«Бояулар әлемі» атты сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бояулар әлемі» атты сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс

Бастауыш сынып мұғалімі: Илияхын Дарина

Тақырыбы: «Бояулар әлемі» атты сайысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.

Дамытушылық: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес

Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, құрастырма суреттер, суреттер.

Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 3 сынып оқушылары арасындағы «Бояулар әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Портрет»

ІІ топ «Пейзаж»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.





«Портрет» тобы:

Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.

«Пейзаж» тобы:

Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

3 а-сынып. Топ мүшелері: ____________________

3 б -сынып. Топ мүшелері: ____________________

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

  2. «Мен сурет саламын»

  3. « Айырмашылығын тап»

  4. «Бенелеу өнерінің жанр түрін тап»

  5. Жұмбақ шешу.

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

І КЕЗЕҢ. «САН СҰРАҚҚА САЯХАТ» СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРУ

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:



Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

Суға тез еритін бояу. (Акварель)

Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

Аспан мен жердің қиылысатын сызығын қалай атаймыз? (көкжиек сызығы)

Су , теңіз жануарлар әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)

Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

2 КЕЗЕҢ «Мен сурет саламын»

Өздерінің топ атаулары бойынша берілген жанр түрін салу.

І топ «Портрет»

ІІ топ «Пейзаж»

3 КЕЗЕҢ. «Айырмашылығын тап»

Топбасшыларына тапсырма. «Айырмашылығын тап»

Екі топбасшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.

4 КЕЗЕҢ. «Бейнелеу өнерінің жанр түрін тап»

Интерактивті тақтаның көмегімен бейнелеу өнерінің жанр түрлерін көрсету. Топ басшылар алдында тұрған жасыл түсті көтеріп, жауап беу. (бірінші көтерген адам бірінші жауап береді. Әр суретке 2 ұпай)

5 КЕЗЕҢ. Жұмбақ шешу.

Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.

Мен арамын, арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)



Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)



Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

Сан ойлантады, сан мұңайтады,

Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап)



Үйір-үйір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (түйе)



Кері байланыс «Тазалық» әдісі

Сайысты қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2020
1429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі