Болмасын соғыс, болмасын!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болмасын соғыс, болмасын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ҰОС жеңіс тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болмасын соғыс, болмасын!

Жыл сайын мамыр айы туғанда әрбір адамзат ерекше күрсініспен еске алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс күні! Биыл міне батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккелі жетпіс үш жыл өтті. Алайда, жер әлемді дүр сілкінткен, әрбір бейбіт тұрғынның санасын сансыратқан «Бүгін, 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төртте Германияның қарулы күштері соғыс жөнінде ешбір ескертпе жасамастан Кеңес Одағының шекарасын шабуылдады» деген хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра білді, ақтық демі таусылғанша айқастан тартынбады. Жеңіс жолында бірі бақытты балалығын, бірі жігерлі жастығын, бірі денсаулығын, енді бірі өмірін құрбан етті, талай жас қыршынынан қиылды, көптеген отбасы қара жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда тыным таппастан еңбек етті. Нәзік жанды әйелдер бір – ақ сәтте қайраттанып, балалар бір – ақ сәтте есейіп кетті. Сұм соғыс зардабын тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 жылдың 9 мамырында аяқталды. Көгілдір көктеммен бірге, көптен күткен Жеңіс те жетті! Жүректерге үрей, жанарларға жас ұялатқан Жеңістің дәмі ащы болды.

Жақында Ұлы Жеңістің жетпіс үш жылдығын атап өтеміз. Бірақ, бұл Жеңістің бізге қандай жолмен келгенін жадымыздан шығармауға тиіспіз. Сол кезде бар жоғы он жетіде болған жалынды жігіт қазіргі таңда сексеннің сеңгіріне шыққан қарт атанды. Өкінішке орай, жыл сайын Жеңіс сыйлаған ерлеріміз бен тылда тынымсыз еңбек еткен жандар қатары кеміп келеді. Біз, Отан үшін от кешкен сол батыр бабаларымыздың есімдерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Мен өз халқымның ержүрек ерлерімен, ерен еңбеккерлерімен мақтанамын! Бүгінгі бейбіт күн үшін, бақытты балалығымыз үшін, арайлап атқан әрбір таң үшін, күлімдеп батқан әрбір күн үшін алғысымыз шексіз сіздерге, аяулы Ардагерлер!




Ақниет Мырзатаев

7-сынып оқушысы

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы

С. Серкебаев атындағы ОМ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.04.2018
1082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі