жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бөлімі/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлімі/аралық тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
6-сынып «Қазақ тілі» пәнінен ІІІ тоқсан VIII бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Пәні: қазақ тілі
Бөлім: «Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.Наурыз. Морфология»
Оқу мақсаты: 6. 2. 6. 1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу- келіспеу себептерін айқын жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
Бағалау критерийі: білім алушы
- Оқылым тәсілдерін қолданып, комментарий жазады
- Құрылымына сай дискуссивті (келісу-келіспеу) эссе жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану және жоғары
Орындау уақыты: 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндегі маңызды ақпаратты іріктеп, комментарий жазыңыз.
Наурыз-парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «Күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз-бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күні адамдар жаңа жылдың басы- «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.
Наурыз-діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз-табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық»,-дейді.
Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері: «Бұл күні Самарқаның көк тасы да жібиді»,-деп зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып, кешірім берген.
Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!, «Ақ мол болсын!», «Ұлыс береке берсін, бәле жала жерге енсін!». Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.
1.
2.
3.
4.
5.
Тапсырма
2. «Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар?» деген пікірмен келісесіз бе? Мысылы: «Бетешар», «Тұсау кесу», «Қыз ұзату», «Сүндет той» т.б. дәстүрлерін бұрынғы және қазіргі тойлануына салыстырмалы талдау жасап, дискуссивті (келісу-келіспеу) эссе жазыңыз. (40-50cөз)
|
Дескрипторлар |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Тапсырма № |
Дескрипторлар |
Балл |
|
Білім алушы |
|||
|
- Оқылым тәсілдерін қолданып, комментарий жазады |
1 |
қажетті ақпараттарды іріктейді; комментарий жазады; |
1 1 |
|
Құрылымына сай дискуссивті (келісіу-келіспеу) эссесін жазады |
2 |
дискуссивті (келісі-келіспеу) эссе жазады; тақырыпқа сай жазады; салыстырмалы талдау жасайды; дәлелдер келтіреді; құрылымын сақтайды. |
1 1 1 1 1 |
|
Барлық балл саны |
7 |
||
«Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт дәстүрлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының
аты-жөні _________________
|
Бағалау критерийі |
Тапсырма |
Оқу жетістік деңгейі |
||
|
Төмен |
Орта |
Жоғары |
||
|
- Оқылым тәсілдерін қолданып, комментарий жазады |
1 |
Қажетті ақпараттарды іріктеуде, комментарий жазуда қиналады |
Қажетті ақпараттарды іріктеуде, комментарий жазуда қателіктер жібереді |
Қажетті ақпараттарды іріктейді; комментарий жазады |
|
Құрылымына сай дискуссивті(келісу-келіспеу) эссесін жазады |
2 |
Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазуда қиналады |
Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазуда қателіктер жібереді |
Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген