тиісті
жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында балабақшамыздың әр
топтарында бұрыш орналастырылды.
Елбасы тапсырмасымен «Туған
жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бағытында «Өлкетану
тарихы-балалар көзімен» тақырыбында
барлық топтар арасында
әлеуметтік бейнероликтер түсірілімі әзірленіп, «Туған жерім» сурет
байқауы (тәрбиеленушілермен)
өткізілді.
Мемлекет басшысы бағдарламалық
мақаласында туған жердің қадірін біліп, ондағы алып та заңғар
тұлғаларды жастарға үлгі етуді, олардың ерен еңбектерін
насихаттауды жүктеді. Сондықтан «Сахна төрінде» атты іс-шара
барысында тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі жас жеткіншектердің жас
ерекшелігіне сай жергілікті ағартушы, ақын- жазушыларымыз
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов шығармаларын
сахналады.
«Рухани жаңғыру» аясында
салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының
жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру,
адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір
сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін
түсіндіру мақсатында
«Салауатты өмір – көтеріңкі
көңіл » атты ата-аналармен спорттық сайыс
өтті
Сайысты жантаушы Токумбаева
Ш.Ж. мен дене шынықтыру нұсқаушысы Самат.А.Ж. жүргізді. Сайысқа
бірінші кіші «Толғанай» тобынан Уразбаева А.Т,Ақан Ә.Х ,екінші кіші
«Жұлдыз» тобынан Дюсекбаева Н.Г, НұралыД.Ж «Айналайын тобынан»»
Амантаева Р.Қ, Дурмаганбетова Г.А ортаңғы «Бүлдіршін» тобынан
Рахметқалиева А.А, Жусупова М.К , Ересек «Гүлім тобынан
Кенжегшарина М.Е, Исмайлова М.К, «Құлыншақ» тобынан Шайкенова Л.Ш,
Исмагулова А.М. атсалысты.
Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл»
саясатын насихаттау үшін «Үш тілдің патшалығы» тақырыбында сайыс
өтті. Сайысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат: балабақшадағы қазақ
және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне
деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын
туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі
мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, балалардың сөздік қорлары мен тіл
байлығын дамыту.. Сайыс соңында ересек «Құлыншақ» тобы
«Өнерпаздар», Гүлім тобы «Үздік», ортаңғы «Бүлдіршін» тобы
«Алғырлар» кубогын иеленіп, топ тәрбиешілері
марапатталды.
«Кітап- рухани қазына»
тақырыбында екінші кіші «Айналайын», «Жұлдыз»,ортаңғы «Бүлдіршін»
мен ересек «Гүлім», «Құлыншақ» топтары арасында кітап көрмесі өтті.
Бұл көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат: білімнің кітап арқылы
берілетінін ұғындыру.Ата-аналар мен мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндерге кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің
пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру,
кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға
үйрету.
Көрме барысында екінші кіші
«Айналайын» мен ересек «Гүлім» тобының ата-аналары белсенділік
танытып,іс-шараның жақсы өтуіне ықпал етті. Көрме төрінен мектеп
жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай кітаптар орын
алды.
Ұлттық құндылықтарды сақтау,
дәріптеу, өскелең ұрпаққа насихаттау бағыты
бойынша «Ұлттық қолөнер» атты қол өнер
көрмесі жүргізілді.
|
Елбасы, «Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда
мәңгілікке қалуға тиіс», – деген болатын. Сондықтан кейінгі ұрпақ
бабалар тарихын жадына тоқып өссе, біз ұлттық құндылықтарымызды
жоғалтпаймыз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да
осы. Алдағы уақытта жас
жеткіншектерді Қостанайдың киелі жерлері мен туған өлкенің
тарихымен таныстыру жоспарлануда.
|
Жаңа жағдайға қарай бейімделу,
жаңғыру – уақыт талабы.Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын
насихаттап, лайықты жүзеге асыру-баршамыздың
міндетіміз.