400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бөлме өсімдіктерін өсіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Бөлме өсімдіктердің түрлерін анықтау. Қажетті құра-жабдықтар:Қалам, дәптер, бөлме өсімдіктер түрлері. Жұмыс барысы: Бөлмедегі гүлдердің орналасуына назар аудару. Берілген кестеге бөлме өсімдіктердің атауын жаз. № Гүлдері әсем өсімдіктер Лианалар Ампельдік өсімдіктер Эпифиттер Суккуленттер 1
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктер.

Мақсаты:Бөлме өсімдіктердің түрлерін анықтау.

Қажетті құра-жабдықтар:Қалам, дәптер, бөлме өсімдіктер түрлері.

Жұмыс барысы:

Бөлмедегі гүлдердің орналасуына назар аудару.

Берілген кестеге бөлме өсімдіктердің атауын жаз.

Гүлдері әсем өсімдіктер

Лианалар

Ампельдік өсімдіктер

Эпифиттер

Суккуленттер

1
































Сабақты бекіту.Топпен жұмыс: 5топқа бөлменің суреті беріледі.

Өсімдіктерді дұрыс берілген (парақта) бөлмеде дұрыс орналастыру.

Үйге тапсырма. Бөлме өсімдіктердің түрлерін терең оқып келу.

7. Қорытынды

Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.



















Сабақтың тақырыбы: «Жайылымдық өсімдіктер»

Сабақтың мақсаты: Жайылымдық өсімдіктердің түрлері мен атаулары туралы білім беру

Білімдік мәні: жайылымдық өсімдіктердің азықтық маңызы туралы білімдерін толықтыру, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.

Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету

Тәрбиелік мәні: экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу, экономикалық білім беру

Көрнекілік құралдар: Жайылымдық өсімдіктер суреттері, слаидтар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2. Жаңа сабақ.

А. Қызығушылықты ояту:

Халқымыздың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттеріндегі» «Жер түгі» деп аталатын небәрі 54 жолдық өлеңінде 30 түрлі ағаш, 60-қа жуық шөп пен қурай, бәрі 90 түрлі өсімдік атаулары кездеседі. Мәселен, ақынның мына өлеңіне көңіл аударайық:

Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.

Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.

Мың тамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.

Бұл өлең жолдарында қандай өсімдіктер туралы айтылған?

(Бұл өлең жолдарында дала, шалғын, орман, тау бөктерлерінде өсетін өсімдіктер туралы айтылған)

Б. Мағынаны тану:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жайылымдық өсімдіктер қалай аталады?»

- Ұлы даланың алқабында алуан түрлі өсімдіктер кездеседі. Көпшілігіміз оларды күнде көріп жүрсек те: «Мына маңайға шөп қалың шығыпты. Шаруа адамына жақсы болған екен. Береке мен ырысқа толып тұрғанын қарашы!»,- деп кете береміз. Далалық өсімдіктердің аттарын, табиғи қасиеттерін жете білу мал шаруашылығында түрлі қызметтер атқаратын, ондағы игілік көздерін шығарумен шұғылданатын адамдар үшін аса қажет ұғым. Өсімдіктердің қалыптасқан атаулары олардың шығатын мекенін, тұқым шашатын кезеңін, малазықтық қасиеті мен түр-түсін белгілейді. Осы мақсатта біршама шөп аттары мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, табиғи қасиеттерін қарастырайық.

Қазақстанның өсімдік дүниесі ұлттық текті, сананы қалыптастыруға да зор әсер етеді. Әр түрлі аумақтарымызда өсетін арша, жүзгін, шыралжың, изен, басқа да мал азықтық өсімдіктердің қоректік қуаты мол, құрамында каротин мен протеиннің мөлшері жоғары. Мысалы, құмды өңірде өсетін жүзгін сәуірдің соңында аппақ гүлін ашып, желегі төгіліп тұрады. Сол кезде оны жылқыдан басқа түліктер сүйсіне қорек етеді. Тобылғы мен жүзгін жапондардың атақты сакурасына ұқсайтынын, қазақ пен жапон халықтарының ДНК-сында айырмашылықтың аз екендігін ғылым мен технологияның алдыңғы шебіне шыққан бұл елдің ғалымдары дәлелдеп те үлгерді.

Еліміздің оңтүстігіндегі шөл және шөлейт алқаптарында изен, жусан, сексеуіл секілді қазір сиреп бара жатқан өсімдіктер әлі де көп кездеседі. Батыс Қазақстан өңірінің жайылымдарында мия, бозғанақ, бұйырғын, тобылғы, жусан үш түрлі: боз жусан, қоңыр жусан, жер жусан, көкпек, жантақ, тұзжапырақ, ажырық, доңыз, күңшаш, қоңырбас, ақселеу, арпақан, кәріқыз, түйежапырақ, бәйшешек, қияқ, бидайық, қамыс, ұшқат, тораңғы, алабота, шоңайна, итсигек, шытыр, буылдырық, бақбақ, бүлдірген, тұңғиық, қоға, ши, жалбыз, қазоты, бетеге, есекмия, меңдуана, шыралжың, қымыздық, атқұлақ, райхан, ақеркек, майқара, ебелек, жуа, қызылша, баялыш, теріскен, қараған, күйреуік, итмұрын, жыңғыл, ошаған, жиде, жоңышқа, таспа жоңышқа, шырмауық, терек, шілік, қараөлең, сексеуіл, жүзгін, боз тал, құба тал, қайың ағаштарымен бірге, қоянсүйек, сарсалма, таспа боз, изен секілді төрт түлік мал сүйсініп жайылатын өсімдіктер ұшырасады.

Өсімдік дүниесіне ақындар да ынтығып, жыр арнаған. Сахара төскейінде жұпар иісі аңқып жайнаған гүлдер мен желкілдеген жапырақтар азық-түліктік ресурстар болумен қатар, сұлулық пен пәктіктің бірыңғай бейнесіндей елестейді ғой…

Шығармашылық тапсырма: І. Жансүгіровтың өлеңіндегі өсімдіктердің белгілі түрлеріне сипаттама жасау.

В. Рефлексия. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша жұмыс:

Егістік жердегі шоқ қайыңның маңызын түсіндіріңдер.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі