жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Болат Шарахымбай ақынмен кездесу
|
|
|
«Болат Жұмынұлы Шарахымбаймен кездесу»
Өтетін күні: 20.05.2026
Өтетін орны: 6- қабат АКТ залы
Қатысушылары: Оқытушылар мен колледж студенттері
Мақсаты:
Студенттерге қазақ поэзиясындағы ұлттық рух, адамгершілік, бірлік пен елдік құндылықтарды терең таныту. Болат Шарахымбай шығармалары арқылы жастардың рухани дүниесін байыту, әдебиетке қызығушылығын арттыру және ой еркіндігін қалыптастыру.
Студенттерді Болат Шарахымбай шығармашылығымен таныстырып, ұлттық құндылықтарды, бірлік пен адамгершілік идеясын насихаттау, жастардың әдеби-эстетикалық талғамын дамыту
Бағдарламасы:
Домбыра
2. Болат Шарахымбай шығармашылығымен танысу
МІ 25-6 топ студенттері
Маметқызы Нұрдана
Маратова Мерей
3. Болат Шарахымбай өлеңдерін оқу
МІ 25-12
Данышпанова Сымбат
Ермек Аружан
Мүсілім Балнұр
Қуатқызы Амина
Нуркан Инкар
4. Сұхбат
5. Би
MI 25-8 топ студенттері
Қарқан Айжан
Кудайбергенова Айым
Әбдігаппар Каусар
Мұқан Айзере
6. Монолог
Абдували Али
7. Ән
Мукаш Айшат
Cалтанатты кештің барысы:
Кеш жүргізушілері: Абакиров Ералы 25-1 Емдеу ісі,
Ерболқызы Ақерке 25-8 Мейіргер ісі
Ералы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ардақты қонақтар, студенттер және өнер сүйер қауым!
Акерке: Бүгінгі кеш — қазақ әдебиеті мен өнерінде өзіндік орны бар Болат Жұмынұлы Шарахымбай шығармашылығына арналған ерекше рухани кездесу.
Ералы: Бұл кеште ақынның өмір жолы, шығармашылығы, жүрекке жетер жырлары мен өнері насихатталып, ұлттық рухымызды дәріптейтін әсерлі қойылымдар ұсынылады.
Акерке: Қасиетті домбыраның күмбірі, әсем ән мен би арқылы сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз деп сенеміз.
Ералы: Ендеше, кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Акерке: Қазақтың қасиетті қара домбырасы — ұлтымыздың рухани мұрасы.
Ералы: Сахна төріне күй орындауға
(аты-жөні, тобы) шақырамыз!
Акерке: Өнері арқылы халық жүрегінен орын алған тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығына бірге саяхат жасайық.
Ералы: Ендеше, қазақ әдебиеті мен өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған Болат Жұмынұлы Шарахымбай туралы дайындалған презентацияны назарларыңызға ұсынамыз. Ортада МІ 25-6 топ студенттері Маметқызы Нұрдана, Маратова Мерей!
Ералы: Жыр — жүректің үні. Ақын өлеңдері адам жанын тебірентіп, терең ойға жетелейді.
Акерке: Ендеше, жүрекке жетер жырларды қабыл алыңыздар. Сахна төріне Болат Жұмынұлы Шарахымбай өлеңдерін оқуға шақырамыз!
МІ 25-12 студенттері:
Данышпанова Сымбат
Ермек Аружан
Мүсілім Балнұр
Қуатқызы Амина
Нуркан Инкар
БӨКЕҢНІҢ АУЫЛЫ
Осы жерде кіндігімнің қаны тамған,
Оттай ыстық демімнің табы қалған.
Осы жерде әкем мен шешем жатыр,
Көзімнің қарасы мен ағы болған.
Әуелден-ақ тағдырлас, сырлас бәрі,
Таусылмаған тәмсілі, жыр-дастаны.
Бала күннен бірге өскен Ақбөкеннің,
Осы ауылда тұрады құрдастары.
Ынтымағы жарасқан, ырыс бағы,
Ойлайтыны бәрінің ұлыс қамы.
Алматылық бұл күнде Бөкентайдың,
Осы ауылда жасайды туыстары.
Көңіл түссе бұрқырап шекелері,
Жүдә, мақтап аспанға көтереді.
Алғаш рет қол соққан өлеңіне –
Осы ауылда тұрады көкелері.
Осы жерден ытылып асықты арман,
Осы жерде бәденім айшықталған.
Алғаш рет бұл Бөкең осы ауылдың,
Қызыл көйлек қызына ғашық болған.
Қайырмадай құйылып пернедегі,
Шығаратын сүйрелеп төрге мені.
«Мырзаға» деп ат берген Бөкенжанға,
Осы ауылда тұрады жеңгелері.
Ауылымды кімге де үлгі етемін,
Көңілімде елімді күн көтердім.
Ағасының жырларын жатқа соғар,
Інілері тұрады бұл Бөкеңнің.
Мекен еткен бұл күнде бас қаланы,
Бұл қалада басқа жұрт, басқа бәрі.
Көп қабатта тұратын Бөкежанның,
Осы ауылдан ғұмыры басталады.
Әлі талай осында ат бұрады,
Қоңырауын көңілдің қақтырады,
Шырағданын жүректің жақтырады.
Кіндігінен байланған, осы ауылға Алла жазса, бұл Бөкең кеп тұрады!
«ЖОҒАЛҒАН ЖҮРЕК» ТОПТАМАСЫНАН
Тау бүркіт боп қарайтын томағалы, Қазығұрттың аман ба тамам елі. ...Жүрегімнің ішіне кеттім түсіп, Кім шығарып алады одан мені?
Керемет күн, бұл неткен керемет күн, Кереметін жүректің өлең еттім. Орынында тұрғанда айтар едім, Жүрегіме жоғалған не демекпін.
Тура келіп қалғандай жалынына, Жанып жатыр жүрегім тағы мына. «Жүрек тілі – тілсіз тіл» деген бар ғой, Бірақ, оның кім жеткен парығына.
Тамады кеп, тамады ізгі өлеңдер, Құлымыз ғой көңілдің біз дегендер. Жүрегіме түсіп ап, адам білмес, Көзкөрмеске жоғалсам – іздемеңдер.
Қолы кімнің, бұл өмір соры кімнің Жүрегімді Алланың жолы қылдым. Бұл дүниеде, расы, ең бастысы, Жүрегіңді жоғалтпау соны білдім.
СЕН ҮШІН
Бір жапырақ етімнен ет кесейін – сен үшін.
Құдайыңның өзімен беттесейін – сен үшін.
Кегі бармен жау болып кектесейін – сен үшін.
Қаны бармен дос болып серттесейін – сен үшін.
Қос қолымды көсеу қып от көсейін – сен үшін.
Табаныма қып-қызыл шоқ төсейін – сен үшін.
Екі дүние арасы жоқ кешейін – сен үшін.
Қиялыма мініп ап көк көшейін – сен үшін.
Қара түннің жүрегін сұрайыншы – сен үшін.
Қобызымның құлағын бұрайыншы – сен үшін.
Қара жерді уыстап құлайыншы – сен үшін.
Туған жерде ту ұстап тұрайыншы – сен үшін.
Қолтық сөгіп, ішті іреп жылайыншы – сен үшін.
Көзім жасын сілкілеп сығайыншы – сен үшін.
Шындығына өмірдің шыдайыншы – сен үшін.
Бәрін айтып осылай тынайыншы – сен үшін.
Сен үшін, бәрі сен үшін!
ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ТЕРЕК
Мына жұрт не біледі, не біледі? Кеудемді кәләміш-мұң кеміреді.
Жан едім тұла бойым көне мүсін, Қырандай көкті кезген көңіл еді.
Мына жұрт не біледі, не біледі? Жүрегім жезкиік боп тебінеді.
Жан едім жаратылған өлең үшін, Құландай қырда жортқан өмір еді...
Мына жұрт не біледі, не біледі? Шетіне мұңның жетпей шегінеді.
Сап-сары күзгі кешеу жапырақтар, Танадай көзге толып төгіледі.
Мына жұрт не біледі, не біледі? Көңілім жақсы сөзге семіреді.
Көрігім жаман сөзден сөгіледі, Топанда жалғыз қайық тербетілген, Жапанда жалғыз терек егіледі...
ӨЛЕҢСІЗ ДЕ ӨМІР СҮРУГЕ БОЛАДЫ ДЕЙТІНДЕРГЕ ЖАУАП
«Өлең өлді!» деді бір ағам. Газеттегі сұхбаттан.
Өлең өлді дегенше, өмір өлді десейші,
Қөзден жасы моншақтап еңіреді десейші.
Өлең өлді дегенше, дүбір өлді десейші,
Дүние біткен аһ ұрып тебіренді десейші.
Өлең өлді дегенше, күбір өлді десейші,
Қара аспанның кеудесі күңіренді десейші.
Өлең өлді дегенше, жасын өлді десейші,
Бұл жалғанға сыймастан тасып өлді десейші.
Өлең өлді дегенше, рух өлді десейші,
Қақ жүректің тұсынан сынып өлді десейші.
Өлең өлді дегенше, Сөз өлді десейші,
Безбүйрек мына дүние безерді десейші.
Өлең өлді дегенше, қазақ өлді десейші,
Қазақ емес, алашта арыс өлді десейші,
КИІКТІҢ ЕЛЕСІ
Қанжардай тілгілеп ауаны, Шоқтай боп жалтылдап жанары,
Дүбірге толтырып даланы, Қияда киіктер ағады.
Жүрегі үздіге тарсылдап, Жұлыны бозаңға тырсылдап,
Алқынып, Шарқ ұрып шабады. Артында күндер қап қаралы.
Ұмытып мың жылдық наланы, Аспанда жөңкіген бұлтқа ілесіп,
Құйымыр – құйғытып барады. Бозкиік – ойларым бас асау,
Ол қашан саябыр табады?..
Беткейден қарайды ай маңып, Мен тұрмын қияда ой бағып.
Қиялым – қыңырлау, қаңғыбас, Қырандай шүйіліп көк тіле
Алдымнан зу етіп өтті де, Қайтадан кетті ол
Бір түйір ноқатқа айналып. Киіктің елесі қалды тек,
Көзімнің ұшында байланып.
Акерке: Келесі кезекте арнайы сұхбат бөліміне назар аударайық.
Ералы: Бұл бөлімде ақынның шығармашылығы, өмір жолы және өнердегі ізденістері туралы кеңірек әңгіме өрбиді.
Акерке: Сахна төріне құрметті қонағымыз Болат Жұмынұлы Шарахымбай шақырылады!
Ералы: Құрметті көрермендер, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға болады.
Ералы: Енді кештің көркін аша түсетін әсем би қойылымына кезек берейік.
Акерке: Сахна төрінде ұлттық әуенмен өрілген әсерлі би тамашалауға шақырамыз.
MI 25-8 топ студенттері
Қарқан Айжан
Кудайбергенова Айым
Әбдігаппар Каусар
Мұқан Айзере
Ералы:Қазір сіздердің назарларыңызға терең мағыналы монолог ұсынылады.
Акерке: Бұл монолог арқылы адам жаны, өмір мен өнердің байланысы көркем сөз арқылы бейнеленіп, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.
Ералы: Сахна төріне монолог орындауға
(Абдували Али 24-11) шақырылады!
Акерке: Сахнада жүректі тербетіп, жанға жылу сыйлайтын әсем әнді бірге тамашалауға шақырамыз.
Ералы: Әнді орындауға сахна төріне Мукаш Айшат шақырамыз.
Ералы: Құрметті көрермендер, осымен Болат Жұмынұлы Шарахымбай шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кешіміз өз мәресіне жетті.
Акерке: Өнер мен руханиятқа толы бұл кеш сіздердің жүректеріңізде ерекше әсер қалдырды деп сенеміз.
Ералы: Қадірлі қонағымызға алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!
Акерке: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген