Бөлме өсімдіктерін күту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлме өсімдіктерін күту

Материал туралы қысқаша түсінік
өсімдіктердің түрлерін атап бере алады; өсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады; ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Қызыл кітаптағы өсімдіктер əлемі Мектеп/ МҰ

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ тобы: Қатысушылардың саны Болмағандар

ҰОҚ оқытылу

мақсаты

0.1.1.2 Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді атау

Болжамды нəтиже Барлық балалар;

өсімдіктердің түрлерін атап бере алады;

өсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады;

ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;

45

өзінің өлкесіндегі өсімдіктерді атап бере алады.

Көпшілік балалар:

3-4 өсімдіктерді атай алады;

тіршілік үшін өсімдіктерге не қажет екенін анықтай алады;

өсімдік түрлерін салыстырады жəне оларды ажырата алады, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба

алады.

Кейбір балалар:

өсімдік бөлігін олардың қызметін атай алады;

зерттеу іс-əрекеті барысында талқылай алады.

Тілдік мақсат Дағдыларды дамыту.

Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын,

танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен

байланысты?», «Егер..., не болады?»» деген сұрақтарды пайдалану.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар, сирек кездесетін өсімдіктер, бағбан.

ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен өсімдіктер қызыл кітапқа енген?

Өсімдіктердің азайып кетуіне не себеп болды?

Адам өмірінде өсімдіктің пайдасы қандай?

Өткен ҰОҚ-дан алған

білім

Өсімдік тіршілігінің жағдайы туралы қарапайым білім; қарапайым зерттеу дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар

Дұрыс əсерлі көңіл

күй орнату.

0–1мин.

II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

2–5 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Қол алысып, кəне, біз,

Достасайық бəріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

(Ұ) Өсімдіктің пайдасы неде? Неліктен өсімдіктің кейбір түрі сиреп кеткен,

оған не себеп? (Өсімдік дегеніміз – құрлықтың барлық жерінде өсетін, суда да

кездесетін түрлері бар, тыныс алатын, қоректенетін жанды табиғат бөлігі).

Проблемалық сұрақтар:

1.Өсімдіктерсіз жер бетін елестету/олардың азайып бара жатқандығы жөнінде

естеріне саламын/.

2.Не үшін жануарлар мен өсімдіктер азаюда?

3. Қызыл кітап деген не?Не үшін керек?

4.Неге оның түсі қызыл,неге сары емес, неге жасыл емес?

Педагог суреттерге назарларын аударады, балалардың өсімдіктер туралы не

білетіні, олардың құрылысы,өсуіне қажетті жағдайларды атап бере алу

іскерліктері. Қорытынды: Өсімдіктер – біздің ғаламшарымыздың көкпеңбек

киімі. Өсімдік əлемі бай жəне əртүрлі.

Өсімдіктерді қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу нұсқалары

Адамдар қандай жағдайда өсімдіктерді өсу ортасынан айырады?

Өсімдіктер адамға не сыйлайды? Сурет бойынша əңгімеле.

Адам өсімдіктерді қалай күтеді?

Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге ұсыныс жасайды.

Талдап қорыту: өсімдіктерді дұрыс мақсатта пайдалану, бейберекет жұлмау.

Қызыл кітап – бұл қауіп-қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған

ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары

қажет, əйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978

жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.Қызыл

кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым

салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа

енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, əрбір

данасына айыппұл төлейді.

Оқулықтағы кесте (кестені

флипчартқа шығаруға болады)

III. ҰОҚ тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

Ауа райы күнтізбесімен жұмыс. Педагогбалаларданалдыңғы ҰОҚ

барысында ауа райын қалай белгілегендерін сұрайды. «Бүгін ауа райы

қандай?» деген сұрақ қойылып, жауап тыңдалады. Шартты белгімен белгілету.

(Ұ) Өзекті мəселелер.

Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.

Өсімдік – тіршілік тірегі. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды

жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Сонымен бірге жануарлар үшін қорек,

баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде

пайдаланады.Сондықтан да біз өсімдіктерді не істеуіміз керек? (Қорғау

керек).

Əр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі. Балалар қалай

қорғау керек екендігін айтады.

Қ.Мырза Əлидің Қызыл кітап өлеңімен таныстыру.

