400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Білімнің салтанат құруы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Болашаққа бағдар: рухани жаң¬ғыру» Білімнің салтанат құруы Ел Президен¬тінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң¬ғыру» атты бағдарла¬малық мақа¬ла¬сын зер сала оқып шықсаңыз елбасы халқымыздың болашағы туралы кемелді ойлары толқынды сезіммен жүректен өткізе отырып, толғана, тебірене сыр шерткенде, болашаққа зор үмітпен қарап, жүректің толғанбауы мүмкін емес. Елбасының Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі таңдай қақтырады. Елбасы халқымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралап берді. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының келелі ойының жемісі. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық жоба¬ларды ілгерілетуі маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру»

Білімнің салтанат құруы

Ел Президен­тінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарла­малық мақа­ла­сын зер сала оқып шықсаңыз елбасы халқымыздың болашағы туралы кемелді ойлары толқынды сезіммен жүректен өткізе отырып, толғана, тебірене сыр шерткенде, болашаққа зор үмітпен қарап, жүректің толғанбауы мүмкін емес. Елбасының Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі таңдай қақтырады. Елбасы халқымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралап берді. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының келелі ойының жемісі. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық жоба­ларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілет­тіліктің» бірден бір шарты. 
Елбасы мақаласының «Білімнің салтанат құруы» атты бөліміне назар аударсақ «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.

Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп Елбасымыз тұжырым ой мен мақсаттарды айқындап берді. Тақырыпты білім аясына ойыстырар болсақ, «Мектеп-кеме, білім-теңіз» демекші қазіргі заманда білім берудің жаңа технология түрлері жанданып келеді. Ұстаздар қауымы сол озық та зиялы жаңа технологияларды меңгеруді алға қойып, түрлі семинар, тренигтар, конференция өткізіп, тәжірибе жинақтауда. Соның бірден-бір дәлелі Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінің ұстаздары жаңартылған бағдарлама мен курстарды оқытудағы тәжірибені, одан алынған нәтижелерді өздерінің білім қорына жинақтауды әдетке айналдырды. Әлемде білім деңгейі үздік деп танылған Кембридж университеті болса, сол университетпен келісім шартқа Қазақстан мемлекеті қол қойып, мемлекетімізде Кембридждің оқыту әдіс –тәсілдерін оқытуда. Қазіргі таңда ұстаздарымыз аталған университеттің зерттелген ең үздік әдіс- тәсілдерінен білім алып, тәжірибе жинақтауда. Біздің мектепте барлығы 36 мұғалім қызмет атқарса, оның ішінде 6 ұстазымыз осы аталған курстың І, ІІ, ІІІ деңгейді оқып, біздің мектепке жаңа бағдарламаны енгізіп, мектепішілік курстар өткізуде. Сол ұстаздардың бастамасымен қазіргі таңда мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып, әрқайсысы осы аталған бағдарламаның сертификаттарын иеленді. Мектебіміздің ұстаздары елбасымыз қозғаған «Білімнің салтанат құруы» бөлімінде айтқан «көкірегі ояу, көзі ашық, жаңашыл» ұрпақты тәрбиелеуді мектептің алғы шарттарының бірі деген мақсатты алға қойды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары, білімнің көкжиегінде құлаш сермеуі туралы  айтылады. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Ол үшін біздің ұстаздар қауымы жас буынды көзі ашық, көкірегі ояу, жаңашыл бағытта тәрбиелеуге зор үлес қосуда.






Ақсубаева Раушан

Б. Сырттанов атындағы орта мектептің мұғалімі
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1022
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі