Бөлшектерді пішу 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлшектерді пішу 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлшектерді пішу 8 сынып көркем еңбек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көркем еңбек

Мектеп: № 201 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Гүлдана

Сынып: 8 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Бөлшектерді пішу.

Бөлшектерді өңдеу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

8.3.3.1-Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • иықты бұйымды тігуге арналған матаны пішу ережелерімен танысады;

  • тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;

  • иық бұйымы бөлшегін пішуді орындайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин.

Денсаулық сақтау «Түсті терапия» технологиясы.

Ұйымдастыру кезеңі, дайындықтарын тексеру

(С) «Миға шабуыл» сынып екі топқа бөлініп, конверттегі сөздерді біріктіріп, сабақтың тақырыбын табады.

Оқушылармен бірлесіп оқу мақсаттарын және сабақ мақсаттарын аңықтау, тапсырмалар және жетістік критерийлерімен танысу.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


15 мин







15 мин


  1. Миға шабуыл

Оқушылар өз пішімінің сызбаларын қарастырады және мұғалімнің матадан бөлшектерді қалай пішіп алуға болады? деген сұрағына топта бір-біріне жауап береді. Жұмыстан соң оқушылар топ ішінде осы сұрақ төңірегінде ойларын айтады.

  1. Шығармашылық жұмыс. Мата мен бөлшектерді пішуге дайындау.

1- кезең.Матаның бойлық жіп бағытын, өңі мен теріс бетін, сурет бағытын анықтау.

Оқушыларға матаның өңі жағын анықтау қажет. Мата әдетте рулонда екі бүктеліп оралады. Жүн маталардың өңі жағы ішіне қаратылып, ал жібек маталардың өңі сыртына қаратылыпоралады. Матаның жиегіндегі тесіктер матаның теріс жағынан өңі жағына бағытталған. (Барлық тоқыма ақаулары әдетте матаның теріс бетінен көрінеді). Егер матаның суреті болса, оның суреттерінің қай бағытта – бір жағына немесе әртүрлі жаққа орналасқанын қарау қажет. Жайылма кезінде бұйым бөлшектерінің барлығында суреттің бір бағытта орналасуын ескеру қажет.

2- кезең. Матаның ақауын анықтау.

Оқушылар матаның ақауын тексеруі қажет. Матаның өңі бетінде:

  • артық талшықтың;

  • қысқа жуан жіптің;

  • бойлық немесе арқау жібінің біреуінің немесе бірнешеуінің болмауы;

  • түрлі реңктіктің;

  • мата бояуында ақаудың болмауы тиіс.

  • Барлықтабылған ақауларды пішу кезінде ескеру үшін, матаның теріс жағынан бормен, арнайы маркер немесе қарындаш, сабынмен белгілеуге болады.

  • 3 кезең.

  • Кейінгі қысқарудың алдын алу үшін матаны декатирлеу қажет.

  • Ылғалды-жылумен өңдеу (үтіктеу), жуу кезінде кейбір маталар отырады (қысқарады). Соның алдын алу үшін,матаны пішу алдында декатирлеу (ылғалды-жылумен өңдеу) қажет. Матаны созбай, бойлық жіп бағытымен үтіктеу қажет. Бойлық жіп мата жиегінің бойымен бағытталған.Пішімді бойлық жіп бағытымен орналастыру керек.

    1. кезең. Оқушылар матаны үтіктеулері қажет.

  1. 5 кезең. Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеу, суреттерін теңестіре отырып, түйреу, сонан соң – бұрыштық арқылы көлденең мата қиығын тегістеу.

  1. Жаңа ақпарат. Мұғалім көрсетілімі.

  1. Матаға пішім бөлшектерін орналастыру (жайылма)

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады. Мұғалім матада пішім жайылмасының қалай және қандай реттілікпен орындалатынын немесе жайылма кезеңі бейнеленген көрнекі суреттерді көрсетеді.

Пішімді матаға орналастыру келесі реттілікпен орындалады.

Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеп, бұрыштық арқылы (пішім жайылмасы кезінде бөлшектерінің қиғаштануы болмауы үшін) көлденең мата қиығын тегістейміз.Жайылма туралап қойылған жиегінен басталады, алдымен үлкен бөлшектерді, сонан соң ұсақтарын орналастырамыз. Лекало бөлшектерін үнемді орналастыру керек. Бойлық жіп бағытын ескере отырып, матаға пішім бөлшектерін орналастырамыз.

  1. Суреті бір бағыттағы матаға пішім бір бағытта орналастырылуы керек.

  2. Егер матаның суреті үлкен болса, суретінің оң жағы мен сол жағы симметриялы болуы тиіс. Кезекпен пішімнің әрбір бөлігін матаға түйрегішпен түйрейміз.

  3. Пішім контурын бормен айналдыра сызып шығамыз – бұл сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Пішілетін сызық бойы мен бақылау нүктелері жіңішке ұшталған бормен немесе жұмсақ қарындашпен жүргізіледі.

Сонан соң қосымша енін қалдыра отырып, пішім контурын тағы айналдыра сызамыз. Матаны екінші, қосымша сызық бойымен пішеміз.Жіберілген қателікті түзету үшін, матаны пішуді орындау, бұйым бөлшектерін қию алдында міндетті түрде өзін-өзі немесе өзара бақылау жүргізу қажет.

  1. Пішім сызықтарын көшіру тәсілдері.

Ақпараттық мәтінмен жұмыс

  • Белгіні бір бетінен екінші бетіне қандай тәсілмен көшіруге болады?

  • Ол үшін қандай құралдар қажет?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар топта өздігімен жаңа ақпаратпен танысуы қажет, соңынан оны сыныптастарына айтады:

Пішім бөлшектерін контур сызықтарын, конструктивті сызықтарын көшіру және пішім бөлшектерін әртүрлі тәсілдермен маркировкалау арқылыөңдеуге дайындау. Контур сызықтарын (бүйір, иық, етек, қолтық ойындысы, мойын ойындысы), конструктивті сызықтар (бүкпе, алдыңғы бойдың орта сызығы және т.б.) жоғарғы бөлшекте белгілеп, екінші қабатына көшіріледі, яғни жұп бөлшекке немесе симметриялық жағына.

  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолдану;

  • түйреуіш қолдану;

  • түзу инешаншым арқылы;

  • көшіру инешаншымы арқылы;

  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолданып: кереғар түсті көшірме қағазды пішіммен бірге салып, пішім жиегінің бойыменкескіш-дөңгелекшемен жүргізіп шығады. Түзу сызықтар сызғышпен жүргізіледі, бақылау нүктелері қысқа штрихпен белгіленеді;

  • түйрегішті қолданып: пішімнің контур сызығы бойымен жоғарғы бөлшекті түйрегішпен екі қабатын қоса түйреп, төменгі бөлшекте бормен белгіленеді, сонан соң сызық жүргізіледі. Бұл тәсіл жұқа материалдарға жарамайды;

  • түзу инешаншым арқылы: сызық жүргізгеннен кейін пішім бөлшектерін ажыратып, матаның өңі жағынан көрінетіндей конструктивті сызықтармен, түзу инешаншымдармен көшіріледі;

  • көшіру инешаншымы арқылы: жоғарғы бөлшектің контур сызығы бойымен көшіру инешаншымы жүргізіледі, сонан соң бөлшектерді ашып, жіптерін қияды.

  1. Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар иықты бұйым бөлшектерін пішу тәсілін таңдайды және оны өздігімен немесе командамен орындайды.

  1. Өтілген (оқыған) материалды бекіту.

 (Ауызша немесе жазбаша, карточка бойынша)

Сұрақтар:

  • Матаны пішуге дайындауға қандайоперациялар кіреді?

  • Матаны пішу кезінде ақаулары қалай ескеріледі?

  • «Декатирлеу» дегеніміз не?

  • Өз моделіңнің пішім бөлшектерін атаңдар.

  • Симметриялық жағына сызықтар қандай тәсілдермен көшіріледі?

  • Пішім бөлшектеріне орта сызығы не үшін жүргізіледі?

  • Пішім түйрегіштермен неліктен түйреледі?

  1. Бағалау

Өзіндік бағалау:Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.


Дискриптор

- матаны пішу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Электронды презентация 3слайд

Пішім сызбасы

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Пішуге арналған мата.

Жеңі тұтаспішілген иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo

Матамен жұмысқа арналған бор, арнайы маркер немесеқарындаш.

Үтік, үтіктеу тақтасы

Қажеттілігіне қарай –матадағы пішім жайылмасы кезеңдері бойынша бейнеленген көрнекі суреттер.

Мата, көшіргі қағаз, ағылшын түйрегіштері, бор, сабын.Қарындаштар, маркерлер, кескіш- дөңгелекше.

Сұрақтар жазылған карточкалар

Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты? Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.08.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі