Материалдар / Бөлімі : Үйірме Сурет салу Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп өсті»

Бөлімі : Үйірме Сурет салу Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп өсті»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы жас мамандарға осы сабақтарымның пайдасы тисе, қуанышты болар едім
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Шығыс Қазакстан облысы,Көкпекті ауданы ,Самар ауылы«Дәншік» балабақшасы

Ахметзаки Жанар тәрбиеші ІІ-санатты


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

«Балбөбек» 2 сәбилер тобы

Күні 09.04.2019

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Үйірме Сурет салу

Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп өсті»

Мақсат-міндеттері: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтарын үйлестіріп салу біліктіліктерін бекіту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, ойын.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Көктем мезгілі туралы тақпақтар, табиғаттың суреттері

Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, қылқалам, бояулар, сүрткіштер

Билингвальды компонент күн – солнце , шөп – трава

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбер
Армысың көк аспан,

Армысың жер ана,
Армысың атын күн,
Армысың балабақша,дос-жаран!

Шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтады.

Армысың көк аспан,

Армысың жер ана,
Армысың атын күн,
Армысың балабақша, дос- жаран!

Іздену-ұйымдастырушы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырамын.

Күн жарқырап тұрғанын, шөптердің өскенін айтамын.

Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызамын.

Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіңдеп жап-жасыл түске енетінін, құстар келіп, жан-жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіремін.

-Балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасаймын.

-Балалар мына суретке қараңдаршы жарқыраған күн, ұшып жүрген көбелектер мен ара бейнеленген.

-Балалар мына суретте не жетпей тұр?

- Жасыл шөп

Дұрыс айтасыңдар балалар

Балалар барлығымыз күн, шөп сөзін үш тілде қайталайықшы

күн- солнце, шөп-трава

Содаң соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып беремін. Балалар суретімізді салмас бұрын барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді)

Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады)

Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды)

Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады)

Жарайсыңдар, рахмет балалар. Орнымызға отырайық. Алдымыздағы суретте бейнеленген жасыл шөпті қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып алып, оны төменнен жоғары қарай сүйкей жағу тәсілін көрсетемін.

Шөптің ұшына қарай жіңішкере беретініне балалардың назарын аудартамын. Түп жағын салғанда қылқаламды батырыңқырап, ал шөптің басына қарай қылқаламның ұшымен ғана бояу жағу тәсілін орындап көрсетемін. Шөптерді көбірек салсаңдар суреттегі аралар, көбелектер бізге де қонаққа келеді деп қызықтырып қоямын.

қ/о: «аралар мен гүлдер»
шарты: барлығы орындарында отырады. Аралар деген кезде орнымыздан тұрып екі қолымызды жайып бір орында ұшамыз. Ал гүлдер деген кезде барлық балалар аралар сияқты гүлге қонып орындарына отырады.

-көктем мезгілі

Күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаш бүршік жарады т.б.









Терезе алдына жақындап күннің жарқырап тұрғанын айтады.















Жарқыраған күн, көбелектер мен ара ұшып жүр





Жасыл шөп

күн- солнце-the sun,

шөп-трава- grass







Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді)

Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады)

Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды)

Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады)



Қолдарына таратылып берген суретте шөптің ұзындығы-қысқалы екеніне көңіл бөледі.

Түп жағы жуандау, ұшына қарай жіңішкере беретінін түсінеді.

Шөптің салу тәсілімен танысқаннан кейін қолдарына қылқаламды алып, бояуға батырып алып, төменен жоғары қарай салады





Ойынды шарты бойынша қызығушылықпен ойнайды

Рефлексивті-түзетуші

-Балалар бүгін біздер ненің сурет салдық?

-Немен салдық?

-Сендерге ұнады ма?
Балалардың суреттерін тақтаға іліп, жақсы салғандарын мақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылаймын.

Жасыл шөптің



қылқаламмен

Иә,ұнады.
Жақсы салынған суреттерді тамашалап, қол соғады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:  Көктем мезгілі басталғанын, күннің жылығанын.
Игереді: Көктемде күн көзі жарқырап, шөп өсетінін.
Жасай алады: Бояуға батырылған қылқаламмен сүйкей жағу арқылы шөптерді салуды.







ЖИ арқылы жасау
21 Сәуір 2019
2446
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі