Материалдар / Break циклін басқару 8-сынып. 3-тоқсан

Break циклін басқару 8-сынып. 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Break циклін басқару тақырыбында өтілген ашық сабақ. 3-тоқсан, 8-сынып
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді ____________



Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №33 Б.Момышұлы атындағы жом кмм

Python тілінде алгоритмдерді программалау

Күні: 6.02.2025ж Мұғалімнің аты-жөні: Аширова Л.Б.

Сынып: 8 «Б» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

4.5 Break циклін басқару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue, break, else)

Сабақтың мақсаты

Break ұғымы мен қызметін анықтау. Break нұсқаулығының орындалуын талдау, қолдану. Break нұсқаулығын қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

/уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру

Кезеңі

7 минут

Сәлемдесу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі


Асық арқылы бағалау

Презентация

Видео проектор

Таратпа материалдар

Қызығушы- лықты ояту. Өткен сабақты пысықтау.




Миға шабуыл


Оқушыларға топтық жұмыс орындату.








«Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырып, проблеманы бірге шешу.

Оқушылар топтық жұмыс орындайды:

Сontinue нұсқаулығының қызметі қандай?

Сontinue нұсқаулығын программа құруда пайдалану қандай қажеттіліктен туындаған?

  1. Сontinue нұсқаулығын қолдануға мысалдар келтіріңдер.

Оқушылар берілген сұрақтар туралы пікірлерін еркін жеткізеді:

  • Күнделікті өмірде жүріп жатқан белгілі бір циклдік процесті бірден тоқтата салуға бола ма? Қандай мысалдар келтіруге болады?

  • Программа орындалу кезінде тиісті нәтижеге жеткеннен соң цикл жұмысын тоқтату үшін не істеу керек?

bilimclass.kz

ҚБ











Әр дұрыс жауап

1 балл


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану


11 минут



Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы ақпаратты оқушылармен бірге талдайды.

Диск материалы арқылы таныстырылым жасайды.

1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім көмектеседі.

Вreak пен сontinue нұсқаулықтарының графикалық блок-схемасына және олар қолданылған программа кодтарына талдау жасаңдар.

Нұсқаулықтардың графикалық блок-схемаларын программамен салыстырыңдар. Блок- схемада тағы да басқаша қалай құруға болады?

Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады. Визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды.

Мақсаты: аудиал мен визуал оқушылардың білім алуына жағдай жасау.


1-тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

Дескриптор

  • Вreak циклінің коды мен блок-схемасын анықтайды;

  • Сontinue циклінің блок- схемасы мен программа кодын анықтайды;

  • Вreak пен Сontinue циклдерінің жұмысын салыстырады.


Ауызша мадақтау, ынталан- дыру


Асық арқылы ҚБ




3 балл




Информати

-ка 8- сынып оқулығы

10 минут



Жеке жұмыс


2-тапсырма көлемі үлкен тапсырма.

Алдымен мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетінше орындайды.

1)N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасында нөл болса, цикл жұмысын тоқтатып «Error», әйтпесе санның өзін кері қарай экранға шығаратын программа құрастыр.

N=int(input('N=')) p=0

for i in range(): x=int(input('')) if x == 0:

p=i; break

print('index=',p)


2)Латын әріптері мен «,» үтірі бар S жол берілген. Осы жолдағы

үтірге дейінгі әріптер мен олардың санын экранға шығаратын алгоритмнің блок-схемасын және программасын құрастыр.

s=0

for i in range(11, 21): s=s+i%10

if s>15:

break print(s)

  1. тапсырманы мұғалімнің нұсқауымен өз беттерінше орындайды.



Дескрипторлар:

    • Берілген санды енгізу кодын анықтайды;

    • Санның арасында кездесетін нөл санын анықтау кодын жазады;

    • Break циклін қолданады;

    • Программа кодын тексереді.







Дескрипторлар:

  • S жолындағы үтірге дейінгі әріптерді анықтау кодын жазады;

  • Әріптердің санын анықтау кодын жазады.










4 балл












2 балл












Компьютер

Оқулық python программасы















Жұптық жұмыс

3)N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасындағы ең кішісін табатын блок-схеманы құрастыр. Есептің программа кодын жаз.

n = int(input())

while n!= 0:

if (n<min) and (n%3==0) :

min = n

print("min = ", min)


3-тапсырманы өз беттерінше орындайды.

