Материалдар / Бөлме гүлдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бөлме гүлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
543
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мырзакент» жалпы орта мектебі мектеп – гимназиясы»












Тақырыбы:

Бөлме гүлдері



Picture 5 Picture 3 Picture 1







Мақсаты: 
- Бөлме гүлдерінің өсірілу, күтіп – баптау жолдарын түсіндіру.

- Өз бетінше ізденуге үйрету, зерттеушілік қабілеттерін арттыру.

-Қоршаған орта табиғатының сұлулығын қадірлеп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бөлме гүлдерінің суреттері, кітап, слайд

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ауызша айту

                          Сабақтың  барысы.

І. Ұйымдастыру  бөлімі:

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Әңгімелесу


Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап,  еркелетіп тұру қажет, олар да өздерінше қуана да, мұңая да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысыңыз.

Бөлмеде гүл өсірудің маңызы өте зор, одан адам эстетикалық тыныштық, қуат алады.

Ал, енді бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге назар аударайық:

Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».

Жел өті. Гүлдер жел өтінде (сквозняк) тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.

Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысыңыз, вибрацияның да гүлге кері әсері бар.

Жылу әсері. Егер пәтеріңізде жылу еден астымен жүргізілген болса, арнайы гүл құмыраларын қоюға арналған демеуіштерді (подставка) қолданыңыз. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан да алысырақ ұстағаныңыз жөн.

Белгі. Құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз. Өйткені, гүлді көп айналдыру оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.

Тыңайтқыш. Тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп отырыңыз және гүліңізге арнайы сай келетін тыңайтқышты пайдаланыңыз. Ол үшін гүл өсіруші мамандардың көмегіне сүйеніңіз не тыңайтқыш салынған қорап сыртындағы нұсқаулықпен танысыңыз.

Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қоюға тырысыңыз. Салмағын көтере алмай, морт кетуі мүмкін.

Суару. Гүлді таңертең суарып отырыңыз, бұл – қолайлы уақыт. Әрине сатушының кеңесіне де құлақ асқаныңыз жөн.

Ауру. Гүлдердің жапырағы бірден қурап, сынғыш келсе, ауруға шалдыққаны. Ол жағдайда мамандардың көмегіне сүйеніңіз


Ойын: Гүл атауларын кім көп біледі?

Оқушылар білетін бөлме гүлдерінің атауларын қағазға жазып, кезекпен оқып шығады.


Бөлме гүлдерінің адам денсаулығына жағымды әсері

     Бөлме ішіндегі атмосфераны жақсарту үшін кейбір өсімдіктердің эфир майын қолдануға болады. Эфир майы адамның ағзасына еніп, оның физикалық әсерін жақсартып, түрлі бактерияларға қорған болады.

Сонымен қатар, қан құрамында лейкоциттердің көбеюіне әсер етеді. Қазтамақтар бүйрекке түскен салмақты жеңілдетіп, адамға тыныштық күйін бере алады. 


Суреттерге қарап гүлдердің атауларын атайық:

Кактус Герань Драцена Кала

Азалия Каланхое Бегония Крассула

Колеус Орхидея Петуния Хризантема


   Алоэ - үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлемнің энергетикалық қалпын жақсартады.

     Аспарақұс – ауадағы кері әсерлерді жояды. Адамның көңіл-күйін жақсартып, сенімділік сезімін қалыптастырады. Белсенді, тынымсыз адамдарға өсірген дұрыс.

    Қынагүл – айналадағы келеңсіз, шешімсіз жүрген мәселелерге душар болған адамдарға жақсы әсер етеді. Адамның бойында жақсы қасиеттердің пайда болуына көмектеседі. Бөлмеге қуатын шашып, адамның еңсесін көтереді.

Қазтамақ – адамның ашуын басады. Ол адам ашуланғанда сабыр сақтап, тынышталуына әсер етеді. Ашу – жанұяның тыныштығын бұзады – сондықтан қазтамақ болған ортада тыныштық пен татулық орнайды.

Монстера – ретсіздікке ұшырап жатқан үйлерге қажет. Астан-кестен болып жатқан ортаға жағымды әсер етеді. Сабырлылық, бірқалыптылық сыйлайды. Барлығын өз орнына орналастыруға, ретке келтіруге атсалысады.

Традесканция - көреалмаушылық қасиетін жояды. Сондықтан жанында қызғаншақ адамдар барларға жақсы көмектеседі. Қызғаншақ, көре алмаушылық сияқты жаман әдеті бар адамдарды біраз сабасына түсіреді.

Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды, бөлмедегі адамның қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды.

Цикламен - мінезі қиын, құбылмалы адамдарға өсіру керек. Адамның көңіл-күйін жақсартады. Сонымен қатар, адамның біреуден көңілі қалған кезде көмектеседі.

Эхмея – жылауық, жиі көңіл-күйі болмайтын адамдар үшін тиімді. Адамның көңіл-күйін көтереді. Және де іші тар адамдарды жақсартып, жомарттыққа тәрбиелейтін де қасиеті де бар.

Қорытынды:

  Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек. Гүл өсірудің, оларды көбейтудің жолдарын үйрену керек. Жайқалып өсіп тұрған гүлдеріміз әрдайым үйіміздің, сыныбымыздың көркі бола берсін.

 

Picture 7 Picture 10 Picture 13

Picture 1 Picture 4

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!