Материалдар / Бөлімі: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Мөлдір су»

Бөлімі: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Мөлдір су»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Білім беру саласы: “Әлеумет”
Бөлімі: «Экология негіздері»
Тақырыбы: «Мөлдір су»

Тәрбиеші: Нуралина Ажар.Т.

8 «Айжарқын» ортаңғы тобы

Мақсаты:

 Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

Міндеттері:
1)Білімділік: Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға баулу,
2)Дамытушылық: Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру
3) Тәрбиелеу:Суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: мнемо кестесі , түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі:  слайд – шоу, су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Билингвалды компонент: Су – вода-уотэ, тамшы- капля -дроп, мөлдір – прозрачный - трансперент, .

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.

Ол не?

Жауабы: Су.

Су болмаса тіршілік болмайды. Енді бәріміз тақтаға мұқият қараймыз.Суреттерді атын атаймыз.

Енді тәжірбие жасау үшін ақырын үстелдерімізге отырайық.

1-Тәжірибе Судың иісі бар ма ? Иіскеп көрейік,
Шешім : Суда иіс жоқ . Өте жақсы

2-тәжірибе: Суда пішін болама?

Менің алдымда Әйнек ыдыста ыдыста су бар.

Енді оны басқа ыдысқа құямыз да суды ұстап көреміз,суды қолымызбен ұстап тұруға болама?

Шешім: Судың пішіні болмайды, ұстап тұра алмаймыз су саусақтар арасынан ағып кетеді.

3-тәжірибе .Судың дәмі бар ма?

Шешім: Енді сол ыдысқа тұз саламызда қасықпен былғаймыз, ақырын төкпей шашпаймыз.Енді тілімізді суға тигізіп көреміз судың дәмі қандай екен.2 шісінда қант салып былғаймыз ақырын ішеміз. Суда дәм жоқ егерде қант,тұз қосса өзгереді.

4-Тәжірибе:Судың түсі бар ма?

Алдымызда су құйылған және әр қайсымызда гуаш бояуы бар қылқаламдарымыз бар, қылқаламмен бояуды алып суға саламыз ,судың түсі өзгеріп кетті. Қане сенің суыңның түсі қандай болды.

Шешімі: Суда түс жоқ, бірақ біз бояп ала- аламыз.

Судың үш күйі бар?

Олар мыналар:

Үш күйі бар: Су, бу. Мұз

Сергіту сәті:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

5.Суды ысырап қылуға болмайды.

Су неден ластанады?

Сендер біздің Көкшетаудың көлін білесіңдер ме?

Қалай аталады ? «Қопа» көліне жазда түсесіңдер ма?

Сол түскен жерлеріңде қоқыстарыңды тастап немесе көлге тастауға болама?

Не көлдің басында машина жууға болама?

Су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі.

Енді мұқият қараймыз .Осы жануар, жәндік, құстар, өсімдіктердің бәрінде де су бар екен.

Суды не үшін пайдаланамыз? Мнемо кесте бойынша жұмыс.

Тормен су әкелуге бола ма?

Рефлексивті – түзетушілік кезең

Топта мына гүлді біз су құйып отырдық,гүл өте әдемі болып өсті.Сиқырлы гүлімізде ғажайып жапырақтар бар ,сол жапырақта тапсырма бар екен.Қане кім жапырақты алып сұраққа жауап бередіи екен?
Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?
Судың қандай қасиеттері бар?
Сусыз өмір сүруге бола ма?
Суды үш күйі бар?

Адамдар сусыз өмір сүре ала ма?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?




ЖИ арқылы жасау
06 Тамыз 2018
516
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі