Материалдар / "Бояулар құпиясы" шебер-сыныбы

"Бояулар құпиясы" шебер-сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада бейнелеу өнерінен өткізілген шебер-сынып Мақсаты: Шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: - Эстетикалық талғамға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу; - Көркемдік қабілеттерін, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту; - Саусақ моторикасын жақсарту; - Арт-терапия әдістерімен таныстыру; - Қиялды дамыту, әдемілікке баулу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Абай облысы, Семей қаласы, №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Белгибаева Нургуль Сапаргалыевна


«Айдария» мектепалды тобында ұйымдастырылған шебер-сыныптың жоспары


Тақырыбы: «Бояулар құпиясы»


Өтетін күні: 17 сәуір, 2024 жыл

Өтетін орны: Балабақша мәжіліс залы

Мақсаты: Шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • Эстетикалық талғамға, әсемдікті көре білуге ​​тәрбиелеу;

  • Көркемдік қабілеттерін, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту;

  • Саусақ моторикасын жақсарту;

  • Арт-терапия әдістерімен таныстыру;

  • Қиялды дамыту, әдемілікке баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Проектор, ноутбук, суреттер, көрнекіліктер, сурет салуға арналған жабдықтар, балаларға арналған фартук, бас киім.

Әдіс-тәсілдер: Амандасу, көрсету, түсіндіру, ғажайып сәт, сергіту сәті, рефлексия, қорытынды.


Шебер-сыныптың барысы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ.

Педагог:

  • Балалар, бүгін біздің ашық оқу қызметімізге қонақтар келді. Қане, барлығымыз бір қатарға тұрып, қонақтармен барлығымыз бірге амандасайық:

  • Қайырлы күн, құрметті қонақтар!


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Ғажайып сәт. Почта арқылы хаттар (тапсырмалар) келеді.

Педагог: - Балалар, бізге суретші Дара өзінің әр түрлі сурет салу әдістерін жіберіпті. Қане, олай болса ашып көрейік.

Педагог: - Балалар, тапсырмаларды ашпас бұрын, мен сендерді топқа бөліп алғым келеді.


ТОПҚА БӨЛУ ӘДІСІ. («Түрлі-түсті банкалар»)


Педагог: - Олай болса, балалар, Дара суретшіміздің бірінші сурет салу әдісімен танысып көрейік.

1 топқа сурет салу әдісі – «Целофанмен сурет салу» әдісі

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ бет, целофан, акварель бояулар, қылқаламдар, су құюға арналған ыдыстар, сүлгі.

2 топқа сурет салу әдісі – «Ниткография» әдісі

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ бет, жіптер, пва желім, акварель бояулар, қылқаламдар, су құюға арналған ыдыстар, сүлгі.


САУСАҚ ЖАТТЫҒУЫ.


Педагог көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сурет салу барысында рефлексиялық әуен қосып қою.


Педагог: - Тамаша балалар, әдемі суреттер шықты. Олай болса, Дара суретшіміздің келесі сурет салу әдісімен танысайық. Сурет салу әдісі «Арт терапия» деп аталады.

1 топқа сурет салу әдісі – «Шыныға сурет салу» әдісі

Қажетті құрал-жабдықтар: шыны, дайын сурет үлгісі, акварель бояулар, қылқаламдар, су құюға арналған ыдыстар, сүлгі.

1 топқа сурет салу әдісі – «Тасқа сурет салу» әдісі

Қажетті құрал-жабдықтар: тастар, дайын сурет үлгісі, акварель бояулар, қылқаламдар, су құюға арналған ыдыстар, сүлгі.

Педагог көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сурет салу барысында рефлексиялық әуен қосып қою.


СЕРГІТУ СӘТІ (Әуен қосылады)


Педагог: - Тамаша! Жарайсыңдар, балалар! Өте қызықты әдістер екен.

Педагог: - Балалар, Дара суретшіміз тағы да сурет салудың бір әдісін жіберіпті. Қандай екенін көрейік.


Сурет салу әдісі: «Көлеңкелі сурет салу» әдісі

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ беттер, түрлі-түсті қарындаштар, әр түрлі атрибут заттар (мысалы: гүлдер, жануарлар т.б.), жарық беруші зат, (проектор немесе фонарь).

Педагог көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сурет салу барысында рефлексиялық әуен қосып қою.


Педагог: - Жақсы балалар! Барлығымыз суреттерді көрмеге қояйық.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

  • Балалар, айтыңдаршы, бізге тапсырмаларды қандай суретші жіберді?

  • Бүгін шебер-сынып барысында сурет салудың қандай әдістерімен таныстық?

  • Арт-терапия сурет салу әдісіне қандай әдістер жатады?

  • Балалар, сендерге бүгінгі шебер-сынып ұнады ма?


Балаларды мадақтау, марапаттау, сыйлық беру.

Бүгінгі біздің шебер-сыныбымыз аяқталды, барлығымыз бірге қонақтармен қоштасайық: Сау болыңыздар!



ЖИ арқылы жасау
24 Сәуір 2024
502
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі