«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласы 11сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласы 11сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау барысында мектепте жүргізілген іс-шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы

129 Ә Жәмішев атындағы орта мектебінен АНЫҚТАМА




Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау барысында мекеп басшысы Ж Назаровтың басшылық жасауымен мектеп тің жоғарғы фойесінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша көрме жасалды.

Оқушыларға ұлттық нақышта тәрбие беру, ұлттық салт-сананы бойларына сіңіру мақсатында мектебімізде әр сабақтың арасындағы үзілістерде қоңырау үнінің орнына қазақтың күйлерін, сабақтың аяқталғандығы жөнінде «Балбырауын күйі қойылса, сабақтың басталғанына Құрманғазының «»Сарыарқа» күйі қолданысқа енгізілді.

Ауылымыздың белгілі қаламгер жазушысы ақын Ә Жәмішевтің 90 жылдығына орай  «Қаламы қарымды қаламгер» атты мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 1-4 сыныптар аралығында «Әбіраш атаның өмірі», 5-9 сыныптар аралығында «Сырдың ардақты ақсақалы», 10-11 сыныптар аралығында « Ә Жәмішев публицист журналист, жазушы, аудармашы»  атты ашық тәрбие сағаттарынан басталды.  Барлық сынып жетекшілері өз деңгейінде сабақтарын өткізді оқушылар өлкеміздің аптал азаматы туралы бұрын соңды білмеген мәліметтермен қаруланды. Ашық тәрбие сағаттарының мағыналы әрі мардымды өтуіне сынып жетекшілер атсалысты. Қазан айында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Азаматова Жібектің бастамасымен  «Екі ұрпақты жалғастырған тұлға» атты оқушылармен  дөңгелек үстел ұйымдастырылса, 9-11 сынып оқушылар арасында «Қаламы қарымды қаламгер» шығарма сайысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілді.   Сонымен қатар «Ұлттық ойынымызды асқақтатайық» атты тоғызқұмалақтан мектепшілік сайыс өтті. Сайысты ұйымдастырушы әрі үйірме жетекшісі Н Байжанов. Сайыс басталар алдында 10 сынып оқушысы И Келдібаев ақынның өмірбаяны, оның шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат  беріп өтті.  Сайыс қызықты әрі тартысты өтті бас жүлдені 8 сынып оқушысы Әмірғали Рауза иеленсе, 2-орынды 6 сынып оқушысы Ж Баратқызы иеленді. Ал 3-орынды оқушы алды. 7 сынып оқушысы Бекназарова Асылай жеңіп алды. Қараша айының басында   Ә Жәмішевтің кітаптар мен жазған еңбектерін жайлы «Бір шумақ жыр- бойына бүккен сыр» кітап көрмесі оқушылар назарына арналды, ақын өмірі, еңбегі, тағдырының тауқыметі жайлы мағлұматтармен бөлісті. Ұйымдастырушысы кітапханашы Өтешова Тоғжан.

Асылдардың қалдырған өнерлерін және атадан балаға мұра болып келе жатқан асыл нақыл сөздерін келесі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Қ Мұхамеджановтың 90 жылдық мерей тойына сәйкес «Қалтайдың қалжыңдары» атты өнер сайысы өтті.


«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының соңында мектеп өміріне белсене араласқан ата-аналармен бірге мектеп мақтанышы болған оқушылардың ата-аналары мектеп директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.



Латын әліпбиіне көшу -рухани жаңғырудың бір тармағы.Ендеше латын әліпбиіне көшу болашағымыз үшін маңызды қадам болмақ. Осы мақсатта мектептің 10 а сынып оқушылары И Келдібай және Н Опабековтар латын тілінде жазу жазып бүгінгі жастар қуана қолдайтындарын көрсетті.

Осы мектепті көп жылдар бақарған мектеп директоры марқум, ардагер ұстазымыз Ә Құдайбергеновке арнап «Ата-бәйтерек, бала -жапырақ» аты оқушылар арасында ғылыми жоба сайысы өткізілді. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықпен марапатталды.


"Ауғанның отты жалыны"атты ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай Ауған соғыс ардагерерлері Өткелбаев Қыдырбай және Отаров Еркінмен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында 11 сынып оқушыларына әскери кітапшаны табыс етті. Кеш әрі қарай мектеп кітапханасында жалғасты.




Облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының ұйымдастыруымен "Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік" тарихи-танымдылық шарасы. "Өмірден алып кетем үлесімді"...(Қайсар ақын Н.Әбілқасымовтың шығармашылығынан) Жоба қорғаушылар 9 сынып оқушысы Әмірғалиева Рауза, 8 сынып оқушысы Қожанша Бекарыс. Алғыс хатпен марапатталды. 
Жетекшісі: Қожарипова Күмісқал






Тарих пәнінің мұғалімі Е Сүлейменнің ұйымдастыруымен « Музей аясында рухани жаңғыру» облыс көлеміндегі мұражайларға, тарихи жерлерге саяхат жасады.











Тәрбие жөніндегі орынбасар: Л Бектоғаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі