Материалдар / "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған елінің тарихы туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2018
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,Барысы:1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.Аспаны ашық еліміздің,Көркі сұлу жеріміздің,Біз - бақытты баламыз!Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз!Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.1 топ Отаншыл2 топ Намысшыл3 топ БілімдіМұғалім:Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман, тоғай, көлімізді.Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқОл бірақ, өз үйіңнен басталады.. Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты 3 «Ә» сыныбының тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Олай болса Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалсын.  Сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.Еліміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған.Мағынаны таңдау.1.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

2.Постер қорғау «Патриот деген ол ….»Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;Туған жерге деген ыстық сезім;Ата- баба өсиетіне адал болу;Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;Ана тіліне деген құрмет;Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;Елдің тарихын құрметтеу;Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;Өз халқының мәдени жеңістері үшін мақтану;Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

3.Сұрақ-жауап ойыны.Сұрақтары.1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)3.Отан қорғаушылар күні?- (7 мамыр)4.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)5.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)6.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)8.Конституция күні? – (30 тамыз)9.Мемлекеттік рәміздер күні?- (4 маусым)

4.“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны Біздің Отанымыздың табиғаты өте бай. Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабыАғаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

Мұғалім:Біз, қазақ – мал баққан елміз,Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп,Найзамызға үкі таққан елміз.



Би: Қара жорға

Мұғалім:

«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

Ән: «Дастарханым» Орындаушы Шірінбай С

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде таныстым мұң тілімен.Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,Құрсағыма сыйдырам даланы мен.Пәк сәбимін бесікте уілдеген,Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен-жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Жақсылық –рефлексия(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)– Бізбен жіп не істеді?– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Хор: «Атамекен» Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар ! Бүгінгі 3 «Ә» сыныбының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты ашық тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағалы отырмын . «Қaзaқстaн-2050» – Мәңгілік Елге бaстaйтын ең aбырoйлы, ең мәртебелі жoл. Oсы жoлдaн aйнымaйық, қaдірлі хaлқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі бoлсын! Дaмуымыз жедел, келешегіміз кемел бoлсын! Жaрқын іспен күллі әлемді тaң қылып, Жaсaй берсін Елдігіміз Мәңгілік!

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