Қызыл кітап,

Бұл өзі қызық кітап.

Тысы жұқа

Астары қалыңырақ.

(Ұ) Өсімдіктер туралы бейнетаспа көрсету.

«Кім жүйрік?» ойыны.

«Есіңде болсын!»

/Өсімдікті қорғау ережелері/

(Ұ)Сергіту сəті.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Өсімдіктердің суреттері.

Қызыл кітап суреті.

«Өсімдіктер əлемі»

бейнетаспасы.

Музыкалық сүйемелдеу

Мұның аты – еңбек.

(ОТ,Ө) Практикалық жұмыс:«Өсімдіктің өсуіне, көбеюіне кері əсер ететін

жағдайлар» Бір өсімдікті ыдысқа салып,бақылау жүргізу. Мысалы: қызғалдақ,

бəйшешек т.б.

Жұмыс барысы. Өсімдік өсетін арнайы жерлерді бақылауға алу керектігін,

адамдардың ысырапсыз гүлді тамырымен алып пайдаланғанынан,оның саны

азайып, жойылып бара жатқанын бақылау кезінде балаларға айтып түсіндіру.

Қорытынды: өсімдіктер тіршілік ету үшін белгілі бір жағдайлардың болу

керектігі, адамдардың əрекетінен жəне экологиялық өзгерістердің нəтижесінде

жер бетінде өсімдіктің кейбір түрлері жойылып бара жатыр. Олардың əдемі

болып өсуі үшін, қамқорлық жасауымыз керек екенін түсіндіру.

(МК, ОТ, ЖЖ) Зерттеу іс-əрекеті. «Əртүрлі өсімдік тіршілігін бақылау».

Өсімдіктің дəрілік, мəдени түрлеріне,бақылау жүргізу. Өсімдікке қажетті

жағдайлар болмаса оның өсіп жетілмейтінін түсіндіру.

Жұмыс барысы:

Суғару.

Жарыққа жақын жəне қараңғы жерге қойып қою.

Жылы жəне суық жерге қою.

Тұқымдарға толығымен су құю.

Қорытынды: Өсімдіктің қалай өсіп, дамығанын салыстыру. Олардың

тіршілігіне ең қажетті жағдайларды анықтау.

Логикалық _________тапсырмалар

Орманнан жиһаз жасау үшін бірінші күні 5 ағаш, екінші күні 10 ағаш кесіп

алды. Кесіп алған ағаштардың орнына 2 ағаштан отырғызса , қанша ағаш

болады?

Бақшаға 50 көшет əкелінді . 5 ыдысқа тең бөлсе, 1 ыдысқа неше көшет

отырғызылады?

Тоқылдақ ағашты құрт-құмырсқадан тазартады. Өйткені ол

зиянкестілермен қоректенеді. Бір күнде тоқылдақ 1 кг зиянкеспен қоректенсе,

бір айда неше кг зиянкесті құртады?

Дəптер, түрлі түсті

қарындаштар.

Мозаика құрастыру. (Топтарға жаңа ҰОҚ бойынша сұрақтар

дайындалынады. Егер дұрыс жауап берсе, мозаикадан Қызыл кітапқа

енгізілген гүлдер шығады).

(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1.Қызыл кітаптың «қызыл» деп аталу себебі туралы əңгіме жүргізіледі.

2. Өзіңнің өлкеңде өсетін өсімдіктерді ататып, біреуінің суретін салғызу.

3.Адамның өсімдікке тигізетін пайдалы жəне зиянды əрекеттерін бөліп

көрсету. Пайдалыны көк, зиянды əрекеттерді қызылмен белгілету.

4.Ағаштардың жапырақтарын тауып сəйкестендіру.

5. Ересектердің көмегімен тыйым сөздерді аяқтайды. Оның себебін түсінеді.

Мысалы: Ағаштың бұтағын сындырма. Ағаш жапырағын жұлма. Жалғыз

ағашты кеспе.

IV. ҰОҚ корындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

(Ұ)Педагогқорытынды жасайды. Сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Балалар өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайларды атап

беріңдер?Өсімдіктердің бір-бірінен ерекшелігі неде? Олар қандай жағдайларда

өмір суре алмайды.

Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс

жасайды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре

алмаймын – сары. 3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере

аламын – жасыл.__

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі