Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің болашағы туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш. Бектасов ЖОМ КММ

Пән мұғалімі: Ауелбекова Ақперне Намазбайқызы

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Еліміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған

Сабақ басталуы:«Достық торы» әдісі арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді. Оқушылар ән шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа бөлінеді Топтың ережесін еске түсіру

Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс

Мағынаны таңдау.

1.Рухани жаңғыру дегеніміз не?Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

Аяқталмаған сөйлем

«Рухани жаңғыру - ........»

«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»


Патриот деген кім?

«Патриот деген ол ….»

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге деген ыстық сезім;

Ата- баба өсиетіне адал болу;

Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

Ана тіліне деген құрмет;

Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

Елдің тарихын құрметтеу;

Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Заңға бағыну;

Үкіметті сыйлау;

3.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция күні? – (30 тамыз)

Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.

Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2018
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі