Болып қалшы жақсы адам.
Кім біледі, ертеңіңде барсың ба?
Кең дүниені пейіліңмен тарсынба.
Қалай ұрпақ бабам батыр деп айтады,
Құлап қала берер болсаң әр сынға.
Тұрмай-ақ қой надан менен сөзге кеп,
Сонда олардан айырмаңыз өзгерек.
Қараңғы емес, аспандағы күн болшы,
Жылытатын шуағымен тез бөлеп.
Саған өткел, әрбір асу, әр тас, қыр,
Құрақ көрпе сынды өмірді құрастыр.
Шаршап кетсең, бір демалып ал-дағы,
Әр қарай, әрі қарай жалғастыр.
Жылу күтпе, демеу күтпе басқадан,
Айта берсін ауыздары ақсаған.
Өзгеге емес, өзің үшін бастысы,
Болып қалшы, болып қалшы жақсы адам.
Максут Ұлданай
*48 Саңырау шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Түркістан облысы
Келес ауданы
Саңырау ауылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Болып қалшы жақсы адам
Болып қалшы жақсы адам.
Кім біледі, ертеңіңде барсың ба?
Кең дүниені пейіліңмен тарсынба.
Қалай ұрпақ бабам батыр деп айтады,
Құлап қала берер болсаң әр сынға.
Тұрмай-ақ қой надан менен сөзге кеп,
Сонда олардан айырмаңыз өзгерек.
Қараңғы емес, аспандағы күн болшы,
Жылытатын шуағымен тез бөлеп.
Саған өткел, әрбір асу, әр тас, қыр,
Құрақ көрпе сынды өмірді құрастыр.
Шаршап кетсең, бір демалып ал-дағы,
Әр қарай, әрі қарай жалғастыр.
Жылу күтпе, демеу күтпе басқадан,
Айта берсін ауыздары ақсаған.
Өзгеге емес, өзің үшін бастысы,
Болып қалшы, болып қалшы жақсы адам.
Максут Ұлданай
*48 Саңырау шағын жинақты жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Түркістан облысы
Келес ауданы
Саңырау ауылы
шағым қалдыра аласыз