Жоғарыда берілген мысалдағы тапсырманың толық блок- схемасын құрып, ұсыныңдар.

-Вreak пен сontinue нұсқаулықтарын қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

3-тапсырма шығармашылық тапсырма. Өз бетінше орындауын қадағалайды.

Дескриптор

  • Натурал санды енгізу кодын жазады;

  • Санның цифрларының кішісін анықтау кодын жазады;

  • Программа кодын компьютерде тексереді.




3 балл













Компьютер

оқулық

python программасы

Сабақтың соңы

8 минут

Ой толғаныс Жаңа сабақты бекіту

Сабақты бекіту сұрақтары

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

  1. Вreak нұсқаулығы цикл жұмысына қалай әсер етеді?

  2. for i in range(1,10): if i ==4 : break циклы неше рет жұмыс істейді?

  3. Вreak-ті циклде шартсыз қолдансақ, қандай нәтиже аламыз?

Әр дұрыс жауап

1 балл

Интерактив тітақта sabaq.kz/ka hoot- арқылы- тест- құрастыру

Кері байланыс


«Таңдау» әдісі. Оқушыларға бес пікір жазылған парақ беріледі.

4. Циклде бірнеше break нұсқаулығын қолдануға бола ма? Себебін түсіндір.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады.




Үй тапсырмасы: §4.5, 98 беттегі үй тапсырмасын орындау










4.5 Break циклін басқару

Тапсырма

1- есеп *

N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасында нөл болса, цикл жұмысын тоқтатып, «Error» сөзін, әйтпесе санның өзін кері қарай экранға шығаратын про грамма құр.

Мысалы

Нәтиже

570256

Error

4589

9854

Егер тапсырманы break операторы арқылы шешу керек болса, онда циклді қолдану қажет болады. Цикл әрбір цифрды тексеріп, егер нөл (0) табылса, онда break операторы арқылы циклды тоқтатып, "Error" сөзін шығарамыз. Егер нөл табылмаса, санның цифрларын кері ретпен шығарамыз.

Міне, break операторы қолданылған бағдарлама:

N = input() # Пайдаланушыдан N санын енгізу

for d in N: # Цикл арқылы әр цифрды тексеру

if d == '0':

print("Error")

break

else:

print(N[::-1]) # Егер цикл толық аяқталса (яғни, нөл табылмаса), санның кері тәртібін шығару


Түсініктеме:

  1. for digit in N: — Бұл цикл санның әрбір цифрын жеке тексереді.

  2. if digit == '0': — Егер цифр нөл болса, циклды тоқтатып, "Error" шығарамыз.

  3. break — Бұл оператор циклды тоқтатады, егер нөл табылса.

  4. else: — Егер цикл толығымен аяқталса (яғни, нөл табылмаса), онда санның цифрларын кері ретімен шығарамыз. Бұл үшін [::-1] әдісін қолданамыз.







2- есеп ** Латын әріптерімен «,» үтірі бар S жол берілген. Осы жолдағы үтірге дейінгі әріптер мен олардың санын экранға шығаратын алгоритмнің блок-схемасын және программасын құр.

Мысалы

Нәтиже

Alma, almurt

Alma

4

S = input()

s = "" # Үтірге дейінгі бөлікті сақтау үшін айнымалы

count = 0 # Әріптер санын есептеу үшін айнымалы

for char in S: # Жолды біртіндеп қарап шығамыз

if char == ',':

break # Үтір кездессе, циклды тоқтатамыз

s += char # Әріпті s-ке қосамыз

count += 1 # Әріптің санын арттырамыз

print(s) # Нәтижені шығару

print(count)

3 – есеп ** 98-бет

N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасындағы ең кішісін табатын блоксхема құр. Есептің программа кодын жаз.

Мысалы

Нәтиже

78856954

4

N = input("Натурал санды енгізіңіз: ")

min_d = int(N[0]) # Алғашқы цифрды ең кіші цифр деп қабылдаймыз

for d in N:

if int(d) < min_d:

min_d = int(d)

print(min_d)





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі